Танымал продюсер Жан Мұқанов сегізінші рет әке атанды (ФОТО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
400

Танымал продюсер Жан Мұқанов сегізінші рет әке атанды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жаңа туған сәбиімен түскен суретін жариялаған. Ол жазбасында отбасына үлкен бақыт келгенін атап өтті.

Продюсердің айтуынша, қазіргі таңда жары мен нәрестенің жағдайы жақсы. Сонымен қатар ол уақыт өте келе ер адамның нағыз құндылығы атақта емес, артында қалдыратын ізінде екенін түсінгенін жеткізген.

«Мен сегізінші рет әке атандым. Аллаға шүкір, анасы мен сәбиінің жағдайы жақсы. Жыл өткен сайын түсінемін – ер адамның шынайы күші мәртебесінде емес, артында қалдыратын ізінде. Қош келдің, ұлым. 01.04», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері продюсерді жарыса құттықтап, жылы лебіздерін жаудырған.

«Тамаша жаңалық! Алла өмір берсін», «Бауы берік болсын, ақ Жәке! Денсаулығы мықты, саналы болып өссін», «Қандай керемет қуаныш!», – деп жазды оқырмандар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...