Илья Ильин әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Жаңалықтар
2560

Таиландтың Паттайя қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында Илья Ильин жүлдесіз қалды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Фото kaznews.kzАталған біріншілікте бүгін 96 келі салмақта Илья Ильин сынға түсті. Алайда ол әлем чемпионатын бар болғаны 13-ші орынмен аяқтады. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша (168+195) 363 келіні бағындырды. 

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында осыған дейін 55 келі салмақта қазақстандық Игорь Сон күміс жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ, ерлер арасынан Арли Чонтей (55), Нижат Рахимов, Айдар Қазов (81) пен Денис Ұланов (89) сынға түсіп барлығы жүлделі орындарға қол жеткізе алмады. Ал әйелдерден бақ сынаған Зульфия Чиншанло (55) төртінші орынға ие болса, Екатерина Быкова (71) жетінші орынмен әлем біріншілігін аяқтады. Енді, Қазақстан құрамасы сапынан 26 қыркүйекте соңғы болып жарыс алаңына Ибрагим Берсанов (109 келі) шығады.

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...