“Мен қанша қарғыс естідім”: Жанель Мақажан сұхбат берді

Фото: Видеодан алынған скриншот

Жаңалықтар
65

Жанель Мақажан “Айтарым бар” YouTube арнасында сұхбат берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Актриса, блогер Жанель Мақажан араға 14 жыл салып бала босанудың қиыншылығын айтты.

“Қатты қиналмадым. Бірақ айырмашылық болады екен. 14 жылдан кейін босандым ғой қызымды. Көп нәрсені ұмытып қалыппын. Бірақ қазір дамыған заман ғой. Бәрін интернеттен көріп аламын немесе құрбыларымнан сұраймын”, - дейді актриса.

Жанель Мақажан босанғаннан кейін күйзеліске түскенін жасырмады. Бірақ оны күйзелістен күйеуі алып шыққан. Ол күйеуінің арнайы уақыт бөлетінін айтты.  Ер азаматын кездестірмей жатып, актриса қандай жігіт керек екенін тізіп жазған екен. Кейін ол қасиеттерге қарап, өзіндегі кемшіліктерді жойған. Актриса өзімен жұмыс істеп бастағанда, өмірлік жары да кездескенін мәлімдеді.

“Мен қаншама сөз естідім. “Бұл кәрі әйел”, “бұзылған әйел”, “ол дуалап алған” деген әңгімелер болды. Біздің қоғамда ер адам әйелін шынайы сүйіп, жақсы көрсе ол дуалап алған деп ойлайды”, - дейді актриса. 

Жаңалықтар

2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады, деп хабарлайды madeniportal.kz...

Жаңалықтар

Елімізде Даун синдромын жүктіліктің 10-шы аптасында анықтауға болады. Бұрын бала бойындағы ауытқулар...