Қазақстан халқы тілдері күніне орай іс-шаралар өтті

Жаңалықтар
1665

2018 жылғы 5 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында «Қазақконцерт» МКҰ-да Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.


Оған Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының көрнекті қоғам қайраткерлері, шығармашылық және зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. 

Мерекелік шарада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтау сөз сөйледі. 

Салтанатты мерекелік іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақстан» РТРК-ның ұйымдастыруымен өткізілген республикалық ақындар байқауы қатысушыларының «Елбасы және Елорда» өлеңдер жинағының тұсаукесері болып өтті. Бұл жоба талантты қазақ жастарын қолдауға бағытталды. 

Мерекеге орай Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамоталарын қауымдастықтардың көрнекті өкілдері, сондай-ақ жетекші сарапшыларына және сала мамандарына табыстады. 




madeniportal.kz


author

Марлен Ғилымхан

АҚЫН

Жаңалықтар

Халықаралық шай күніне арналған креативті видео әлеуметтік желілерде халықтың ризашылығына бөленуде....

Жаңалықтар

Семейде 33 жастағы әйелді көлікпен таптап кеткен, салдарынан ол қайтыс болды, деп хабарлайды madenip...