Ортағасырлардағы ойшылдар. Ибн Туфейл

ӘДЕБИЕТ
4846

ИБН ТУФЕЙЛ

(1110-1185)

(Аударған Ғ. Есім)

Ибн Туфейл туралы өмірбаяндық деректер аз. Оның толық есімі — Абу Бакр Мухаммед Ибн Абд-Алла Ибн Мухаммед Ибн Туфейл. Бірақ ол мұсылман іліміне Әбу Бәкір, ал Еуропаға латыншаланған Абубацер деген атпен мәлім болды.

Ибн Туфейлдің өмірі мен творчествосы Андалусия мәдениетінің ауыр кезеңіне, сарай төңкерістері уақытына дәл келді. Мұның бәрі философтың өмірбаянында өзінің ізін қалдырды. Ол Гранада, Сеут, Танжер, Кордова қалаларының басшылары қоластында хатшылық қызмет атқарды, сарай емшісі болды. 1185 жылы Марракеш қаласында дүние салды.

Бізге Ибн Туфейлдің жалғыз ғана шығармасы жетті. Ол — "Хай Якзанұлы туралы роман". Бұл философиялық шығарма XVII ғасырда латын тіліне аударылып, сол арқылы Еуропа елдеріне кең тарады. Туфейлдің романы бірқатар Батыс жазушыларының шығармаларына идеялық арқау болды. Мұны, атап айтқанда, Даниель Дефоның "Робинзон Крузо" шығармасынан айқын көруге болады.

Робинзониада немесе Еуропаның Шығысша ойлауы. XVIII тасырдан бастап Батыс әдебиетінде әртүрлі жағдайлармен елсіз жерге тап болған адамдардың басынан кешкендері туралы ірілі-ұсақты шығармалар пайда бола бастады. Әдебиет зерттеушілері оларға "робинзониада" деген жиынтық ат берді. Бұл шығармалардың бәрі Даниель Дефоның "Робинзон Крузо" романына еліктеуден туған туындылар есептеледі. Біз де осындай пікірде болып келдік, Ибн Туфейлдің "Хай Якзанұлы туралы романы" қолымызға тигенге дейін. Байқасақ, "робинзониаданың" тарихы алты-жеті ғасырға, бәлкім, одан да тереңге кетеді екен. Және ол әсте балалар үшін немесе еріккендерге ермек үшін жазылған дүниелер емес екен. Араб мәдениетін зерттеуші мамандар, Ибн Туфейлдің шығармасы туралы сөз болғанда, әрдайым "философиялық роман" дегенді қоса айтады. Соңғы уақыттарға дейін, философиялық роман дегенде, біздің ойымызға француз авторлары, алдымен Вольтер оралатын. Ибн Туфейл романының философиялық аталуы неліктен? Бұл шығарма біздің оқырмандарымыздың қолына әлі еркін жете қойған жоқ. Сондықтан оның қысқаша мазмұнына тоқталған жөн болар: роман өзінің алғашқы беттерінен оқушысын адамзат болмысының күрделі мәселелері тұңғиығына тарта жөнеледі: адамның әуел баста адам қалпында жаратылуы мен оның Құдіретті күштің қатысымен төрт элементтен жаралуы мүмкіндігінің қайсысына қол қоюын оқушының өз еркіне қалдырады: бір аңыз бойынша, өзінің қылмысты ісінің ізін жабу үшін, ақсүйек әйел жас сәбиді сандыққа салып, дарияға жібереді де, ол толқынның еркімен елсіз аралдан шығады. Екінші аңызда тіршілік пайда болуға өте қолайлы белдеуде ашыған саз балшықтан ұзақ уақыттардан соң адам жаратылып, Құдіретті демнің даруымен пенде қалпына келеді. Яғни адамның жаратушы қолымен емес, бірақ соның жәрдемімен өздігінен жаралуы мүмкіндігіне орын қалдырады. Мұның арғы жағына зер салсақ, әлемнің жаралуы туралы да автордың бір пікірге біржақты мойын ұсынбайтындығын, бірін мойындай отырып, екіншісін жоққа шығармайтынын көреміз. Сөйтіп, жаралсын мейлі, жаратылсын мейлі, елсіз аралда пайда болған тіршілік иесі елікті ана санап, қоршаған ортасымен үйлесімді күн кешеді. Осыдан ер жеткенге дейінгі оның қимыл-әрекеті өзімізге етене таныс Киплинттің Маутлиі: "Осылай өмір сүріп, үнемі еліктермен болып, бала солардың дауысын айнытпай салатын болды. Сонымен бірге ол өзге андар мен құстардың езі естіген үндерін дәл келтіре білді. Ол әсіресе еліктердің көмекке шақырған, үйірсектенген кездерінде беретін үндерін тым жақсы келтіретін еді... осылай ол андарға, андар отан үйреністі. Осыдан кейін ол біртіндеп өзінің аңдардан өзгеше екендігін аңғара бастайды. Ол өзін қоршаған ортаға ой көзімен қарап, тіршіліктің сырын түсінгісі келеді. Өзін асырап өсірген еліктің өлу себебін зерттеп, оның бар мүшелері бүтін бола тура, не себепті қозғалыссыз қалғанын білуге ұмтылады. Тексере келе, қозғалыссыз қалған денеге одан бұрында қозғалыс беріп, тіршілік белгісін беріп тұрған әлдененің болғандығын, енді оның денені тастап шыққандығын, ятни оны қозғалысқа келтіруші бір иенің бар екендігін түсінеді. Хай үшін бұл — жүрек қабында орналасқан рух. Ол бар болғанда — өмір бар, ол ұшып кетсе — өмір тоқталады. Ендігі мәселе — ол неге денені тастап шығуы керек? Оны басқаратын кім? Міне, осындай сұрақтарға келіп тірелген жерінде Ибн Туфейл кейіпкері мен Киплинг кейіпкерінің ұқсастығы тамамдалады. Яғни онтологиялық проблематика аяқталады: қозғаушы денеден тыс, мәңгілік, денелік сипаты жоқ. Ибн Туфейл осылай барлық араб-ислам паралетиктерін толғандырып келген мәңгілік ақылдың пайда болуы проблемасына өз тұрғысынан түсінік беруге көшеді. Егер Маугли адаммен ұшырасқанға дейін біржола табындық өмір кешсе, барлық әрекеттері инстинктік дәрежеде ғана қалып отырса, Ибн Туфейлдің кейіпкері ес кіргеннен әр нәрсенің себебін іздей бастайды. Адамға лайық әрекеттерге көшеді. Ибн Туфейл оның осы әрекеттері арқылы адам өзінің интеллектуалды қабілеттеріне сүйеніп, қоршаған ортаның өмір шындығын терең зерттеп, сол туралы ойлау жолымен заттардың болмыс сырын ашуға, барлықтың санадағы тұңғыш немесе түпкілікті себебін түсінуге қабілетті екендігін дәлелдеуге ұмтылады. Ендігі жерде онымен Робинзон арасында белгілі дәрежеде параллель жасауға болады: екеуі де алғашқы қадамдарын баспана жасап, тамақ табудан, от пайдаланудан бастайды, жабайы андарды өздеріне қызметке қояды. Егер Робинзон бұл істе өзінің адамдардың мәдениетті қауымдастығы ортасында алған біліміне сүйенсе, Якзан мұның бәріне зердесі арқылы, табиғатты танығыштығы арқылы, яғни ақыл-ойдың арқасында жетеді. Егер Робинзонның бар әрекеті қайткен күнде басын қорғауға, түптің түбінде адамшылық кейпін жоғалтып алмай, өркениетті ортаға оралуға бағытталса, Якзан өзін өзі тануға және өзін тану арқылы барша жаратылыс құпиясын ашуға ұмтылады. Ол үшін күнкөріс, адамдық кейпін сақтау проблема емес, проблема танымның неғұрлым биік сатысына көтерілуде. Робинзон кеме апатына ұшырап, барлық команда харам болғанда, өзінің аман қалуын Құдайдан деп біледі. Күйреген кемеден Інжілдің бірнеше данасын алып шығады. Пуритандық тәрбие алған Дефоның өз шығармасында қалай және қай тұрғыда болсын Құдайды, Інжілді атамауы мүмкін емес еді. Кейіпкерінің бұл әрекетін осымен ғана түсіндіруге болады. Оның одан арғы толғамдары соны айғақтайды: "Құдай мені аман сақтап қалғанда, жасаған кінәларыңды түсінсін деді. Мен мойындадым. Кінәлімін". — Оның өз жаратушысы туралы барлық ойы осы сөйлемдерге сыйып тұр. Сөйтіп, өзінің апат салдарынан түскен халінен құтылуға дәрменсіздігін ақтайды. "Құдай кінәмді кешкенге дейін, қанша ұстаймын десе, еркінде, мен оған көндім". Бұл дегеніңіз, жаратушысын шынайы таниын, оның сырын түсінейін деген ұмтылыстан туған ойлар емес, шарасыздықтан мойын ұсыну, қауіптің алдында басын құмға жасырған түйеқұстың әрекеті. Ол үшін Құдай михнатын жеңілдетуге көмекші, қате басқаны үшін жазалаушы ғана. Дефо заттардың болмысын білу деген нәрселерге мүлде бойламайды. Осыдан әріде екі романның кейіпкерлерінің тұрпаты алшақтай бастайды. Біріншісінде алғашқы орынға адамның дүлей табиғат ортасында өзін өзі сақтауы қойылады. Анда-санда Інжілге үңілгені болмаса, оның рухани дүниесі жалаңаш. Тереңірек бойлаған адам оның арғы жағынан адамның эволюция жолымен өркениетке жетуінің күмәнділігін аңғарады. Цивилизациялы ортадан келген адам, байқап отырсақ, жаңамен баюды былай қойғанда, барын жоғалта бастайды. Оның алдында тұрған бір-ақ мәселе. Ол — адамның табиғатпен үйлестілігі (мұндай эксперименттер қазір де көп жасалып жүр). Екіншісінде адамның әлемге келуінің екі мүмкіндігі бірдей жоққа шығарылмай, оның қалыптасуы заңдылықтарына ғылыми негіздер жасалады. Елсіз аралда пайда болған жалғыз саналы тіршілік иесін оның ізденістері айналасындағы дүниені тану арқылы Жаратушыны тануға алып келеді.

