Ақын қыздың жырына пікір

ӘДЕБИЕТ
3206

Ақындық жолы – ауыр жол. Ақын болу деген – ана сүтінің уызына жарып өскен әр қазақтың ыңғай-икеміне келе беретін қара өлеңнің ұйқасын құрау емес. Бұл өлшемге салсаңыз – екі қазақтың бірі – ақын. Ал, шын ақын болу, ақындық ғұмырмен өмір сүру – қай заманда да оңай болмаған. 

Ақын боп өмір кешiру оңай деймісің, қарағым, 

Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның, -

деп Төлеген Айбергенов бекер айтпаған болар. Қоғам жүрегінің дүрсілін, бойындағы лыпылын, алпыс екі тарамның өзіне тән соғысын тап басып жіліктер тамыршының шеберлігі ғой, нағыз ақынның күйі. Осы қалып-күйді қапысыз игеріп, жүректен өткізіп жыр жаза білген ақын – ақын, ал ақпаратты сырлап-қырлап, дәмдеп-тұздап ұсына білген ақын – өлеңші. Қазақ әдебиетінің қалың оқырманы біздер өлең өлкесіне ат ізін салып, жыр жазумен айналысып жүрген әрбір жас талапты жоғарыда айтқанымыздай, АҚЫН болып қалыптасса екен дейміз. Осындай жас ақынның бірі – Таңсәуле Әгенқызы. Қазіргі күні барша жаңалықтарға қоса, үлкенді-кішілі қаламгерлеріміздің әдеби өнімдерін, әсіресе сиясы кеппеген (қазіргі жағдайға саяр болсақ «пернетақтадағы саусақтың табы суып үлгермеген») өлеңдерін көбінесе әлеуметтік желілерден оқып, пікір білдіріп, лүпіл басып жатамыз. Бұл – өнімді өндірушіден тұтынушыға жедел ұсыну қағидаты. Құптарлық. Алайда сол ұсынған өнімнің сапасы қалай? Бұл – екінші, әрі ең негізгі мәселе. Осы тұрғыдан да алып қарайтын болсақ, жас ақын Таңсәуленің өлеңдеріне де мақтау мен сынды қатар айтуға болар сөзсіз.

Таңсәуленің өлең жазу машығына едәуір төселген ақын екендігі анық аңғарылады. Өлеңдерінің тақырыбы да сан алуан. Тіпті науқандық тақырыптарға да қалам тартудан кетәрі еместігін де бағамдаймыз. Бірақ, ақын нені жазса да еркін жазады.


Базарынан тарқап кеткен өмірдің,

Жылу іздеп сенделемін кештерде.

Сен бе деймін маңдайымнан сипаған,

Туған жердің самал желі ескенде.


Әр ақын өзінің өмірін өлеңіне арқау етеді ғой. Осыған саятын болсақ, ақын қыздың ана туралы өлеңдерінен сағыныштың сарыны қабыздап, жеке өмірінің мұңлы тұсынан хабар беріп тұрғандай.


Өшпейді екен жүрекке сол түскен дақ,

Ем бола алмас уақытта, ешбірі,

Кірпік қақсам күлімсіреп тұрады,

Анашымның соңғы көрген кескіні...


Таңсәуленің «Ақ маңдайда ай сағымы ұялап» атты өлеңі – жүрекке жылы. Қазақтың хас сұлуының әсем келбеті арқау болған өлеңде арудың сымбаты мен мінез қалпы қатар өруге талпынады:


Жасыл жаздың самалындай лебі,

Бала қайың, майысады білегі.

Сүйгеніне шын берілген – жүрегі,

Қараша үйдің амандығы – тілегі.


Әйгілі «Сүйемін» өлеңі арқылы ұлы Мағжан қарапайым тілмен-ақ мөлдірете салған қарапайым қазақ әйелінің қарапайым да шынайы бейнесін Таңсәуле өз сезімінің қылқаламымен салуға тырысқанын көреміз. Ақын өлеңдерінде жылт еткен жағымды тұстары, өзіндік өрімдерге қоса, кей-кейде жалаң дидактика, ойды айтар ойды жеткізудегі шашыраңқылық, тіпті мағынасыздық та ұшырасып жататындығын айтқан жөн. Мысалы, күз туралы мына бір өлеңді алайықшы:

Күрең күз жақын қырындай берді,

Аңсарым тауып тың мекен.

Бұзылмас ойды бұрымдай өрді,

Сары күз сыйлар мұң ба екен?

