Отбасын өлтірген күдікті күйеу бала мен қызы Атырауға жеткізілді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
711

Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылынан жоғалған отбасыға қатысты іздеуде жүрген Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Күдіктілер 9 наурыз күні Алматыдан ұшып келген рейспен келген.

Еске салсақ, 2025 жылы өңірдің төрт тұрғыны із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. 25 желтоқсанда Атырау тұрғыны полицияға хабарласып, бауырының отбасымен бірге ұзақ уақыттан бері байланысқа шықпай жүргенін мәлімдеген. Жоғалғандар – Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылының тұрғындары. Олар қараша айында үйлерінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері оралмаған. Іздеуде болғандардың арасында ерлі-зайыптылар және олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы бар.

Жоғалғандардың ұялы телефондары Қазақстан аумағында қосылып-өшіп тұрған, соңғы рет Шымкентте тіркелген. 2026 жылғы 6 қаңтарда ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылғаны белгілі болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...