Осы жерде негізгі тақырыбымыздан сәл ауытқысақ та, тоқталып өту қажет бір терең мәселе бар. Ол мынау: Ибн Туфейл исламдық фәлсафа мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі. Оның ой дүниесі шығыс перипатеиктерінің, ең алдымен Ибн Синаның, әл-Фарабидің ілімдері негізінде қалыптасты. Ал романының барысынан көретініміздей, Хай Құдіретті танудың софылық жолын дәріптейді. Жалпы, фәлсафа мен суфизмнің арасында елеулі өзгешеліктер бар. Араб — ислам перипатетизмі өкілдерінің Ақиқатты тану жөніндегі философиялық қағидалары адамда ақылдың немесе ақылды жанның пайда болуын қажет етеді. Ол күллі дүниені (универсалий) сезіммен қабылдаудан тануға сатылып көтеріліп, сол арқылы харекет иесі Ақылды, ал ол арқылы Түпкілікті барды тайуға жетеді. Түшөлікті бар — күллі дүниенің бастауы, ол мәңгібақи, жан сонымен сабақтастық арқылы мәңгі бақилыққа қатысты, яғни оның тәнмен бірге жойылуы жоқ. Демек, фәлсафа мектебі ғылымдарының түсінігінде Ақиқатқа жетудің сатылары мынадай: ақылды жан — күллі дүниені ақылмен тану — харекет иесі Ақылмен тоғысу.

Ал ортағасырлық араб-ислам софыларының түсінігіне келсек, ол — адамның Жаратушымен тұтасуы. Бұған жетудің жолы — адамды аландататын барлық пендешіліктен, тіршілік күйбендерінен бас тарту, тіптен, ауқаттанса да, денедегі тіршілікті сақтарлық дәрежеде ғана шектелу. Сол уақытта арнайы тәжірибелер арқасында адам Жаратушы алдына барады, өзін өзі біржола ұмытады, өледі (фана), Жаратушымен тұтасып, тамаша халге түседі. Фәлсафадаты ақылды жан орнын мұнда жүрек (қалб) алмастырады (қазақтың "қалыбың түзу болсын" дегенін естеріңізге алыңыздар). Ал таным орнына елестету, қияли ой дүниесі келеді. Демек, мұндағы сатылар тізбесі мынадай: жүрек (қалыб) — елес дүниесі — Жаратушымен тұтасу.

Сонда Ибн Туфейлдің фәлсафа мектебінің өкілі болуы мен өз кейіпкерін Ақиқатты танудың мистикалық жолына салуын қалай ұштастырамыз? Бұл оның "менінің" іштей қайшылығы ма әлде Шығыс перипатетизмі мен мұсылмандық софылықтың синтезіне жасалған қадам ба? Романның басында адамның пайда болуының екі мүмкіндігін бірдей сөз етсе, шығарманың соңында кейіпкерін адамдардың өркениеті ортасына алып келіп, олардың Ақиқат туралы түсініктерін жарастырады да, екеуінің біріне тағы артықшылық бермейді. Әл-Фараби, Ибн Бадж, Ибн Сина, тағы басқалары адамдардың қауымдастығы бақытқа жету үшін бірден-бір қажет нәрсе — әр адам ақылды харекет иесі болуға ұмтылуы керек десе, Әбу Бәкір Ақиқатты танудың екінші жолын да теріс санамады. Яғни мәселе "іштей қайшылықта" емес, фәлсафа мен суфизмнің синтезіне ұмтылыста. Басқаша болуы мүмкін де емес. Жоғарыда айтқанымыздай, ибн Туфейл бұл романының желісін Ибн Синадан алды. Сол желінің өзінде мистика элементтері бар. Ибн Туфейл осы элементтерді нақтылы ойлармен аптап, өзіндік түсініктермен әрлеп, олардың фәлсафа қағидаларымен синтездік байланысын тауып дамытқан. Ал Ибн Синада мистицизм элементтерінің болуы ешқандай қарама - қайшылықсыз, әбден заңды құбылыс: суфизм Шығыс ойшылдары арасында беделді ілім саласы саналып қана қойған жоқ, ол осы Шығыстан тамырланды, бәлкім, оның кейбір негізгі қағидалары ислам келгенге дейін болып, ислам қағидаларының орнығуына қарай трасформацияланды. Яғни бұл жерде суфизмнің Шығыстық және Шығыстық қана емес, парсылық-түркілік бүтақтары (тамырлары) туралы сөз етуге мүмкіндік аламыз. Ибн Туфейл ақыл мен жүректі ымыраластыруға ұмтылады. Керек десеңіз, оларды бірінен бірін жоғары қоймақ емес. Ол үшін маңызды нәрсе — Ақиқатты танудың жолдары емес, Ақиқатты танудың, онымен тоғысудың өзі. Бұл жерде фәлсафа мен суфизм, сөз жоқ, бір жерден табылады. Әйтсе де, оның ел қоныстанған аралдағы өмір салтын мойындауын харекет иесі Ақылды мойындауы деп қабылдауға болады. Оның жасаған түйіні де осыны көрсетеді: софы — пайғамбар емес, пайғамбар — софы емес. Дефоның Туфейл еңбегімен таныспауы мүмкін емес. Дефо 1660 жылы туған. Туфейл шығармасы 1673 жылы ағылшын тіліне аударылған. Яғни отбасында тәрбиеленген, көзі ашық ортадан шыққан Д.Дефо онымен сөзсіз таныс болған. Бірақ оның сол пуритандық тәрбиесі Туфейл тереңдеген, дәл... өлем туралы түсініктерге бойлауға мүмкіндік бермеген. Ол жалпы желісіне тана еліктеумен шектелген.

Ибн Туфейл

ХАЙ ЯКЗАНҰЛЫ ТУРАЛЫ РОМАН

Аса қайырымды әрі рахымды Алланың атымен бастаймын!

Раббым Мұхаммед расулымызға, оның үрім-бұтағына, сахабаларына шапағат нұрын жаудырсын!