«Күздің қырындауы» - бұл қалай болғаны? «Бұзылмас ойды бұрымдай өрген» кім? Яғни, төрт тармақ төрт түрлі ақпаратқа құрылған және оқырманға ешқандай әсерлік, мазмұндық ассоциация бермейді. Мұндай шашыраңқылыққа жол беруге болмайды, әрине. Жалпы «Күзгі жыр» өлеңін қайта қарау керек болар, авторға. Бұл оқырмандық ойымыз – өлең авторының кемшілігін қазып, мінеу емес, сынау арқылы шыңдау болмақ. Жалпы, үлкенді-кішілі қайсы ақындар болмасын, өзара шынайы сын, сырт көзден сыни пікір қат болған мына заманда әлеуметтік желілердегі лүпіл мен ойсыз мақтауларға көп үйір бола бермегені жөн бе дейміз. Орынды-орынсыз мақтау мен мақтан – шығармашылық адамын өшірмесе, өсіргенін естіп білмеппіз. «Жаманды жақсы десең көркейер, жақсыны жаман десең жалпаяр» деген де бар, әрине. Орнымен мақтап, орнымен сын айтып, орнымен сынды көтере жүріп мақтана да білейік десек артық болмас. 

Ал Таңсәуле ақынға поэзия жолындағы қадамың нық, қаламың қарымды болсын! Биіктерді бағындыруға деген алып ұшқан көңіліңнің оты сөнбесін, өр рухың еркін самғасын деп тілейміз.

Асылбек Байтанұлы, әдебиеттанушы,

ҚР Ақпарат саласының үздігі



Еміп едім анашымның ақ сүтін,

Енді бүгін дәмі зәрдей у ішем.

Ә.Ы


Таулар әне жоғалтпаған қалыбын,

Өзенде сол сыңғыры мен ағады,

Бес Тәңірдің етегінде боз жусан,

Менің сонау асылымдай бағалы.


Өңіріңде өстім сайран сап жүріп,

Асқар таудай болушы еді алда үміт,

Алақаның жұмсақ еді ау-анашым,

Қойды ау өмір жамалыңа зар қылып.


Өтті күндер, өсті ұланың ес кіріп ,

Жетелейді сол баяғы ескі үміт,

Бірақ жаным жасыл жазда жаурайды,

Жұмағының жоғалғанын кеш біліп.


Базарынан тарқап кеткен өмірдің,

Жылу іздеп сенделемін кештерде,

Сен бе деймін маңдайымнан сипаған,

Туған жердің самал желі ескенде.


Өшпейді екен жүрекке сол түскен дақ,

Ем бола алмас уақытта, ешбірі,

Кірпік қақсам күлімсіреп тұрады,

Анашымның соңғы көрген кескіні...


*** 

Хабар күтіп өзіңнен елеңдеумен,

Дүрсілдейді жүрегім елең кеудем,

Ақша бұлттан ақ сәлем жолдашы бір,

Құтылайын сезімнен, төмендеуден.


Хабарсызсың жүрегің тастан ба еді

Іздесеңші күн шығыс жақтан мені

Жанарыма ақ сәуле қондырайын,

Көңілімнің сен едің ақтаңгері...


Қара көзге жас тұнып қара басқан,

Неге сонша түнеріп барады аспан,

Сені маған тумастан сыңар еткен -

Бұйырмаған бағымсың бала жастан.


Жел қанат құс-«Жетісу»


                 («Жетісу» газетінің 100 жылдығынаарнадым) 


Арқауетіпсерпілісімді,

Танытыпелгекеңтынысымды.

Құсниқаламым, желкенпарағың,

Алатау, сеніеркінұшырды.


Жауғанда нұрын ғайыптың бұлты,

Басыңнантұманайықтыұлтым! 

КүтедісеніАлтайдыңелі,

ОқидысеніЖайықтыңжұрты! 


Өргесүйрепөзгешеөнерін,

Ойы көсем, сөзгешеберім.

Байрағы биік азат Отаным, 

Бар маеді, сененөзгесенерім.


Елімнің даңқын бағалау үшін, 

Парақтадым да саралапішін.

Жетісудаңқынәлемгежайған,

Ақшабұлтқанат-шағалақұсым. 


Асқардыңбиіктөсіндетүле,

Жақсылықты осы есімгетіле! 

Толқысакөлің «Жетісуменен»,

Естиді сенен Есілмен, Іле.


Арнаңасеніңғасырларжалғас,

Жалқыдаусыңанжаңғырыпжартас,

Туласаөзен, мұңайсакөлің,

ЕстидісененКаспийменБалқаш! 


Биіксамғадыңжырақтықарап,

Тегеуірінсөзің, қуаттықанат.

Арайлапатқанақтаңменбірге,

«Жетісу» кеттішуақпентарап.


Хабарын елдің таратқаныңда, 

Сәлемін байлап қанаттарыңа. 

Іледенұшқанаққулардыңбір,

Үнісіңгенпарақтарыңа.


Бақытынжырлапбағзымекеннің,

Басымдыиіп, тағзыметемін.

Желқанатқұсым, желкенайдыным,

Алашқааян, жалғызекенің! 


Жазирамекенырысәртасы,

Өзіңдекөктегенғұмыраршасы

Жетіөзенніңжаршысыөзің, 

Алатауымныңкүмісалқасы.


Ақ маңдайда ай сағымы ұялап...


Күмістелген күмбір-күмбір сырғасы,

Күміс сырға ғасырлардың сырласы.

Бәйшешектей Алаштың ай аруы,

Сәмбі талдай сұңғақ біткен тұлғасы.


