АҢҚЫМА АҚЫН ЖҰПАРЫ

ӘДЕБИЕТ
1230

Біздің білуімізше, Тыныштықбек Әбдікәкімов қазақ поэзиясында өз әлемін, өзінің бөлек дүниесін жасаған ақын. Әрине, жақсы ақындар жетіп артылады. Өз үні, өз қолтаңбасы айқын тамаша ақындарымыздың көптігіне сүйінеміз. Бірақ осы ғажап, жақсы ақындардың ішінде де Тыныштықбектің шоқтығы биік екендігі,ақындық қуатының зорлығы тез аңғарылады. Осы пікірімізді ақынның "Алқоңыр дүние" жыр жинағы және бір айғақтай түскендей.
Осынау жыр кітабын оқи отырып Т. Әбдікәкімовтің жаңашылдығын баса айтамыз. Ақынның бұл жаңашылдығы қазақ өлеңінің мазмұнын, түрін неғұрлым биік дәрежеге көтеру орайындағы реформаторлыққа ұласқанын байқаймыз. Тыныштықбектің формалық, мазмұндық ізденістері оның тұтастай ақындық болмысын, бүкіл стилі мен өлең жазу мәнерін айқындайды. Бұл даралық оның ақындық әрі азаматтық мінез-машығымен, өмірлік ұстанымымен табиғи түрде сіңісіп кеткені де сондай ғанибет, сондай шынайы.
Мына жалпақ жаһанда Тыныштықбек ақын үшін елеусіз, ұсақ саналатын ештеңе жоқ. Ол үшін бәрі маңызды. Гүл өскіні, қыбырлаған құрт, ызыңдаған маса, жылт еткен сәуле - соның қай-қайсынан да аңқыған жұпар сезінеді, үлкен философиялық ой түйеді.Осы ретте Тыныштықбекше бар жан-тәнімен өртеніп сүйетін ақындар сирек дер едік. Тыныштықбек өлеңдері өмірді, елді, жерді, Отанды, туған xалқың мен ана тіліңді сүюдің эталон үлгісіндей болып көрінеді.Бұған "Алқоңыр дүние" жинағындағы әрбір өлең көрнекі һәм көрнекті мысал бола алады.
Ақынның әрбір өлеңі шынайы шабыттың күн қызулы қазанында балқытылып құйылғандай. Түр-пішіні өзгешелеу болғанымен, тынысы, ырғағы, мақамы қазақтың өзінің кәдімгі қара өлеңі. Мұқағали ағамыздың "Туады, туады әлі нағыз ақын" деген жыр жолын еске алған сайын мен Тыныштықбек ақын туралы ойлаймын. Мұқаң айтқан нағыз ақын, меніңше, осы Тыныштықбек болар. Қуатты өлең. Құнарлы өлең. Ағынан жарылып, "жүрегінің түбінде кір жасырмай" айтады. Оттай жанып, өртене жалындап айту Тыныштықбек сияқты нағыз дарындардың, Тәңірінің көзі түскен кереметтердің ғана қолынан келмек. Сондай дарын Тыныштықбек ақын. 
Сөзімізді түйіндей келе айтарымыз, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовтің "Алқоңыр дүние" жыр жинағы еліміздің ең жоғары Мемлекеттік сыйлығына әбден лайықты, кемел де кең өрісті дүние деп білеміз.
Тыныштықбек ақын туралы

author

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

АҚЫН

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...