Димашты тіл көзден сақтасын!

Жаңалықтар
2785

Осы бір, қаптап кеткен арзан-қол шоу-програмдарды негізге алып - "кезінде Димашты біздің Ел керек қылмады" деп, əсіресе өз мемлекетіміздің бетіне баса берудің мүлдем қажеті жоқ! Себебі, олар жай ғана шоу! Димашты өз елінде елемеді емес - тіпті өте биік, жоғары бағалады. Себебі, Димаш, өз еліндегі басты марапатын - Гран-Приді, сонау 2012 жылы Қазақстандағы бүгінде аты аңызға айналған Халықаралық "Азия Дауысы" фестивалінен қалған "Жас қанат" республикалық жас əншілер конкурсында жеңіп алған болатын!!! 

Онда тек Майталман əншілер мен (тіпті, тікелей мағынасында данышпан) композиторлар төрелік еткен. Жəне де олар əділеттілікті сақтап Димашқа сол жылы Гран-Приді бергізді де! Ал көпшілік сол жылдары қайда болды? Димашты танып керік қылмай, деген сұрақ қайдан туындайды? 

Димаштың сол жылдары ғажайып дауысының тембріне тəнті болып - "түбі осы əнші əлемге сенсация жасайды" дегенімде - ол кім, танымаймыз дейтіндер көп болған. Ол кез "қызыл өріктердің" концерт залдарын толтыратын заманы еді ғой. 

Ал жалпы келер болсақ, тіпті сол шоу-програмда Димашқа айтылған сын-пікірлерде тұрған ештеңе жоқ, көбісі орынды болды, тек ол сынды нақ осындай таланттарға кішкене сыпайы айтып үйренсе (үркітіп алмай) - себебі ол қаптап жүрген арзан-қол "əншісымақ" емес, һас талант қой! Жалпы сол жылдары сахнадан мəдениет этикасы кетіп бара жатқан кез еді ғой! Əуесқойлар сахнаға шығып, халықтын тандау талғамын арзан-қол "дүниелермен" насихаттап, білдіртпей түсіріп те жіберді. 

Алайда, сол жылдары сахнасы нағыз музыка емес, əуесқой-əлеуметтік өнермен бағаланған елден, Димашқа шетелдің Əлем сахналарын бағындыруға тура келді (нарықтың арқасында). Өз майталмандарын жат елден биік дəрежемен оралағаннан кейін ғана мойындайтын, барын бағалай алмайтын - құлдық санадан айырылатын мезгіл жетті, ағайын! 

Димашты тіл көзден сақтасын! Ісіміз оң болсын!

Ғалым Сакенұлы


Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...