Қызылордада сексуалды құлдыққа ұшыраған оқушы қызға қатысты бопсалау ісі бойынша сот үкімі шыққаны...
Венецияның күтпеген жеңіскері
Он күн қатарынан киносүйер қауымның назарында болған 78-ші «Венеция» кинофестивалі өз мәресіне жетті. Франциядағы ливандық имигранттардың отбасында дүниеге келген сценарист, жазушы, режиссер Одри Диванның «Оқиға» («Событие») фильмі «Венеция» кинофестивалінің «Алтын арыстан» жүлдесіне ие болды.
Аталмыш фильм фестивальдің баспасөз рейтингінде ФИПРЕССИ сыншыларының назарына ілікпей, зор үміт күттірмеген. Өз кезегінде қазылар алқасы зорлық-зомбылық пен әділетсіздік тақырыбын арқалаған фильмдердің ішіндегі алпысыншы жылдардағы Франция туралы қатал, кейде таң қалдыратын натурализм драмасын таңдады. «Оскар» және «Алтын пальма бұтағы» иегері Пон Джун-хо басқаратын «Венеция» қазылар алқасының шешімі басқалай нәтиже күткен фестиваль қонақтары мен сыншыларды таңқалдырмай қоймады. Олай айтуға себеп, 2021 жылғы прокатқа жол тартып келе жатқан көрнекті картиналардың барлығы дерлік негізгі байқаудың сыртында қалып қоя берді.
Одри Диван фильмінің жеңісі бір жағынан күтпеген шешім болса, екінші жағынан 60-шы жылдары Еуропада әйел адамдарға түсік жасауға тыйым салудың соңы ана өлімінің ұлғайғанын еркін түрде айту болып табылады. Өкінішке қарай, бұл мәселе бойынша ортақ пікір қалыптаспаса да, тақырып міндетті түрде көтерілуі қажет. Осы орайда, кинофестиваль тарихында жеңіскерлер қатарындағы алтыншы режиссер деп танылған Одри Диванның мінберден тұрып сөйлеуін батыл қадам деп есептегеніміз жөн.