Ары, жаны тау суындай тұнығы,

Жанарында күн көзінің жылуы.

Сонау сағым ғасырлардың кербезі,

Қасың қандай, хас Түркінің сұлуы. 


Сүмбіл шашы иығына асылып, 

Қос шолпысы ақ тамағын жасырып. 

Ақ маңдайда ай сағымы ұялап, 

Кірпігінен таң шуағы шашылып. 


Жасыл жаздың самалындай лебі,

Бала қайың, майысады білегі.

Сүйгеніне шын берілген – жүрегі,

Қараша үйдің амандығы – тілегі.


Ақ далада ат жалында жарысып, 

Тал бастаудатағдырыментанысып. 

КөкТүріктіңкүндейкүлгенаруы, 

Бара жатырзамандарментабысып. 


Сақ, түркініңсамалдидараруы, 

Жасынжігержүректердіңдәруі. 

Ел басына күн туғанда сел кешіп,

Ай семсері қолына алған қаруы. 


Асыл ару батырларғатеңкеліп. 

Ай қабағыкелбетінеөңберіп, 

Қазаққызықырмызыгүлсекілді, 

Сар даланыңсамалыментербеліп. 


Маңдайыңнанырыс бағыңарылмас,

Алашқызысендей ару табылмас.

Инабаты ерлігіне тең келген, 

Қалықтай бер, шарықтай бер қарлығаш. 


Аңсар


Мұң торлап менің ойлы жанарымды,

Күз келді күреңітіп дала мұңлы. 

Қоштасып сені аңсадым, сені іздедім,

Сен бе едің, арман құсым бала күнгі....


Сол бақты араладым ізің қалған,

Бір көру маған сенің жүзіңді арман.

Сол күні мақпал кеште қоштасқанда,

Жаз кетіп сеніменен күзім қалған.


Білмеймін, менің сол бір бағым қайда?

Сезімім  дегеніңе бағынбайды ә?.

Жасыл орман ішінде сары жапырақ,

Мен гүлдейтін сенімен шағым қайда?


Сен келгенде шынымен таңым нұрлы,

Сезім мені өзіңе табындырды.

Білесіңбе, жолыққансәттенбастап,

Сеніңбейнеңмыңесесағындырды...


Күзгі жыр


Күреңкүз жақынқырындайберді

Аңсарым тауып тыңмекен.

Бұзылмас ойды бұрымдай өрді, 

Сары күз сыйлар мұң ба екен?. 


Таппай бір келем көңілдің кілтін,

Сезімге кім бар күймеген?.

Бақыты шығар өмірдің мүмкін, 

Өзгені құлай сүй деген...


Көкірекке шер қойдым ба байлап,

Көнбескеқоймаскөзкөсем.

Жүректе сезім отым тұр жайнап, 

Амал не жаным, төздесең...


Құстары күздің тізіліп ұшты, 

Тамылжып тамызөткенмен.

Жапырақжасымүзіліптүсті, 

Табысармаекем,

Көктеммен?...


Мен жүзетінайдыным ба едің, 

Жүректе жанғаншоқшығар,

Аласармайтынайбынымменің,

Өзіңненбиік жоқ – Шынар!


Рух жаңғырығы


Рухымды оятқанда ұран үн. 

Ұраннан үннен сезгендеймін қыран үн.

Сол қыранның өрлігінен үндескен,

Менің байтақ ұлы далам, тұрағым. 


Күн кірпігі жалқын нұрға боялып,

Бой- жігер, адымы-нық, ойы-анық.

Қанатының суылынан қыранның,

Өр рухым, от жігерім оянып. 


Құласамда биіктерден құладым, 

Тұрсам қайта  шың басында тұрамын. 

Мені әркез алға қарай бастайтын,

Қанымдағы рух атты бір ағын.



Менің тауым – асқарлардың асқары,

Менің суым – бар тұнықтың бастауы.

Менің рухым – барлығынан ең биік,

Менің жырым – ерлік рух дастаны! 


Күлдір-күлдір кісінеген күлігім,

Күлігіммен түгенделер түлігім.

Санамдағы рухани жаңғырық,

Мен өрліктің жырмен үндес тілімін! 



Ауылды аңсау


Ақ бас шыңнан басталған айна бұлақ,

Ақ моншағын шашады сайдан құлап.

Зәмзәм суын татсам да таңдайыма,

Тамшысындай дәл сенің қайда, бірақ?


Жалбызды қыр,қоңыр бел, аршалы бет,

Барар  болсаң тұсынан, ән салып өт.

Менен сәлем айта бар,Саржайлауға,

Самал соққан сар белді аңсады деп.


Біздің ауыл мекені Талдыбұлақ,

Асып,тасып ағады жарды құлдап.

Жәудір көзі мөлдіреп жан бауырым,

Мен кетерде ауылында қалды жылап.


Қайран қамсыз бала кез қырда қалған,

Қозы жайып, тай мініп, суға барған.

Туған жердің осылай аңсағанда,

Сәлем жолдап отырмын тырналардан. 


Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...