Халықаралық турнир: Айбек Оралбай қарсыласын нокаутқа түсірді

Жаңалықтар
7943

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде ширек финалдық жекпе-жегін өткізді.

Иштван Бочкаиді еске алуға арналған жарыста 92 келіде Айбектің қарсыласы германиялық Александр Окафор болды. Қазақ боксшы бірінші раундта-ақ қарсыласын есеңгіретті, ал кейін ауыр нокаутқа түсірді. 

Айбек бұған дейінгі қарсыласы литвалық Симонас Урбонавичюсті де үш рет нокдаунға түсірген болатын. 

Бұған дейін жартылай финалға Дамир Әбдіқадыр (51 келі) мен Теміртас Жүсіпов (48 келі) жолдама иеледі.

Осылайша, ол Иштван Бочкай мемориалының жартылай финалына шығып, кемі қола жүлдеге ілініп отыр. 

Ал, Нұрбек Оралбай 80 (келі) 1/4 финалда украин боксшысы Александр Хижнякке есе жіберіп алды.

Айта кетейік, Айбек Оралбай 2022 жылғы Азия чемпионы және 2018 жылғы жастар арасындағы Олимпиаданың чемпионы.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...