Ақтөбеде тарихи-өлкетану музейінің құрылысы қолға алынды

Жаңалықтар
1268

Мейірімді меценат музей құрылысына қомақты қаржы қосты.

Ақтөбенің жаңа шағынауданында аумағы 4 мың шаршы метр болатын тарихи-өлкетану музейі салынып жатыр. Қазір ғимараттың ішін әрлеу және залдарды көркемдеу жұмыстары басталды. Батыс аймақта баламасы жоқ мәдениет нысаны күзде пайдалануға беріледі. 

Бұрынғы ескі музейдің ғимаратына сыймай талай жыл қоймада сақталған құнды жәдігерлер енді жарыққа шығарылатын болды. Одан бөлек тұрғындардан түрлі акциялар арқылы тарихи бұйымдар қабылданады. 

Жаңадан салынған музейде 11 зал болады. Әрқайсысы әр кезеңге арналады. Төменгі қабатта көрме залы орналасады. Ескі музейдегі 103 мың жәдігерді осында тасып жатыр. Заманауи ғимаратта құнды заттар ұзақ сақталуы үшін бар жағдай жасалған. Ылғал мен температура бірқалыпты болады. Мысалы, табиғат залы 9 бөліктен тұрады. 

Майра Буханова, табиғат залының меңгерушісі:

 - Заттарды алып келіп түгендеп жатырмыз. Енді бұлардың бәрін рет-ретімен орналастыруымыз керек. Өзінің хронологиясы бойынша. Әзірге мына залдың қажетті диорамаларын жасақтап, орнатып болды. Іріктеу жұмыстары жұріп жатыр. Не қоямыз, қай жерде не болады деген сияқты.

Жаңа музейді салуға жұмсалған қаржының жартысын отандық компанияны басқарып отырған кәсіпкер берген. Меценат бұған дейін ауданда балабақша салып, оны мемлекеттің меншігіне тапсырған еді. Осы «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің өзегіне айналуы тиіс» деп Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтқан еді. Ендеше өңірден шыққан кәсіпкердің мәдениетті қолдауы көпке үлгі. Музей құрылысына 635 млн теңге жұмсалды. 

Арман Ержанов, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары:

 - Оның 50-ге жуық пайызын меценат Исламбек Салжанов есімді азамат беріп отыр. Бұл мәдени ортаның ашылуына демеушілік көрсетуі мемлекет және жеке кәсіпкерлік негізінде жүзеге асып келе жатыр. Бұл жобаның жүзеге асуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан.

Жалпы, облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі жәдігерлерді жылына 85 мың адам тамашалайды. Оның ішінде қалаға сапарлап келетін шетелдік қонақтар бар. Өңір тарихымен танысқысы келетін оқушылар да музейге жиі келеді. 

Авторлары: 

Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев
 

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...