Ерлан Рысқали. "Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер"

РУХАНИЯТ
3105

Біздің ұлттық өнерге мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қамқорлық жоқ емес, бар! Бірақ, көзге көрінбейді. Неге? Өйткені, оның БАҚ-тағы насиxаты тым аз! Мысалы, қазақ өнерінің қайталанбас дара тұлғалары Тәттімбет, Әміре, Құрманғазы, Әсет, Жүсіпбек, Ғарифолла, Естай, Мәди сынды көптеген саңлақтардың атында МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ министрлігінің мұрындық болуымен республикалық байқау өтіп тұрады. Бұл ретте біздің министрліктің алар орны мен атқарған еңбегі ерекше. Министрлікке алғыстан басқа айтарымыз да жоқ. Алайда, бұл байқаулар телеарналардан көрсетілмегендіктен, олардың өткендігінен, тіпті ондай байқаудың бар екендігінен қарапайым халық бейхабар. Тым болмаса, екі-үш күнге созылатын республикалық байқаудың толық нұсқасы көрсетілмесе де, финалы, гала концерті эфирден берілсе, құба-құп болмас па еді?!
Әрине , ұлттық өнерді насихаттаудағы міндетін "ҚАЗАҚСТАН" Ұлттық арнасы мен Алматы арнасы қал-қадірінше орындап келеді. "Хабарды" да бұл тізімге қосуға болады. Басқа арналар ұлт музыкасы дегенде, кірпідей жиырылып қалады. Осы ретте, Ұлттық классикалық өнер оқу орынын ашудан бөлек, тағы бір айтар дүние - Ұлы даланың ұлы мұрасын (ән, күй, айтыс, жыр, әдебиетін, тариxын, т.б) барлық МЕМЛЕКЕТТІК қызметкерлерге жақсылап таныстырып, дәріптеп, ұғындыру керек! Сонда олардың арасындағы орыс тілділері мен өзге ұлт өкілдері АНА ТІЛІНІҢ қасиетін, құдіретін сезініп, қазақы ұлттық таным-түсінігі арта түседі. Мемлекеттік қызметте жүрген азаматтарды осылай ұлттық құндылықты терең түсініп, қадірлеуге жол салу керек! Президенттің "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ" мақаласы алда талай ұлы істерге бастау боларына сенемін! "Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер" , - дейді емес пе, атам қазақ?! Ұлы даланың ұлы мұратын ұлықтаудан жалықпайық!

Ерлан Рысқали

Жаңалықтар

Жаңа адамдар Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті деканының қызметтен босатылуын...

Жаңалықтар

Оқиға Есет батыр шағын ауданында болған. Ойын баласының аулаға жүгіріп шығып, көлік астына түскен сә...