Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Тал...
Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры
1999 ж. Астанаға келген ерлі-зайыпты Еркебұлан және Қадиша Ағымбаевтар Астана қаласы мемлекеттік филармониясы жанынан «Наз» халықтық би ансамблінің іргетасын қалады. 2007 жылдың 1-наурызынан бастап қала әкімдігінің шешімімен «Наз» мемлекеттік би театры болып өз алдына бөлек шаңырақ құрды.
Театрдың директоры – Сраилов Сұлтан Оңғарұлы.
Театр директорының орынбасары – Серікбаева Дамет Қайроллақызы.
«Наз» мемлекеттік би театрының көркемдік жетекшісі, бас балетмейстері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Ағымбаева Қадиша Ермекбайқызы.
Қазіргі уақытта театр тұрақты жұмыс істеп, репертуары күннен- күнге ұлғайып, қанатын кеңге жаюда. Қазақы бай репертуарларымен қатар, дүниежүзі халықтарының да билері жеткілікті. Ұжымның репертуарында 60-тан аса хореографиялық қойылымдар, оның ішінде 30-дан астам қазақ билері мен көптеген әлем халықтарының билері сахнада қойылған.
«Наз» мемлекеттік би театрының қоржынында тек қана жеке концерттік қойылымдар ғана емес, жеке би спектакльдері де бар. Атап айтсақ, «Тұйғындар» би спектаклі, испан халқының фламенго нақышында қойылған «Балеро» би спектаклі, жасөспірімдерге арналған «Ақ пен Қара» би спектаклі және де КСРО «Халық әртісі», «Халық қаһарманы», күйші, композитор Нұрғиса Тілендиевтің ұлы музыкалық шығармаларын негізге ала отырып, хореография тілімен қойылған «Нұрғиса» би спектаклі және т.б.
«Наз» би театры Республика бойынша өтетін барлық мәдени-бұқаралық, мерекелік концерттердің және шет елдерде өтетін ауқымды шаралар мен сайыстардың, байқаулар мен фестивальдердің белсенді қатысушысы ғана емес, сонымен қатар, Түркия, Мәскеу, Қытай, Оңтүстік Корея, Болгария, Греция, Катар, Бельгия, Голландия, Франция, Араб мемлекеттерінде ұлттық би өнерін насихаттап, қазақ биінің сұлулығы мен сымбатын тамсандыра көрсетіп, тұғырын биікке көтеріп келе жатқан ұжым.
Осының айғағы, театрдың қоржынына түсіп, еншісіне айналған жүлделері:
- 2001 ж. II Республикалық Ш.Жиенқұлова атындағы қазақ би конкурсының лауреаты (Орал қаласы);
- 2001 ж. IV Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің бас жүлдегері;
- 2002 ж. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты;
- 2003 ж. Театр басшылары Новосибирскте (Ресей) өткен II халықаралық хореографтар конкурсының лауреаттары.
- 2004 ж. Қытайда театр «Алтын мүсін» иегері атанды;
- 2006 ж. Театрдың бас балетмейстері Ағымбаева Қадиша Ермекбаевнаға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.
- 2006 ж. Халықаралық «Қосалқа» халық би фестивалінің дипломымен марапатталды;
- 2007 ж. «Наз» мемлекеттік би театры Халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің дипломымен марапатталды;
- 2008 ж. «Worldfestival Parad Brunssum» фестивалінің сертификатымен марапатталды Голландия, Еуропа;
- 2008 ж. Интернационалдық фольклорлі фестивалінің дипломымен марапатталды – «Warffum» (Нидерланды);
- 2011 ж. VII қысқы Азия ойындарына ат салысып, қатысқаны үшін И.Н.Тасмағамбетовтің «Алғыс хатымен» марапатталды.
- 2012 ж. «Астана 2012 – түркі әлемінің мәдени астанасы» атты мерекелік іс-шараға қатысқаны үшін Тюрскойдың бас хатшысы Д.Касеиновтың алғыс хатымен марапатталды.
- 2012 ж. «Наз» мемлекеттік би театры «Уфа – бірлік пен достастық қаласы» атты фестиваліне қатысқаны үшін, Уфа қаласының қалалық округі әкімшілігінің мәдениет басқармасының бастығы И.Р.Мамбетовтың алғыс хатымен марапатталды.
- 2013 ж. Театр артисі Тұрсынова Айнагүл Бахытқызы «Мәдениет саласының үздігі» атағын алды.
- 2013 ж. Театр артисі Умашева Аяжан Молдағалиқызы «Мәдениет саласының үздігі» атағын алды.
- 2014 ж. Қадиша Ермекбайқызының жетекшілігімен «Наз» мемлекеттік би театрына Түркия, Қытай, Армения, Башкирия елдерінен өз ісінің білгір балетмейстерлері келіп, алуан-түрлі билер қойды.
- 2015 ж. маусым айында «Наз» мемлекеттік би театры 15 жылдық мерейтойын салтанатты концертпен атап өтті;
- «Наз» мемлекеттік би театры 2015-2016 жылдары Түркия, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Бразилия елдеріне гастрольдік іс-сапарға шықты.
- 2016 ж. наурыздың 19-29 аралығында театр артистері «Тюрксой Халықаралық ұйымының» ұйымдастыруымен Түркия мемлекетінің Стамбул, Анкара, т.б. қалаларында өтіп жатқан «Навруз-байрамы»атты мерекелік іс-шарасына қатысты;
- 2016 ж. 3-6 шілде аралығында «Наз» мемлекеттік би театры «Биле, Астана» атты би фестивалін ұйымдастырып, өткізді.
Театрдың басты мақсаты мен бағыты: ұлттық фольклорды насихаттау, қазақ би өнерін биікке көтеру.