Қазақ әдебиетінің таңдаулы 100 кітабы анықталды

Фото: ЖИ

КІТАПХАНА
1495

Отандық әдебиеттің 100 таңдаулы кітабы анықталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Мемлекет басшысы Атырауда өткен III Ұлттық құрылтайда кітап оқитын ұлт болудың маңызын атап өтіп, Ұлттық кітап күнін белгілеуді тапсырған болатын. 

Соған сәйкес, биыл алғаш рет 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып атап өтілді. Осы мерекеде отандық әдебиетті кеңінен насихаттауды көздейтін «100 кітап» жобасы бастау алды.

Жалпыхалықтық сауалнама еGov.kz порталында 23 сәуірден 9 тамызға дейін жүргізілді. Сауалнамаға барлық өңірлерден жалпы саны 100 мыңнан астам адам дауыс берген. Қорытынды тізімге классикалық шығармалардан бастап, қазіргі заман авторларының да туындылары енді.

Толық тізім 11 тамыз күні Ұлттық құрылтайдың ресми сайтында жарияланады.

Сауалнама қорытындысының 10 тамыз – қазақ жазба әдебиетінің негізін салған ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орайластырылуы – жобаның рухани мәнін арттыра түсті. Іріктелген «100 кітап» ұлттың зияткерлік қуатын нығайтуға, қоғамда кітап оқу мәдениетін дәріптеуге және әдеби сабақтастықты жалғауға септігін тигізбек, - делінген Ұлттық құрылтайдың ақпаратында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда кәмелетке толмаған қыздың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Алд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...