«ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫН СЫЙЛАДЫҢ СЕН МАҒАН» АТТЫ МҮШӘЙРА ӨТЕДІ

ӘДЕБИЕТ
5614

Қазақстан Жазушылар одағы аса көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мем­ле­кеттік сыйлықтың иегері Ғафу Қайыр­бе­ковтың туғанына 90 жыл толған мерейтойына орай «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты республикалық жабық жыр мүшәйрасын өткізеді.

Мүшәйраның мақсаты: Ұлт әдебиетіне өл­шеусіз үлес қосып, қазақ поэзиясын жаңа биік­ке көтерген Ғафу Қайырбековтың ақын­дық болмысы мен шығармашылығын наси­хат­тау, сол арқылы өскелең ұрпақты елі мен жерін сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу. 


Мүшәйраның шарттары:

Мүшәйраға кез келген ақын үш өлеңімен бүркеншік атпен қатыса алады. Бірінші өлең Ғафу Қайырбековке арналады. Екінші өлең ана туралы болуы шарт. Үшінші өлең еркін тақырыпта. Ақындардың жасына шек қойылмайды.

 Шығармалар Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) бүркеншік атпен жолдануы керек. Бірінші конвертке ақын ту­ралы толық мәліметтер (аты-жөні, мекен-жа­йы, байланыс телефоны) жазылып, сыр­тына бүр­кеншік аты белгіленіп, сол конверт өлең­дермен бірге екінші конвертке салынуы керек.

Бұрын жарияланған және талапқа сай кел­мей­тін шығармалар қа­былдан­байды. 

Шығармаларды бағала­ғанда: - өлеңдер­дің тақырыбының байқау мақсатына сәйкес­тігіне, шығарманың мазмұнына, көркемдік сапасына назар аударылады. 

Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасы жүлделерді бөліп беруге құқылы.

Шығармалар 2018 жылдың 10-қазанына дейін қабылданады.

Жүлде қоры:

Бас жүлде (біреу) – 500 000 (бес жүз мың) теңге.

І орын (біреу) – 300 000 (үш жүз мың) теңге.

ІІ орын (екеу) – 200 000 (екі жүз мың) теңге.

ІІІ орын (үшеу) – 100 000 (жүз мың) теңге.

Ынталандыру сыйлығы (бесеу) – 25000 (жиырма бес мың) теңге.

 Шығармалар төмендегі мекен-жайға жолдануы керек: Абылайхан көшесі, 105 үй, 52 кабинет.

author

Ғафу Қайырбеков

Шоу-бизнес

Алматылық блогер Дархан Жолшыбеков оқырманына зәулім үйін сыйға тартады, деп хабарлады madeniportal....

Жаңалықтар

24 қарашаға арналған валюта бағамы жарияланды, деп хабарлады madeniportal.kz. Ұлттық банктің дерегі...