Елордада Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

КІТАПХАНА
9069

Нұр-Сұлтан қаласы, «EXPO» Халықаралық көрме орталығында 20-24 сәуір күндері «Eurasian Book Fair-2022» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Биыл бесінші рет өтетін аталмыш шараға көркем әдебиет, танымдық және танымал әдебиеттердің тұсаукесері, балалардың шығармашылық және дамуына арналған шеберлік сабақтары өтеді. 

Көрме-жәрмеңкеге «Фолиант», «Алматы Кітап», «Атамұра», «Мектеп», «Қазақ энциклопедиясы» сияқты Қазақстанның жетекші баспалары қатысады. Сондай-ақ көрме барысында кітаптарды баспа бағасы бойынша сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің мақсаты – кітап оқуды насихаттау, қатысушы елдердің әдеби мұрасын қолдау, оқырман мәдениетін қалыптастыру, әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің заманауи ассортиментін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну.

Сондай-ақ әлемдік кітап шығару және баспа индустриясының тәжірибесін зерделеу, әртүрлі халықтардың ұлттық әдебиеттерімен таныстыра отырып, байланыс орнату және баспа саласындағы жетістіктерді көрсету. 


ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі журналист Аслан Қаженов әлеуметтік желі қолданушылар шулатып қойды, деп хабарлады Мadeniport...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысының әкімі жайлы жайсыз ақпарат желіні шулатты. Өңірдегі мәслихаттың экс-депутат Ынта...