Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турн...
Ақын Бауыржан Қарағызұлы мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
Талантты ақын Бауыржан Қарағызұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Бауыржан Қарағызұлы 1982 жылы 17 қазанда дүниеге келген.
Қазақтың талантты ақыны, көптеген халықаралық, республикалық, әдеби конкурстардың жеңімпазы. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және ЮНЕСКО-ның қолдауымен өткен Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері. «Әлемге әйгілі Астана» атты жыр мүшәйрасының Гран-При иегері. Сейдолла Бәйтереков атындағы арнайы сыйлықты иеленген. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткен «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» атты І республикалық Мағжан өнер фестивалінің лауреаты. «Табысты қазақстандық - 2012» Ақмола облыстық жастар байқауында «Жас дарын» сыйлығының иегері. Ақын-импровизатор Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жыл толуына орай өткен әдеби байқаудың жеңімпазы. 2014 жылғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стипендиясының иегері.
«Жұмбақтасқа жауған күз», «Өң.Мен.Түс.», «Жүрек кітабы», «Топырақ демі» атты жыр-кітаптарының авторы. Республикалық «Алаш үні» газетінде тілші, елордалық «Астана» журналында тілшілер қосынының жетекшісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары; Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында «Кітап патшалығы» журналы бас редакторының орынбасары; Көкшетау қаласындағы «Ақпараттық кітапхана жүйесі» Мемлекеттік мекемесінде директор; «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» жетекшісі; «Мәдениет порталының» бас директоры; Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған Жас ақын-жазушылар кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарған.
Үйленген. Үш бала тәрбиелеп отырған әке.