Өз жетістіктерімен ерекшеленген, балалар қозғалысының көшбасшылары және батыр балалармен кездесуде о...
Журналистік этика. Фактчекинг пен манипуляция тақырыбында өткен дөңгелек үстелдің қорытындысы
Әділ сөз
690
Цифрлық технологиялар дамып, ақпараттың жылдам таралуы қарқын алған кезде этикалық стандарттарды сақтау тек қажеттілік емес, сонымен қатар қоғамның медиа саласына деген сенімін арттырумен қатар, медиа саласы мамандарының кәсібилігін сақтаудың да маңызды құралына айналды. «Қазақстан Медиа Альянсы» ҚБ және «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры айқындық пен ашықтық саясатына, сондай-ақ азаматтардың саяси және қоғамдық өмірге белсенді түрде атсалысуына оң ықпал ете отырып, журналистика мен сөз бостандығын дамытуды қолдайды. Бұл туралы «Қазақстан Медиа Альянсы» Қоғамдық бірлестігіне сілтеме жасай отырып, Мәдениет порталы хабарлайды.
5 маусымда Астанада «Журналистік этика. Фактчекинг және манипуляция» тақырыбында өткен іс-шарада журналистік этиканы сақтау және медиада фактчекинг жүргізуге қатысты саланың өзін-өзі реттеуі мәселелері қаралып, даулы тақырыптардағы журналистика, медиа өкілдерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ оқыту тренингтерін ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша іс-шара қатысушылары келесі ұсынымдарды әзірледі:
1. Медиадағы фактчекинг – жарияланатын ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етудің маңызды құралы. Осыған байланысты медиа ұйымдарда фактчекинг бөлімдерін құру және оны барынша дамыту, сондай-ақ фактілерді тексеруде озық технологияларды пайдалану маңызды.
2. Журналистер мен редакторлар жоғары этикалық стандарттарды ұстанып, қоғамға зиянын тигізуі мүмкін сенсация қуудан аулақ болуы керек.
3. Журналистер мен медиа саласының басқа да мамандарының фактчекинг, медиаэтика, даулы тақырыптардағы журналистика бойынша арнайы кәсіби тренингтерден өтуі және үнемі біліктілікті арттыруы аса маңызды
4. «Қазақстан Медиа Альянсы» ҚБ және «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры фактчекинг және журналистік этика дағдыларын жетілдіруге бағытталған қосымша білім беру бағдарламалары мен кәсіптік курстарды әзірлеуді және енгізуді қолдайды.
5. Технологиялардың қарқынды дамуына байланысты этикалық стандарттарды цифрлық орта мен әлеуметтік медиаға бейімдеу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты жасанды интеллект қолданысының кең таралуын ескере отырып, медиаэтика мәселесін талқылауды жалғастыру аса маңызды.
6. Қоғамдық институттар және азаматтардың пікірі мен олардың кері байланысын ескере отырып, медиа саласындағы ұйымдар, баспасөз қызметтері қоғамдық институттар және азаматтармен тиімді өзара әрекеттестік орнатуы аса маңызды.
7. Қазақстандық медиа сала өкілдері арасындағы даулы жағдайлар БАҚ имиджіне теріс әсер ететіні сөзсіз. Осыған байланысты «Қазақстан Медиа Альянсы» ҚБ алаңында медиация механизмдерінің ықтимал тетіктері қаралды.