Ұлттық библиография қызметі

КІТАПХАНА
6660

Негізгі бағыттары:

-Қазақстанның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдары, мәдениеті мен өнері жайында іргелі библиографияны қалыптастыру;
- Қазақстанның қоғамдық ғылымдары, мәдениеті, әдебиеті, өнері мен тіл білімі жөніндегі ағымдағы ғылыми ақпараттың библиографиясын қалыптастыру;
- Авторитеттік/нормативтік файлдар жазбаларының ұлттық дерекқорын қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

- ретроспективтік ғылыми-көмекші библиографиялық құралдарды (тарих, әдебиет, мәдениет пен өнер бойынша және библиографияның басқа түрлерін) дайындап шығару;
- ұсыныстық  библиографиялық  құралдарды: Қазақстан Республикасының аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін, Қазақстан қайраткерлерінің биобиблиографиясын құрастыру;
- оқырмандар  сұранысы бойынша Қазақстан туралы күрделі  жазбаша библиографиялық анықтамаларды орындау;
- ағымдағы  ғылыми-ақпараттық  библиографиялық құралдар – реферативтік журналдар дайындап шығару;
- библиографиялық картотека мен баспалық библиографиялық құралдардағы библиографиялық жазуларды электронды түрге көшіру (конверсиялау);
- ұлттық авторитеттік жазбаларды: «есімдер», «әулет есімдері», «бірыңғайланған бас тақырып», «жағрафиялық атаулар», «пәндік айдар»; қалыптастыру үшін авторитеттік/нормативтік файлдарды ұйымдастыру, жүргізу және редакциялау.

Құрылымы:

- ретроспективтік  және ұсыныстық библиография тобы;
- авторитеттік файлдарды қалыптастыру тобы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желіде мерекеге орай кәсіп жасайтындар жайлы айтты, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Ернар Айдар ресейлік әншіге сәлемдеме жолдады, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Ернар Ай...