Менің асыл дін қарындасым, Алла саған ұзақ ғұмыр беріп, шексіз бақытты етсін, сен ғалымдар ұстазы шейх Әбу Әли Ибн Синадан мәлім болған Шығыс даналығының құпияларын мүмкін болғанша түсіндіріп айтып беруімді өтініп едің. Сен мынаны біл: ақиқатты ешқандай түсініксіз тұсы қалмайтындай тануға ұмтылған адам оған жету үшін талмай еңбек жасап, ізденуі тиіс. Міне, енді сенің өтінішің менің көңілімді шырқау биіктерге көтерді. Ол, Раббыма мың алғыс, мені бұрын сезінбеген қиял дүниесіне шарлатты, менің көтерілген биіктерімді ешбір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, себебі, оның өлшемі — өзгеше өлшем, оның әлемі — өзгеше әлем. Бірақ бұл буып әкеткен шабыттың ләззаты, қуанышы мен рахаты соншалық, оған көтерілген және шырқауына дейін жеткендер оның құпиясын бүгіп қала алмайды, жоқ, оны билеген рухани толқыныс, қуаныш пен шат-шадыман хал тіптен тұспалдап болса да өзгелермен бөлісуге итермелейді. Егер ол ғылымның ауыр жүгін арқаламаған адам болса, ол оны өз дәрежесінде, өз өрісінің жеткенінше түсіндіреді. Мәселен, бірі: "Мен ұлы құрметке ие болғандарданмын, менің бұл қалпым қандай ұлығы, нендей керемет", — десе, екіншісі: "Мен — ақиқатпын", — дер еді, ал үшінші бірі: "Осы кебенек астындағы Құдайдың нақ өзі, одан кейін емес", — демек. Ал шейх Әбу Хамид Ғазали болса, өзінің кешкен халін мынадай өлеңмен түсіндірді:

Не болса да, болды бәрі, айтарға жоқ дәрменім,

Ізгілікке жоры дағы, қазбалама өзгесін...

Ол білімнен тәлім алған, ғылыммен сусындаған жан еді. Енді Әбу Бәкір Ибн ас-Саиғтың (Ибн Бадж) өз басынан кешкен халін суреттеп айтқан мына сөздеріне назар сал (сөз Ибн Бадждың "Оқшауланғандардың өмір салты туралы" және "Қауышу туралы" трактаттарында айтылған адам ақыл - ойының ғарыштық "харекет иесі Ақылмен" қосылуы туралы): "Іздеп отырған тылсымға жеткенде ғана қатардағы ғылымнан жиған еш білімнің оның дәрежесіне жете алмайтындығына көзің ашылады. Бұл тылсымға адамдар өздерін осыған дейінгінің бәрінен азат, ақыл-ойы әлемі деуге тым асқақ, жаңа, дүниелік түсініктерден тіптен өзгеше, диуаналық халдегі түсініктер дәрежесінде, тұрмыс тауқыметтерінен азат, Раббымыз өзінің сүйген құлдарына сыйлайтын құдіретті ахуал дәрежесінде сезінгендер ғана жете алады". Әбу Бәкір атаған бұл жағдайға қияли білім және абстракциялық ойлау арқылы жетуге болады. Оның өзінің осыған жеткеніне, осы жолдан өткеніне күмән жоқ.

Ал біз басында атаған халге оралсақ, ол дәл соңғысындай емес, дегенмен, екіншісінде аян болған жайларға кері ештемесі болмауы мағынасында сол тәрізді, өзгешелігі — неғұрлым айқындығында, оны ішкі қиял дүниесімен білу қалай мүмкін болатындығы әлдебір күштің әсері деп тұспалдап қана айта аламыз, өйткені не жай сөздер қорынан, не арнайы түсініктер сөздік қорынан ішкі қияли танудың осы түріне ненің арқасында жетуге болатынына сілтейтіндей ешқандай атауды таба алмаймыз. Сенің өтінішіңнің жетегімен басымыздан өткерген осы хал шейх Әбу Эли (Ибн Сина) суреттеген халдер қатарынан. Ол былай деген еді: "Содан кейін, жігер мен жаттығу белгілі шегіне жеткенде, ол жанға рахат, найзағай іспетті жарқылдаған, төбесінен құйылған Ақиқат нұрына ұшырайды, ол бірде сәуле шашып, бірде солғын тартады. Бұл шабыт жаттығудағы табандылыққа қарай жиілей береді. Жүре-бара ол тіптен тереңдей түседі: шабыт жаттығусыз - ақ оралатын болады, әлдебір нәрсеге көзі түскен бойда, өз санасында қала тұра, ойымен асқақ әулиелікке шырқап ұмтылады. Содан кейін оған тағы шабыт келеді де, әр нәрседен ақиқатты тануға жуықтайды. Одан соң оның көңіл сарайының ашылатыны сонша, бір ғана сәттік шабыт ұзақ уақытқа созылатын болады, өтпелі нәрсе үйреншіктіге, жарқ еткен сәуле тұрақты маздаған шыраққа айналады. Сонда ол үздіксіз бірігуге ұқсас берік білім жинайды. Ол шығанға көтерілуімен, яғни "оның болмысының құпия бөлігі ақиқатқа бағытталған тегіс айнаға айналған" халмен аяқталатын баспалдақпен біртіндеп өрлеу жайын осылай суреттейді. "Сонда отан рахат сезімі нөсер болып төгіледі, жанынан табылған ақиқат суретіне бүкіл жан дүниесімен шат-шадыман болады. Ол осы тұғырдан біресе ақиқатқа, біресе өзінің жанына алма-кезек үңіледі. Осыдан соң оның санасы өшеді де, жалғыз мәртебелі қасиеттілікті сезінеді, ал өз жанын көрер болса, тек қиял әлемінде тана көреді. Нағыз бірігу, міне, осы жерде басталады". — Әбу Эли осылай суреттей отырып, салғастыра отырып түйін жасайтын қияли ойлау арқылы емес, зауқы (интуитивті) арқылы тана жеткенін айтқысы келеді.

Егер осы дәрежедегі білу мен өзге адамдардың тануы арасындағы айырманы айқын көрсететін мысал қажет десеңіз, көз алдыңызға тумысынан зағип, бірақ табиғатынан зердеден құралақан емес, ақылы тұтқыр әрі жүйелі ойлай білетін адамды елестетіп көр. Ол туғанынан бір қалада тұрып, сол қаламен және оның кейбір тұрғындарымен, толып жатқан жанды-жансыз денелерімен, қала көшелерімен, үйлерімен, аулаларымен, базарымен өзінің өзге сезім мүшелерінің қабылдауы арқылы танысып өседі де, ақырында қаланы ешкімнің жетектеуінсіз аралауға және барлық ұшырасқан заттарды өздігінше ажырату халіне жетеді.

Ол заттардың түсін тана олардың атаулары бойынша және сол атаулардың кейбір анықтамалары бойынша танитын болады. Міне, осы түсінік халіне жеткенде оның көзі ашылып, көретін болады. Сонда ол бүкіл қаланы шарлай бастайды. Жолында өзінің түсінігінде қалыптасқаннан өзгеше, бейтаныс ештеме ұшыратпайды. Тіптен нәрселердің түстері де оған суреттегендей болып шығады. Бірақ мұның бәрінде бірі екіншісінің шарты болып табылатын екі маңызды жағдай бар. Ол, біріншіден, үлкен айқындық және сәуле, екіншіден, ерекше рахат сезімі.

Әулиелік дәрежесіне көтерілмеген қияли ой адамдарының хәлі — осы тумысынан зағиптердің алғашқы хәлі. Ал олардың заттардың түсін өзгелердің айтуы бойынша ажыратуы, тегінде, Әбу Бәкірдің дүниені тануы заттық денелер әлемін танудан әлдеқайда ауқымды, Раббымыз оны өзінің сүйікті құлдарына ғана сыйлаған деген халіне саяды. Раббымыздың дарытуымен әулиелік дәрежесіне дейін көтерілген қияли ой иелерінің "тек тұспалмен ғана жеткізуге боларлық" деген хәлі дүниеге зағип болып келгендердің екінші халіне сәйкес келеді. Бірақ әр нәрсеге бола терең ой жіберуді қажетсінбейтін көзі ашық, санасы өткір адамдар өте сирек. Бұл жерде мен адамдардың зердесімен танып білуі дегенде, олардың заттық әлемнен қабылдағандарын және әулиелік туралы сөз болғанда, олардың осы әлемнен тыс жатқан әлемді тануын айтып, бірін екіншісіне қарсы қойып отырған жоқпын, бұл екі түсінік болмысы жатынан бірі бірінен өзгеше және қиылыспайды. Бірақ қияли ойлау иелерінің тануы (зердемен) дегенде, біз оларды, Әбу Бәкір айтқандай, заттық әлемімен ғана шектемейміз, одан тыс жатқан нәрселерді түсіну (қабілетін) айтамыз. Олардың бұл дәрежеге жетуінің шарты — танымның ақиқаттығы мен туралығы. Әулие хақындағы адамдар да тыс әлемді осылай зерделеп біле алады. Айырмасы — олардың танымының неғұрлым айқындығы мен одан алатын рахат сезімінің қуат - күшінде. Оларды салғастыру қажеттігінің бол май қалатыны осыдан. Әбу Бәкір әулиелерді осы рахатқа берілуі үшін ұнатпады. Оны қияли елес күшіне жатқызды.

