Қазақстан Республикасы Дүниежүзі Қазақтарының қауымдастығы Алматы қалалық филиалы, «Отандастар...
ЗАҒИПТАР МЕН КӨЗІ НАШАР КӨРЕТІН АЗАМАТТАРДЫҢ АРНАУЛЫ КІТАПХАНАСЫ
Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы 1969 жылы Қазақ зағиптар қоғамының (ҚЗҚ) облыстық басқармасы жанынан құрылды.
Кітапхана зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтармен олардың отбасыларына, соқырлық пен нашар көретіндердің барлық мәселесімен айналысатын азаматтарға, ҚЗҚ мекемесі мен кәсіпорын жұмысшыларына, өзге де топтағы мүгедектер мен жақын орналасқан мектеп оқушылары мен мұғалімдерге, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Жұмысымыздың мақсаты - зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға басқа азаматтармен бірдей дәрежеде ақпаратты пайдалануға мүмкіндік беру.
Біздің міндетіміз: - барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, әрбір зағип пайдаланушыға өзіне тиімді құрал арқылы ақпарат беру. - қоғамда олардың әлеуметтік бейімделулеріне және интерграциялануларына ықпал ету.
Кітапхана қоры – 64119 дана Оның ішінде: бедер-нүктелі әдебиеттер - 14300 дыбысты әдебиеттер – 18227 тегіс басылған әдебиеттер – 31592
Оқырмандар саны – 1655 Келушілер саны – 24760 Кітап беру саны – 63800
Кітапхана қызметкерлері -11
Кітапханада көз мүгедектеріне қызмет көрсету ыңғайлы етіп құрылған. Олардың демалуына жағдай жасалған. Кітапхана қызметінің стационарлы (абонемент, оқу залы, фонотека), және стационардан тыс түрлері: кітапханалық пункттері (11), үйден оқитын абонемент, дауыстап оқу үйірмелері қызмет көрсетеді. Оқу залының жанынан оқушы-кітапханашы жұмыс істейді. Фонотека бөлімі жанынан тифломагнитафондарды жалға беру ұйымдастырылған. Зағип оқырмандар арасында «Брайлист» (БНШ кітаптарды оқитындарға арналған) және поэзия құмарлар үйірмесіне келушілер саны күннен күнге артып отыр. «Брайлист» үйірмесінде оқырмандар Брайль жүйесінде оқу мен жазуға, домбыра мен баянда ойнауға, компьютерлік білім алу үйренеді.