Назарларыңызға «Баспасөз қызметі» бөлімінің жетекшісі, Халықаралық «Алаш» әд...
Лондонда 241 театр бар, онда күн сайын 100 000-нан астам адам театрға барады
Кеше Ұлттық театрға барып #Topgirls деген қойылым көріп қайттық. Лондонда 241 театр бар, бұл күн сайын 100 000-нан астам адам театрға барады деген сөз. Олардың бір жылдық табысы 700-800 млн. фунт төңірегінде, бұл Лондон экономикасындағы маңызды сектордың бірі. (Театрдың барлық метро станцияларында жарнамаланатыны да содан болар).
Осы 241 театрдың екеуі ғана мемлекеттен қаржы алады, бірі Шекспирдің Globe театры болса, екіншісі осы The National Theatre. Жарқыл-жұрқыл мюзиклдар қаласында бұл драмалық қойылымдар көруге таптырмайтын жер. Және бір театр - бір қойылым дейтін антреприздік жүйемен жұмыс істейтін басқаларға қарағанда осы екі театрда бізге үйреншікті репертуар жүйесі бар.
Мемлекеттің қаржыландыруының арқасында бұлардың билеттері де (сәл) арзандау. Ең бастысы, The Arts Council-дан алатын қаржы білім беру бағдарламаларына жұмсалады. Ұлыбританиядағы кез келген мектеп олардың қойылымдарын өз сыныптарына тегін трансляциялай алады, бастауыш сынып оқушыларынан бастап әр жас ерекшеліктеріне сай шаралар ұйымдастырады, жас театралдарға, студенттерге курстар мен дәрістер өткізіледі, әйгілі режиссерлермен кездесулер мен talk-тар өз алдына. Қысқасы, бұл театрлар мұратымыз - өнер (не табыс) қана емес, білім беру, өнерге қызығушылықты арттыру, келесі ұрпақ театралдарды тәрбиелеу дейді.
Ал британ драматургі Кэрил Черчилдің TopGirls-і 80-ші жылдары жазылғанымен аса актуальді. Театр әлемінде (тек қана) әйел адам(дар)ға жазылатын шығармалар аз ғой. Біздің саxналарға аударып қоюға болатын дүние екен деп қалдым. #thenationaltheatre #театр
Әсия Бағдәулетқызының Фейзбук парақшасынан алынды