Дәруіштердің дәл осы сәттегі басынан кешетін ахуалының қандай болатындығын айқын әрі ұғынықты етіп суреттеп беруге уәде қылды. Бірақ бұл жерде оған мынаны айтқан орынды: "Өзің татып көрмеген дәмді тәтті санама, тура жолдағының алдына көлденең тұрма". Бұл адам мұның ешқайсысын істеген жоқ, өз сөзін орындамады. Бәлкім, оған өзі айтқандай уақыты жетпеді әлде орынға көшу бөгет болған болар, бәлкім, бұл хәлді суреттей бастаса, өз мінез - құлқын талқы ететін немесе осыған дейінгі түрлі жолдармен дәулет жинап, молығу турасындағы кеңестерін жоққа шығаратын нәрселерді айтуға мұқтаж болатынын көрген болар. Бірақ әңгімеміз арнасынан ауыңқырап кетті.

Айтылғандардан соң, сенің өтінішіңнің мына екі мақсаттың бірін діттейтіні айқын болды: сен немесе қатардағы түйсінуші адамдардың, соған машықты адамдардың және құдіретті дәрежеге көтерілгендердің нені көретіндігін бейнелеп айтып беруімді сұрап отырсың; бірақ мұны кітап тілімен нақтысында қалай болатынын жеткізіп беру мүмкін емес. Кім де кім мұны қолға алып, ауызша немесе қалам арқылы жеткізбек болса, қияли жолмен көрудің өзінің болмысы өзгеріп шытады, ол өзге, қияли дүниедегі құбылысқа айналады. Өйткені ол әріп пен дыбысқа айналып, көзбен көретін дүниеге жуықтай бастағанда, оның бұрынғы табиғатындағы бейнесі мен халінен ұшығы да қалмайды, сөйтіп, анықтамасы тым алшақтап кетеді. Осыдан адамдар өздері тура жолдан адасып, тура жолдағы өзгелерді де адасушылар деп тұжырады. Оған себеп — бұл бәрін қамти алатын, бірақ өзін қамту мүмкін емес ой жеткісіз кеңістіктегі әлдебір шексіз нәрсе. Біздің жоғарыда айтқанымыздай, өтінішіндегі көздеген екінші мақсатың бұл затты зердемен танушылар білгендей болуы ықтимал. Міне, бұл хатқа түсіруге және сөзбен жеткізуге боларлық нәрсе. Бірақ бұл қызыл күкірт тәрізді тым сирек нәрсе, әсіресе, ол таңсық болатын біздің еліміз үшін, содан да ол бірден бірге там-тұмдап ашылып, мұра болып келе жатыр. Тіптен оны қолына түсіре қалғандардың өзі адамдарға жұмбақтап жеткізеді, өйткені шариғаттың ақ жолы мен ақиқат заңы оған бой ұруға тыйым салады, одан сақтандырады.

Аристотельдің, Әбу Нәсірдің шығармаларында және "Айықтыру кітабында" бізге жеткен философия сенің алдыңа қойған мақсаттарыңды орындайды екен деп немесе андалусиялықтардың бірі бұл хақында әлдебір толымды дүние жазды деп ойламай-ақ қой. Мұның себебі, Андалусияда өскен жоғары дарынды адамдар логика мен философия ғылымдары тарағанға дейін өздерінің өмірін математика ғылымына арнап, бұл салада білімнің жоғары сатысына жетті, бірақ одан өзгені тындыра алмады. Соңынан оларға қарағанда логика ғылымы бойынша озық тұрған өзге буын келді. Бұл адамдар оны зерттеумен шұғылданды, бірақ ол ақиқат кемелдікке жеткізген жоқ.

Сонда олардың бірі былай деді: "Ақиқатты игеру қиын, ал жалғанынан пайда жоқ".

Одан кейін оларды зерттеуге неғұрлым машықты, ақиқатқа жуығырақ тағы бір буын алмастырды. Олардың ішінде Әбу Бәкір Ибн ас-Саиғтан ойы өткір, көзқарасы салиқалы, түсінігі неғұрлым түзу ешқайсысы болған жоқ. Бірақ оны тұрмыс күйбеңі баурап алып, білім қазынасы ашылғанға, оның даналық құпиясы тарап үлгергенге дейін ажал алып кетті. Содан оның белгілі еңбектерінің көбі аяқсыз, "Жан туралы", "Жалғызіліктінің мінез-құлқы" сияқты кітаптары мен логика және табиғаттану ғылымдары жөніндегі жазғандары қажетті тұжырымсыз қалды. Осыларды және "Қауышу туралы" трактатында айқындауды мақсат тұтқан тылсым мағынасы хақында ауыр да азапты жолдан өтпейінше, жай сөзбен айқын түсініктер бере алмайтындығын, тіркестер түзілімінің кей тұстарда жатық емес екендігін, уақыты жеткілікті болғанда, бәрін қайта жазып шығуға бекемдігін өзі айтып, мойындады. Міне, бұл адамның білімі бізге осылай жетті, ал біз онымен жүздескен емеспіз. Онымен тең терезелі адамдар ретінде аталатын замандастарының шығармаларын көргеніміз жоқ. Олардың ізімен келген замандастарымыз әлде әлі даму, жетілу үстінде, әлде кемелдік табалдырығында тоқырап қалды, немесе олар туралы нақты деректер бізге келіп жеткен жоқ.

Әбу Нәсірдің бізге жеткен жазбаларына келер болсақ, олардың көп бөлегі логика тақырыбында, ал философияға қатысты шығармаларының күдікті тұстары көп. Мәселен, ол "Кемел қауым" шығармасында зұлым адамдар өлгеннен соң олардың жаны үнемі азапта болады деп жазады, ізінше "Саясатында" олардың азаптан босанып, жоқ болмысқа айналатынын, тек зиялы, кемел жандардың ғана мәңгілік екендігін анықтап көрсетеді. Тағы да "Этикаға түсініктемесінде" адамның бақытына бірнеше түрлі сипаттама береді. Оған салсақ, бақыт осы өмірде, осы тұрақта ғана екен, одан әрі ілестіре тағы әлденеше көлденең сөз қосады. Олардың мәні мынаған саяды: "Бұл турасында айтылып жүрген өзгенің бәрі бос әңгіме, қатынның сандырағы". Бұл дегеніміз — барлық адамдарды Жаратушы рахымынан түңілдіру, барар жері жоқ болмыс болғандықтан, кәміл адамды Қиянатшылмен теңгеру. Бұл кешірілмейтін адасушылық, түзелмейтін қателік. Одан әріде ол пайғамбарлық турасында оны қияли елес күшімен келетін нәрсе қатарына қойып, философияны одан жоғары қойып, өзінің нашар көзқарасынан хабар береді, осы жерде тізбелей беруге еш мұқтаждығы жоқ нәрселерге дейін барады.

Шейх Әбу Әли Аристотельдің шығармаларының мазмұнын жеткізуге көңіл бұрды. Ол өзінің "Айығу" шығармасында соның философиялық жолын ұстанды, еңбегінің басында ақиқат онда емес, оны перипатеиктер ілімін басшылыққа ала отырып қана жаздым деген пікірін айтады. Ал кім де кім кіршіксіз таза ақиқатты іздер болса, оның "Шығыс философиясы туралы" шығармасын қолына алуы керек. "Айығу" кітабы мен Аристотельдің шығармаларын қатар оқып шыққан әркімнің "Айыту" кітабында, Аристотельден бізге жетпей қалған нәрселердің болуына қарамастан, екеуінің көп жерлерінде мүлтіксіз ұқсастық барына көзі ашылады. Егерде Аристотель шығармалары мен "Айығу" кітабының құпия, тылсым мағынасына терең бойламай, олардың сырт формасындағыны ғана алар болсақ, Шейх Әбу Әлидің осы кітапта назарымызды аударғанындай, біз толық түсінікке жете алмаймыз.

