Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
582

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанына назар аударды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

 Президент мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында патриотизм ұғымына жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарап, заңды құрметтеу арқылы егемендігімізді және тәуелсіздігімізді қорғау ұлты мен дініне қарамастан әрбір отандасымыздың міндеті екенін айтты. 

Мемлекет басшысы отандық журналистер осынау аса маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға толайым табыс пен бақ-береке тіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал продюсер Жан Мұқанов сегізінші рет әке атанды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Өнер иесі қуа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Әділ Сламхан ауруханада жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Өнер иесіне ота жасалған...