Коронавирусқа шалдыққан Том Хэнкс жанкүйерлеріне үндеу жасады

Жаңалықтар
1728

Әйгілі актер Том Хэнкс коронавирусқа шалдыққаннан кейін алғаш рет жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ол жұбайымен бірге вирусты айналасындағы адамдарға жұқтырмау үшін карантинде жатқанын мәлім етті. Айтуынша, австарлиялық дәрігерлер оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсеуде. Актер әлеуметтік желіде өз оқырмандарын мамандардың кеңесіне құлақ асуға, бір-біріне қамқорлық көрсетуге және әлемді жайлаған індетке қатысты дұрыс көзқарас сақтауға шақырды.

"Естеріңізде болсын, ағымдағы барлық оқиғаларға қарамастан, бейсболда жылауға болмайды", – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Голливуд актері Том Хэнкс пен оның жұбайы Рита Уилсонның Австралияда жүргенде коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Тексеріс нәтижесінде сынама оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы Хэнкс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Актер барлық процедуралар мен ұсыныстарға сүйене отырып, COVID-19 инфекциясының белгілері жойылғанға дейін сыртқы ортадан оқшауланып, толық емделуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...

Жаңалықтар

Елордада 18 мамыр күні Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жоспарланған концерт ұйымдастырушыл...