Әбу Хамидтің (Ғазали) шығармаларына келсек, ол өзінің халқының ыңғайына жығылып, бір жерде кеңшілік жасағандарын екінші бір жерде тұйыққа алып барады, бірде кейбір заттарды мойындамаса, бірде оларды насихаттайды. Алайда ол өзінің "Жоққа шығару" ("Ниспровержение") атты кітабында тәннің тірілуін жоққа шығарғандары және жақсылық пен жаза тек жан үлесінде ғана дегендері үшін философтарды айыптайды. Одан кейін "Таразылар" кітабының басында бұл пікір софы шейхтарының пікірі деген тұжырымды айтады да, "Қателесуден сақтандырушы және экстаз қалпын жорушы" шығармасында өз пікірі софылар пікірі есепті, бұған ұзақ зерттеулерден соң тоқтадым дегенді баса айтады. Оның шығармаларын тереңдей зерттеп оқыған адам олардан осы тәрізді нәрселерді көптеп ұшыратады. "Харекет таразылары" кітабының аяғында ол акталып, пікірді үш түрге бөліп таратады: өзі ұстанатын қарапайым халықтың пікірімен үйлесті пікір, кезкелген сұрақ қоюшыға, шындық жолын іздеушіге айтылатын үйлесімді пікір және соңғысы — тек адамға және оның жанына ғана мәлім, өзінің көзқарасын бөлісетін адамға ғана ашылатын пікір. Одан әріде ол былай дейді: "Егер осы сөздер ұрпақтан ұрпаққа өтіп келе жатқан сеніміне. қатысты аз - кем күдік тудырған болса да, осы пайданың өзі жеткілікті болар еді. Өйткені кім де кім күдік келтірмесе, ол зерттемейді, зерттемеген адамның көзі ашылмайды, көзі ашылмаған зағип қалпында, күмәнді толқу үстінде қала береді". Ол осыдан соң мына өлеңді мысалға келтіреді:

Нені көрсең — соны ал да, естігенді қоя тұр,

Күн шыққан соң, ойласаңшы, неге қажет Сатурн?

Оның ілімінің сипаты осы әліптес. Көбіне ол емеуірінге, жұмбаққа құрылады, осыдан ол алдымен рухани зердесімен ұзақ сараптап, соңынан оны өзінің аузынан естіген немесе оны түсінуге даярлығы бар аздаған емеуірінді қанағат тұтатын аса қабілетті адамдарға ғана пайда әкеле алады. Сондай-ақ "Асыл тастар" шығармасында оның қаламынан таза шындық баяндалған құнды жазбалар шыққаны айтылады, бірақ, біздің білуімізше, Андалусияға одан ештеме жеткен жоқ. Рас, кейбіреулер, міне, қастерлі ойлар осылар деген жеке шығармалар қолымызға тиді, бірақ іс жүзінде бұлай емес: бұлар "Ақылмен тану" (Познание умственное), "Дем бітіру және аяқтау" (Вдувание и завершение) кітаптары және өзге мәселелер жөніндегі жинақтар. Бұл шығармаларда сілтемелер бола тұрғанымен, осыған дейінгі мәлім еңбектердегіден асқан жаңалық жоқ. Оның үстіне, "Биік мақсат" кітабында бұл шығармалардағыдан тереңірек дүниелер ұшырасады. Ал оның өзі "Биік мақсат" еңбегін ең құнды еңбектері қатарынан атаған жоқ. Осыдан бізге жеткен еңбектерін де бұл қатарға жатқызбаймыз.

Кейінгі зерттеушілердің қайсыбірі оның "Баспалдақ" (Ниша) кітабының аяққы сөздеріне ерекше маңыз береді. Бұл оларды қайтып шығарға жол жоқ шыңырау түбіне жібереді. Онда түрлі жағдайлар айтыла келе, ақырында Жоғарғы Ақылмен қосылуға жеткендердің пікірі бойынша болмыстың таза тұтастықпен сыйыспайтын қасиеттерге иелігі, осыдан Түпкілікті, Ақиқат және мәртебелі Болмыстың көптігі шығатыны айтылады. Бірақ Раббымыз оң жолдан таюшылардың сөздерінен мәртебелі! Шейх Әбу Хамидтің жоғары рахат сезіміне бөлінушілерден екеніне, оның осындай дәрежеге жеткеніне біз күмәнданбаймыз. Алайда оның аян болған білімдері жазылған ең құнды еңбектері бізге жеткен жоқ.

Енді өзімізге келсек, біз оның сөздерін шейх Әбу Әлидің айтқандарымен жанастыра отырып оқып үйрену және оларды философиямен шұғылданушы замандастарымыздың, сүйікті адамдарымыздың пікірлерімен ұшырастыру жолымен біліміміздің шегі болып табылатын осы ақиқатқа жетіп, оны өздігімізден меңгере алдық. Зерттеу және зерделеу арқасында алдымыздан әуелі ақиқат ашылды, ендігі жерде болмысты ішкі дүниемізбен түсінудің азды-көпті дәмін татып отырмыз.

Осылардан соң, өзімізді кейінгіге өсиет етіп әлденелер қалдырарлықтай дәрежеде сезіндік. Сөйтіп, өзіміз ие болғанның бәрін біздің риясыз достығымыз және сенің қалтқысыз адалдығың себепті саған сыйлауды, бірінші сенің алдыңа жайып салуды ұйғардық. Бірақ әңгімені алғашқы ой түрткіден бастамай, өзіміз келіп жеткен жерден бастасақ, оның саған догматикалық (мызғымас) қағидалардан артық пайда бере алмасын сезіндік. Біздің сөзімізге қалтқысыз илануыңыз және бізге деген сүйіспеншілік ықыласыңыз себепті осылай істеген жағдайда да, әлбетте, қабылдаған болар едіңіз. Бірақ сізге өлшеулі білім емес, одан гөрі әлдеқайда елеулі бір нәрсе сыйламайынша, қанағаттана алмаймыз. Ең жоғары дәреже туралы сөз қозғамай-ақ қоялық, біздің ұсынғалы отырғанымыздың өзі сіз үшін ондайлық елеулі бола алмас еді.

Біздің ниетіміз — сені өзіміз жүріп өткен жолға бағыттау, соңыра біздің біліміміздің бос жетегінде болмауың үшін, біз өткен теңізден жүзіп өтуге үйрету, өзіміз жеткен жерге жеткізу, біздің көзіміз ашылғанға сенің көзіңді жеткізу. Бары осы ғана. Осының өзі-ақ біраз уақытты, іске барлық ынтамен беріліп, бос уақытыңды сарп етуді қажетсінеді. Егер осы мақсатта еңбек етіп, тер төгуге деген шешімің адал, ұмтылысың берік болса, ертеңінде - ақ түнгі сапарың үшін шаттанасың, жұмсаған жігерің үшін Раббының рахымына бөленесің, Ол да саған разы болады. Ал мен болсам, сені қашан тілеген уақытында ең тете, қауіп-қатерсіз жолмен бастап отыруға әзірмін. Ендігі жерде жетекке әзір болсаң, сенің ынтығыңды одан әрі арттыра түсу және дұрыс бағдар беру үшін, мен шейх Әбу Әлидің Хай Ибн Якзан, Асал және Саламан атағандардың хикаясын айтып берейін. Бұл хикая есті адамдарға үлгі, "көкірегінде сәулесі барларға, ынталы әрі көрегендерге өнеге".

