Отандық киноға бөлінетін қаражат жеткіліксіз – А.Мұхамедиұлы

Жаңалықтар
1261

Халық арасында кеңінен танымал, алайда көп жағдайда комиссиядан өтпей жататын отандық әуесқой фильмдерді де қамтитын арнайы қор жасақтау қажет.

Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Палата төрағасы Нұрлан Нығматуллин осындай ұсыныс жасады. Ал қазақстандық кинематографияны дамыту туралы баяндама оқыған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, кино өндірісіне жыл сайын бөлінетін 7 млрд теңге көркем, деректі және анимациялық фильмдер түсіруге аздық етеді. Мәселен соңғы екі жылда «Алмас қылыш», «Томирис» сынды тарихи кинотуындыларға және екі мультфильмге жоғарыда аталған қаражаттың қомақты бөлігі жұмсалған. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

 - Жүйелі түрде анимацияның дамуына мүмкіншілік беруіміз керек. Бізде қазір «Қазақфильм» ішінде бірде бір анимациялық студия жоқ. Біздің мақсатымыз – «Қазақ анимация» деген жеке мемлекеттік компания ашуымыз керек. Сол кезде нақты жүйелі түрде болғанда біз қазақтың анимациясы жоғарғы деңгейге көтеріледі деп айта аламыз.

 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...