Серіліктаудың ұшар басындағы қарағайлы қолат, ескі жұрт. Алпыс жыл бұрын көмген бір дорба асығын қаз...
"МАХАМБЕТ ҚОЗҒАЛЫСЫ" циклынан. Қан мен Қар
3173
Қан мен қардан жаралған осы бір ай.
Қан мен қардан жаралған осы бір ай.
Қанмен қарға жазылған естеліктер,
Жүрегімді шабақтап осуын-ай.
Жасыл шырша, көк жалау - қуанардай
Себеп бар ғой.
Көңілімнен күмән аумай,
Осы айда бір әрі-сәрі күйге түсем,
Адам құсап күле алмай, жылай алмай.
Күнтізбенің тор көзді парағынан
Желтоқсанда жас парлап, ағады қан,
Түтеп боран далада, жауады қар -
Осы айдың бір қазаққа зауалы бар.
Маған жат боп барады осы бір ай,
Шәрбат пен уын қатар тосып ұдай.
Желтоқсанның желіндей алағызып,
Мына үркек көңілдің шошуын-ай!..
Талғат Ешенұлы