Үнді аралдарының ішінде жер белдеуінен (экватор) төменде жатқан бір арал бар, сол аралда әкесіз, шешесіз бір бала дүниеге келді деп жеткізеді біздің даңқты бабаларымыз (оларға Алла разы болсын). Бұлай болу себебі бұл аралдың ауа райының бірқалыпты тұрақтылығынан, оған құдірет нұрының жаууы себепті жер бетіндегі өзгелерге қарағанда өмірді қабылдауға неғұрлым қолайлы болса керек. Рас, бұл көпшілік философтар мен емшілердің пікірлеріне қайшы келеді. Өйткені олардың түсінігінде адам мекендеген әлемдегі ең қолайлысы төртінші климат (ортағасырлық араб географтары жерді оңтүстіктен солтүстікке қарай жеті белдеуге немесе климатқа бөлген). Бірақ олардың сөзі жердің қасиеттерінен туындайтын кедергілерге байланысты жердің белдеуінен төменде мәдениеттің болуы мүмкін емес деген түсініктерден туатын болса, төртінші климат өзгелерінің бәрінен қолайлы дегендерінің жаны бар. Ал егерде олардың экватордан төменгі жер тым ыстық дегілері келген болса, көпшілігі осылай дейді де, бұл — қателік және кері пікірді дәлелдеуге әбден болады. Мәселенің мәні мынада: табиғат ғылымдары ыстық болудың себебі не қозғалыстан, не ыстық денелердің қосылуынан, не жарықтан екендігіне көз жеткізіп отыр. Олар тағы да мынаны анықтады: күн өзінің болмысында ыстық дене емес, қызудың жоғарыда айтылған ешқандай қасиеттері онда тағы жоқ, сол сияқты жарықты неғұрлым толығырақ қабылдаушы тегіс, қою түсті денелер екені, одан соң түсі осындай, бірақ тегіс емес денелер келетіні айқын. Ешқандай дақсыз, мөлдір денелерге келсек, олар жарықты мүлдем қабылдамайды. Мұның бәрін дәлелдеген жалғыз шейх Әбу Әли, одан ілгергілер бұл тарапында сөз етпейді. Егер осы жорамалымыз дұрыс болса, одан шытатын қорытынды — бір ыстық дененің екінші денені үйкелу арқылы қыздыратыны тәріздес күн жерді қыздыра алмайды, өйткені күн өздігінен алғанда қызулы дене емес, екіншісі — жер қозғалыс нәтижесінде қыза алмайды, өйткені ол қозғалмай, күннің шыққанынан батқанына дейін бір қалпында тұрады да, оның жылып, суынуы осы уақыт аралығында айқын сезіледі, одан кейінгі түйін — күн алдымен ауаны қыздырып, сол арқылы жерді жылыта алмайды. Мұның қалай болуы мүмкін, егер аптапта жер бетіне таяу ауаның одан қашықтаған сайын салқындай түсетінін көріп, біліп отырсақ? Сонымен, мойындайтынымыз — күн жерді жарығы арқылы жылытады, өзге жол жоқ. Өйткені жарық ыстықпен әрдайым қат-қабат, бірі бірінен айырғысыз. Оған мысал — от тұтандырғыш айнаға шоғырландырылғанда қарсы тұрған зат бірден жана бастайды. Күннің де, жердің де шар формалы екендігі, күннің жерден әлденеше есе үлкендігі және жердің үнемі жарық түсіп тұратын бөлігі қараңғы жағынан көп екендігі, осы жарық бөлігінің ең орта тұсына қараңғы бөлігінен недәуір қашық жатуы себепті жарықтың неғұрлым көп түсетіні, шеңберге жуықтаған сайын жарықтың солғындай келе жердің жарық шеңберінен төмен біржола қараңғылыққа енетіні, күн өзінің шырқау биігінде тұрғанда ғана әр бөлік (жер) жарықтанған шеңбердің ортасы болып, бұл тұстың неғұрлым ыстық келетіні ғылым жолында бұлтартпас дәлелдермен анықталған. Егер күн жердің осы тұсында шырқау биігінен алыс болса, сол түс мейлінше суық, ал тура тастөбеде тұрса, мейлінше ыстық болады. Астрономия ғылымында жер белдеуінен төмен жатқан елдерде күн өзінің шырқау биігіне жылына екі рет қана — бір рет Тоқты белгісінде, екінші рет Таразы белгісінде болуда көтерілетіні дәлелденді. Ол жылдың қалған мерзімінде алты ай оңтүстікке, алты ай солтүстікке сәйкес келеді. Демек, онда не шамадан тыс ыстық, не ерекше суық болмайды, ауа райы бір қалпында тұрады. Бұл мәселе бұған қарағанда кеңірек түсіндіруді қажет етеді. Бірақ біздің мақсатымыз ол емес. Бұған осындай жерде әке-шешесіз баланың дүниеге келуі мүмкіндігін дәлелдеу мақсатында ғана назар аударып отырмыз.

Сонымен, біреулер Хай Ибн Якзан осында әке-шешесіз дүниеге келген деген тұжырымды айтады. Басқалары оны жоққа шығарып, оның хикаясын менің қазір айтып бергелі отырғанымдай баяндайды.

Осы аралға қарсыда тағы бір үлкен, бай әрі адамдар мекендеген арал болды, оның өте паң, әрі қызғаншақ патшасы болды дейді олар. Ол патшаның бір қарындасы бар еді, патша оған тең таппай, айттыра келгендердің бәрін жақтырмай, қуып, қарындасының тұрмыс құруына кедергі болады. Ал оның Якзан есімді бір көңілдесі болатын, сол елде орныққан рәсіммен қыз оған құпия тұрмысқа шықты. Сөйтіп, одан жүкті болып, ер бала көрді. Бұл жағдай жария болып, құпиясының ашылып қалуынан қорыққан әйел баланы тойғызып емізіп, берік жасалған сандыққа салып, сенімді қызметшілерінің, құрбыларының көмегімен түнге қарай теңіз жағасына алып шықты. Балаға деген мейірімі мен оның ертеңгісіне қорқыныштан жүрегі өртенді. "Жасаған, бұл баланы еске аларлықтай қылып, жоқтан бар еттің, ішімде қамқорлықпен асырадың, сөйтіп, ол жақсы дамып - жетілді. Енді әділетсіз патшадан, қайырымсыз зұлымнан қорқып, мұны өзіңнің еркіңе сеніп тапсырғалы тұрмын, мейіріңнен үміткермін. Қайырымдылардың қайырымдысы, оны жалғыз тастай көрме, онымен бірге бол", — деп қоштасып, сандықты теңізге жіберді. Екпіндеп келген ағыс оны қағып алып, сол түнде-ақ біз жоғарыда айтқан аралға жеткізді. Ол жолы су жылына бір-ақ рет көтерілетін кемеріне дейін көтерілді. Сөйтіп, толқын сандықты құрғаққа, қалың жыңғылдың арасына шығарып тастады. Бұл жел мен жаңбырдан ықтасын, шыққанда алыстап, батқанда төне түсетін күн көзінен таса тамаша мекен еді. Су кері серпіліп, сандық орнында қала береді. Жағалаудың құмы көтеріле - көтеріле жыңғылды судан мүлдем бөліп тастады, тасқын қайтып көтерілген жоқ.

Толқын осы жыңғылға серпіп жібергенде, сандықтың шегелері босап, тақтайлары салдырап қалды. Аштық сезінген бала жылап, дауыс шығарып, қозғала бастады. Оның дауысы лағын жоғалтқан еліктің құлағына шалынады. Ол өзінің лағы екен деп, үн шыққан бағытпен сандыққа келеді. Ол сандықты тұяғымен ашуға әрекеттенеді, бала ішінен бойын тіктеді, сөйтіп, сандықтың тақтайлары босап қалды. Елік балаға үйіріліп, оны жақсы көреді, емшегін тосып, дәмді сүтімен ауыздандырды. Осыдан кейін үнемі келіп қоректендіріп, өзгелерден қорғаштап жүрді. Өздігінен дүниеге келуді жоққа шығарушылардың пікірінше, хикая осылай басталады. Баланың қалай өсіп, ержеткенін, оның жоғары дәрежеге ие болғанға дейінгі хәлінің қалайша құбылып, өзгергенін біз кейінірек баяндаймыз.

Бала әке-шешесіз пайда болды деушілерге келсек, олар былай дейді: ол аралда бір ойпат болды. Онда сазбалшық ыстық пен суық, ылғал мен құрғақ тең бөлікте, бірдей мөлшерде және бірдей қуатында араласқанға дейін жылдар бойы ашып жатты. Бұл ашыған сазбалшық өлшеусіз мол еді. Оның бір бөлігі араласқан қоспаларының біртекті бөлінуі және ұрық жасау мүмкіндігі тұрғысынан қалғандарынан артық еді. Әсіресе дәл орта тұсы өлшемділігі тұрғысынан адамның құрамына неғұрлым толығырақ үйлесімді болды.

