Димаш Құдайберген жаңа әнінің бейнебаяны жарық көрді (видео)

Сурет: Бенебаяннан үзінді

Жаңалықтар
570

Димаш Құдайбергеннің ағылшын тілінде шыққан жаңа әніне түсірілген бейнебаянынан үзіндіні көрсетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Өнер иесі өз жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті.

"Менің "Smoke" атты жаңа туындым бұдан былай барлық музыкалық платформаларда қолжетімді. Естеріңізде болса, мен бұл әнді алғаш рет Гонконгтағы жеке концертімде орындаған болатынмын. Бұл ән тыңдарманның жылы лебізіне де ие болып үлгерген еді. Осы орайда достарым Кэндис Келли мен Дмитро Гордонға аталмыш туындыны жасауға үлес қосқандары үшін ерекше алғыс айтқым келеді.

Ән сіздердің көңілдеріңізден шықты деген үміттеміз! Жақында Будапешт пен Стамбулда өтетін жеке концерттерімде кездескенше!", - деп жазды әнші.

Сондай-ақ әнге түсірілген бенебаянның үзіндісін өз тыңдармандарына ұсынды.

"Құрметті достар! Жаңа Smoke әніме бейнебаянның шығуына орай біз жақсы көңіл-күй үшін бейнебаянның бір бөлігін көрсетуді ұйғардық. Бұл сіздерді жалықтырып алмайды деп сенемін. Жақында Будапештте және Стамбулда көрісеміз. Жаңа әнді концертте тыңдағыңыз келе ме? Сіздермен кездесетін сәтті күтемін" - деп жазды әртіс.

 

ӘДЕБИЕТ

Өткендегі, жұртшылық назарына түскен, кең көлемді, жан-жақты сұхбатымызда: қазақ əдебиет сыны бүгінг...

Жаңалықтар

Құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамның денесін шығарды. Оның екеуі бала. Бұл туралы madeniporta...