Орталық Азия әйелдерінің форумы барысында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенні...
Бабаларымыз адамзатқа елеулі әсер еткен жаңалықтарды ашты - Азат Перуашев
«Бұл мақала ұлттық ұстанымға әрі санаға қатысты тың серпін беретін міндеттерді қамтып отыр. Өкінішке қарай, біраз буындар бойы біз өзіміздің тарихымызды, өткен ғасырларды тек қайғылы жағынан ғана есте сақтап, осындай көзқарасты қалыптастырдық. Бұған қатысты тарихи себептер де аз емес. Осы орайда халқымыз ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс ауыртпалығы секілді нәубетті кезеңдерді басынан өткерді. Елбасы мақаласында бізге тарихи позитивизмге жол көрсетіп отыр, яғни ата-бабаларымыз адамзаттың дамуына елеулі ықпал еткендігіне назар аударды», - деп тоқталды депутат.
Бұл тұрғыда А. Перуашев атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығының дамуына қатысты біздің өңірдің жетістігі орасан зор екенін атап өтті.
«Президент мақаласында бұл тақырыпқа егжей-тегжейлі тоқталып өтті. Негізі, жылқы шаруашылығына қатысты біздің бабаларымыз тарихи маңыздылығы бар жаңалықты ашты», - деді ол.
Депутаттың пайымынша, бүгінде жас буынның Батыс өркениетіне еліктеуі жиі кездеседі. Сәйкесінше, осы дамыған елдерде қалыптасқан әдістемелерге үйрету үрдісі қалыптасты.
«Бұл да дұрыс шығар, бірақ адамзат өміріне елеулі әсер еткен жаңалықтар Ұлы Дала кеңістігінде де көптеп кездеседі. Сондықтан Мемлекет басшысы тереңде жатқан тарихымызда елдің еңсесін көтеретін фактілер аз емес екеніне екпін қойып отыр. Себебі біздің өңір жаңа технологияларды шығаруға үлес қосқан. Сондықтан біздің жас буынның қанында инновацияға, жаңалықтарға қабілеті бар екенін кеңінен айтуымыз керек. Бүгінде біздің жас ғалымдардың ашқан жаңалықтары дамыған елдердегі үрдістен еш кем емес», - деді Азат Перуашев.