Сөйтіп, осы сазбалшықта өмірге келу процесі басталады. Оның желім тәрізді жылбысқа сұйықтығы себепті қайнағандағы іспетті көбіршіктер пайда болды. Дәл орта тұсында жұқа қабыршақпен бөлінген, құрамы мөлшердегі үйлесім өлшеміне сайма-сай майда, жеңіл дене бар ерекше шағын көпіршік пайда болды. Сонда оған Жаратушыдан келген жан қосылып, не сезіммен, не ақылмен ажыратып алмастай берік бекіп қалды. Өзімізге мәлім, әр заманда әлемге төгіліп тұратын күн сәулесі тәрізді жан әлбетте ұлы мәртебелі Раббымыздан тарайды. Күннің жарығынан денелердің қайсыбірі, мәселен, мейлінше тұнық, мөлдір ауа, мүлдем сәуле түсірмейді, екіншісі сәулені солғын ғана береді. Мәселен, беті тегістелмеген қою өнді заттар осындай. Соңғысы түсіне қарай сәуле беру мүмкіндігінен өз ішінде бірнеше түрге бөлінетіндігін де айта кету керек. Үшінші бір денелер жарықты толық шағылыстырады. Осы қатарға беті тегістелген, мәселен, айна тәрізді денелер жатады.

Егер бұл айна ерекше әдіспен ішке қарай ойық жасалған болса, сәуленің шамадан тыс тоғысуы себепті от шығарады.

Раббымыздан барша өмір сүрушілерге мәңгілік тарап отыратын жан да осылай: кей заттардан оның әсері табылмайды. Мәселен, минералдарда ол жоқ. Оларда өмір жоқ. Өздерінің қасиеті жағынан олар жоғарыда айтылған ауа іспетті. Басқа бір денелерден, мәселен, әрқайсысының қабылдаушы сатысына қарай түрлі өсімдіктерден жанның көрінісі ұшық береді. Оларды жоғарыда келтірген мысалдағы қою денелерге ұқсатуға болады. Соңында, үшіншілерінде жанның әсері ерекше көрініс береді. Түрліше жануарлар осы топқа жатады. Оларды жоғарыдағы тегістелген денелерге ұқсатамыз. Бұл тегіс денелердің ішінде күн сәулесін шағылыстыратындарымен бірге сол жарықты қайтара алмайтындарының болуы тәрізді, хайуанаттар арасында да кейбірі жанның сәулесін берумен бірге жанды жетілдіре, өзіне ұқсас етіп өндіре алады. Бұл қасиет тек адамдардың үлесінде. "Раббым адамды өз бейнесінде жасады" дегенде, пайғамбарымыз (оған Алланың рахымы жаусын) осыны айтты. Егер адамның бойында бұл қасиет басқалардың бәрі оның алдында солғын тартатындай ерекше айқындалса, ол осынысымен оқшау тұрар болса, оның бойындағы от кездескеннің бәрін жалынымен шарпитындай болса, адам өзінен басқа заттарды тұтандырушы ойыс айнаға ұқсаған болар еді. Бірақ бұл қасиет тек пайғамбарларға ғана тән (оларға Раббымның рахымы жаусын). Мұның бәрі тиісті шығармаларда жақсы жазылған.

Енді өздігінен жаралуды баяндайтын әңгімемізді аяқтауға оралайық. Олар былай дейді: бұл қуысқа жан келіп бекіген соң, барлық күш иелері оның алдында мүләйім болды, Раббымыздың әмірімен олар қанша болса, соншасы тәжім қылды. Бұл қуысқа қарсыда өз ішінен өте жұқа қабыршақтармен үшке бөлінген, бәрін жалғастыратын ортақ түтікшесі бар дәл бірінші қуыстағы тәрізді, бірақ одан да жұмсақ, үлпек затпен толтырылған тағы бір қуыс болды. Бұл үш бөлікте жанға тәуелді, осы бөліктерді қоршап, қорғауға, олардағы болып жатқан шағын және ұлы құбылыстарды бірінші бөліктегі жанға жеткізіп тұруға міндетті кейбір күштер мекен етті.

Бұл мекенге қарама-қарсы алғашқы екеуіндегіден қатқылдау, ауа іспеттес денемен толтырылған үшінші көпіршік болды. Мұнда бағынышты болған күштердің тағы бірі орналасты. Ол да күзет һәм қамқорлық міндетін атқарды.

Осы үшеуі де біз айтқандай ретпен орналасып, ұйыған саз балшықта бірінші болып жаралды. Оларды бір-бірімен өзара қажеттілік байланыстырады. Мәселен, бірінші қалған екеуінің қызметі мен күзетін қажетсінсе, анау екеуі бағыныштының басшыны, басқарылушының басқарушыны қажет ететініндей кіріптарлықта болды. Және осы екеуінің әрқайсысы өздерінен кейін пайда бола бастаған мүшелерге басшы хұқында жүрді, сонымен бірге екінші дене қуысы үшіншіге қарағанда өктемірек болды.

Бірінші дене қуысы оның жанымен байланыста болуы және ішінде жан қызуы алаулап тұруынан сүйірлеу, от формасын қабылдады, оны қоршаған қатқылдау дене де соның формасын қабылдап, қатайып, қорғаушы қабатқа айналды. Мүше тұтасымен жүрек атауын алды. Ыстықтың салдарымен байланыс әлсіреп, ылғалдың жойылатыны мәлім. Содан жүрекке үнемі нәр беріп, жоғалған заттардың орнын толтырып отыратын мүше қажет болды, онысыз жүрек өмір сүре алмас еді, сонымен бірге оған өзіне жарамды -жарамсызды ажырататын, жарамдысын сіңіріп алатын, жарамсызын кері шығаратын мүшелері де қажет болды. Бір мұқтажды өтеуді өзінде орналасқан, бірақ тегі жүректен шыққан күші бар бір мүше өтемек болса, екінші қажеттікті орындауды екінші мүше өзіне алды. Сезім үшін жауапты жүктеген мүше ми болды, ал қорек беруші мүше бауыр болды. Бірақ бұл екі мүшенің екеуі де өздеріне жылу және қуат беруші ретінде жүрекке тәуелді болды. Осы өзара қатынастардың бәрін атқару үшін, олардың орталарына тарам - тарам жолдар өткізілді. Қажетіне қарай олардың бірі кең, екіншісі тарлау болды. Артерия мен вена — күре тамыр мен ұсақ тамырлар осылар.

Осы жорамалдың жақтастары бұдан әрі де табиғат зерттеушілерінің жатырда ұрықтың пайда болуынан оның құрсақтан шыққанына дейін мүшелерінің қандай ретте жетілетінін тәтпіштегені тәрізді, бүкіл ағзаның, оның мүшелерінің қалыптасуын дәлелді тізеді. Жетілу барысын суреттегенде, олар үю барысындағы және қалыптастыруды бастау қуатына ие осы алғашқы саз балшыққа оралып соғып отырады. Өйткені адамның денесін көмкерген сыртқы қабығы, оның жасалуына қажеттің бәрі осыдан. Соңынан, ұрпақ әбден жетілгенде, әйелдің босанғандағысы тәрізді, бұл қабыршақтар сылынып түсіп қалды, құрғақтық салдарынан өзге саз балшықтар да шытынады. Жаңа келген нәресте қорек алатын ортасынан ажыраған соң қарны ашып, жылай бастады, оның шырылын естіп, лағын жоғалтқан елік келді.

Бұдан кейінгі жерде екі жорамалдың да жақтастарының сөзі бір жерден шығады, яғни нәресте есейгенге дейін еліктің қамқорлығында болады.

Екісінің де сөздеріне жүгінсек, баланы тәрбиесіне алған елік шөбі шүйгін жайылымға тап болып, тойынды, сүті молайды, сөйтіп, нәресте қарқ болды. Елік баланың жанынан ұзап шықпады, өріске ғана барып, қайтып оралып жүрді. Баланың оған бойының үйренгені сонша, аз-кем уақытқа қасынан ұзаса, көзін бұлап, дауыстап жылай бастайтын болады. Елік естіген сәтте жетіп келеді. Ол аралда ешқандай азулы аң жоқ еді. Сөйтіп, елік сүтімен бала өсе бастады, екі жасқа жетті, тісі шығып, жүруге жарады. Еліктен елі бойы қалмады, елік те оған бәйек болып, өзімен ертіп, жеміс ағаштары өскен жерлерге серуендетіп, жерге үзіліп түскен жемістерді тергізіп жегізіп, қабығы қатты болса, тұяғымен жарып, азу тістерімен шағып берді. Сүт сұраса, сүт береді, шөліркесе, суатқа апарды, күн ысыса, көлеңкеге бастады, тоңазыса, жылытты. Түн баласы өздерінің бастапқы мекеніне апарып, өзінің денесімен қалқалап, бала сумен ағып келген сандықтағы мамықпен қымтады.

