Байзақ баба кесенесі киелі орындар тізіміне енді

РУХАНИЯТ
1814

Әулиеата өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі – Байзақ батыр кесенесі «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы бойынша 100 нысанының тізіміне енді.

Байзақ Мәмбетұлы – еліміздің оңтүстік өңірінде Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушы батыр ретінде тарихтан белгілі. Бүгінде тарихи нысанға инфрақұрылым тартылып, туристік аймаққа айналдыру бағытында жұмыстар қолға алынып жатыр. Кәсіпкерлердің демеушілігімен кесенеге баратын жол салынып, кеспе тастар төселген. Сонымен қатар кесене маңын жарықтандырып, айналасын қоршау жұмыстары да жүргізілді. Байзақ баба кесенесін жөндеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Келесі жылы жеміс ағаштарын отырғызып, келген қонақтарға демалу орындарын салу жоспарда бар. 

Сайлау Наурызбаев, қайырымдылық қор жетекшісі: 

- Ең үлкен туристік бағдарламаның төңірегінде де үлкен жұмыс жасалынып жатыр. Ел отыратын бір көлеңкелі шатыр орнатсақ деген ойымыз бар, асфальт болса деген, мына жердег декоративті талдар егілсе, бастағаннан кейін осы елдің арқасында соны бітіреміз деген ойымыз бар.

 

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...

Жаңалықтар

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы тұрғындар жаңа үйдің құрылысына сын тақты, деп хабарлайды mad...