Баян Алагөзова бұрынғы күйеуінің жаңа некесі туралы қауесеттерге пікір білдірді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
180

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желілерде бұрынғы жұбайы Бақытбек Есентаевтың жеке өміріне қатысты тараған қауесеттерге пікір білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Талқылауға себеп болған — Есентаевтың жас серігімен бірге түскен фотосының таралуы. Бұл сурет оның жаңа некесі туралы болжамдардың көбеюіне әкелген. Qazaq Ordasy-ға берген сұхбатында медиадива олардың ортақ балаларының әкесімен қарым-қатынасына кедергі келтірмейтінін және бұл мәселені аса маңызды деп санайтынын атап өтті. Оның айтуынша, қыздары Есентаевпен байланыста болып, онымен еркін араласа алады.

«Мен ешқашан оларға әкесімен сөйлесуге тыйым салған емеспін. Мұндай қарым-қатынасты шектеу — үлкен ақымақтық. Мен әрқашан оларға: оны жақсы көріп, құрметтеңдер — ол сендердің әкелерің деймін», – деді ол.

Продюсердің айтуынша, қыздарының бірі тараған фотоға өзі назар аударып, ақпаратты нақтылау үшін ата-анасымен байланысқа шыққан. Әңгіме барысында, Алагөзованың сөзінше, талқылауға себеп болған сурет бірнеше жыл бұрын бір тойда түсірілгені және қазіргі жағдайға қатысы жоқ екені анықталған. Ол сондай-ақ бұрынғы жұбайының жаңа некесі туралы қауесеттерді жоққа шығарып, желіде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

Сонымен қатар Баян Алагөзова бұрынғы жұбайына шын жүректен бақыт тілейтінін жеткізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Әділ Сламхан ауруханада жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Өнер иесіне ота жасалған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда Наурызбай аудандық полиция басқармасында қызмет атқарған бұрынғы тергеуші 14 қылмысты тірке...