Таңертеңгісі, және кешқұрым оларға кәдуілгі бөкендер тобыры еріп жүрді, күндіз бірге жайылып, түнде қатар түнеді. Осылайша үнемі елікпен бірге өмір сүріп, бала аумай соларша дыбыс беретін болды, тіптен ажырату мүмкін емес еді. Дәл осылай ол өзі естіген құстары мен андарының дауыстарын өзгертпей салып, көмекке, серік болуға, қауіптен сақтандыруға әр түрлі үн шығарды, осылардың бәрін бала таза келтіре білді. Сөйтіп, хайуандар оған, ол хайуандарға үйірлесті, бірінен бірі шеттеген жоқ.

Заттардың бейнесі жадында әбден бекіген шақта, олар тіптен дәл қазір көз алдында тұрмаса да, біріне ұмтылыс, екіншісіне жиреніш сезінетіндей болды. Барлық хайуандарды андай жүріп, ол түк басқандарын, жүндестерін, қауырсындыларын көрді, жылдам жүгіретіндерін, айбарлыларын, дұшпанына қарсы қолданатын мүйіз, тіс, тұяқ, тырнақ тәрізді қаруларын білді. Ой жүгіртіп, өзінің жалаңаштығын, қарусыздығын, жылдам жүгіре алмайтындығын, жеміс үшін таласта хайуандарға қарсы қайрат жасауға дәрменсіздігін, не қашып құтыла алмасын көрді. Ол жасы өзімен шамалас лақтарға мүйіз шығып, ілгеріде әлжуаз болса, тез жетіліп, жылдам жүгіре бастағандарын көрді, ал өзінен ондай еш жылдам өзгеріс байқай алмады. Ол қаншама ойланғанымен, себебін таппады. Ол мертіккен, туа өсе алмай қалған хайуандарды байқастап, олардың арасынан да өзіне ұқсағандарын көре алмады. Хайуандардың нәжіс шығаратын түтіктеріне көз жіберіп, олардың не құйрығымен, не жүнімен жасырын тұрғанын, сондай-ақ жыныс мүшелерінің де көп көлегейлі екенін байқады. Осыдан күйініп, күйзеліске түсті. Оның бұл хәлі ұзаққа созылды. Енді, міне, жетіге шыққанда өзін қиналысқа салған жоқ нәрселердің өздігінен пайда боларынан күдер үзіп, ағаштардың жалпақ жапырақтарын үзіп алып, құрма ағашы жапырағын шиырып, бірін алдынан, екіншісін артынан орай тағынып алды. Бірақ жапырақтар ұзаққа бармай, қурап түсіп қала берді. Ол өзгесін алып, бірнеше қабаттап тағынды. Қанша шырғалаңға түскенімен, онысы да баянсыз болды. Аташтың екі басы сүйір, ортасы түзу бұтақтарын таңдап алып, өзіне өш аңдарға қарсы жұмсады, әлсізіне күш көрсетіп, әлдісінен қорғанды. Осының арқасында оның көңілі көп марқайып қалды, қолдарының хайуандардың аяқтарынан әлдеқайда ұтымды, артық екенін көрді, өйткені ол қолымен ұятты жерлерін жауып, тумысынан бітпеген қаруды қажетсінбей қорғана алатын болды.

Бала осылай өсе берді, жетіден асты, бірақ жапырақтарды ауыстыра беруден қорлық көрді. Сонда оны өлген хайуанның құйрығын пайдалансам деген ой билеп алды. Бірақ ол тірі хайуандардың өлекселерден қашқақтап, жуымайтынын байқады, сондықтан ол да біразға дейін тайсақтап жүрді. Ақыры бір өлі қарақұстың үстінен шығып, баяғы ойын орындауға ұйғарды. Өлекседен безіп бара жатқан хайуандарды көре алмаған соң, батылданып, қанаттары мен құйрығын тұтасымен жұлып алды. Содан кейін терісін сыпырып, екіге бөлді. Бірін арқасына жамылып, екіншісін кіндіктен төмен байлап алды. Құйрығын артына, қанаттарын иықтарына тағынды. Осылай өзіне жылы жамылғы тапты. Мұның бұл кейпінен қорыққан хайуандар енді онымен таласқа түсуден тайсалды, өзін асырап өсірген еліктен өзге хайуан маңына жоламайтын болды.

Елік әбден қартайып, бойынан қуат кеткенге дейін баладан көз жазған жоқ. Енді оны шөбі шүйгін жайылымға бала бастап апарып, дәмді жемістер мен жидектерді теріп асырады. Бірақ елік күн сайын әлсіреп, әбден қартайып, бір күні ажалы жетті, барлық қозғалысы, бар әрекеті тоқтап, қимылсыз қалды. Оны осы қалпында тапқан бала қатты қайғырып, жалғызсырады, кеудесінен жаны шығардай езілді. Елік естіген бойда жауап қатуға дағдыланған дауысын салып барынша ышқына шақырғанымен, ешбір қыбыр еткен қозғалысты, еш өзгерісті көрмеді. Ол еліктің көзі мен құлағына үңіліп, олардан ешқандай оғаш кемшін таба алмады. Барлық мүшелерін қарап шықты — жетіспейтін ештеме жоқ. Бала оны бұрынғы қалпына келтіруге жанын салып, оған кедергі нәрсені қанша іздесе де таба алмай, дәрменсіздікке түсті. Оны осы әрекеттерге бұрын өз бойынан байқаған құбылыстары жетелеген еді. Ол байқайтын: көзін жұмса немесе көз алдына әлденені тұтса, кедергіні алып тастағанға дейін ештемені көрмес еді, тағы да байқайтын: саусағын құлағының ішіне сұқса, айналадағы дыбыс саусағын қайтып алғанынша тына алатын. Қолымен мұрнын басса, босатқанша еш иісті сезбейтін. Осыдан өзінің барлық таным және әрекет - қабілеттерінің көрінуіне бөгет болатын нәрселердің барлығына кедергілерді алып тастағанда, әрекеті қайта пайда болатынына көзі жеткен еді.

Енді, міне, барлық сыртқы мүшелерін қарап шығып, олардан кемшін таппай, сонымен бірге әрекетсіздік жеке мүшемен шектелмей, бүкіл денеге таралғанын көріп, елікті меңдеген кесел көзден таса, дененің ішінде, солай бола тұра, сыртқы мүшелердің әрқайсысының қызметі үшін маңызды мүшеде екен деген ойға келді. Кесел соған байланғанда бүліну барлық денеге жайылып, оны тұтасымен қозғалыстан қалдырады. Егер осы мүшені тауып, оны кеселден ажыратса, ол қалпына келеді, оның дәруі бүкіл денеге жайылады да, өмір сүру қабілеті баяғы қалпына келеді деген берік байламға тоқтады.

Ол осыған дейін жабайы және өзге хайуандардың өлекселерінен олардың бар мүшелері тұтас келіп, бас сүйегі, кеудесі ғана қуыс болатынын көрген еді. Оның көңіліне іздеген мүше осы қуыстардың бірінде болуы керек деген ой келеді. Одан тереңдей түсе, осы үшеудің ортасындағы болса дұрыс деген тұжырым жасады. Өйткені оны барлық мүшелердің бірдей қажет ететініне, сондықтан оның дәл ортада болуы керектігіне сенімді болды.

Ол өзіне қарады да, өз кеудесінен іздеп отырған мүшеге ұқсас әлденені сезгендей болды. Өйткені өзінің назарын аяғы, қолы, құлағы, мұрны, көзі тәрізді өзге де мүшелеріне аударып, ойша оларсыз өмір сүруі мүмкін екенін білді. Ал кеудесіндегі әлдене туралы ойланғанда, онсыз бір сәтте жасай алмасын сезінді. Андармен ұрысқанда да ол дәл осылай осы жерде әлдене барын сезіп, мүйіздің кеудеге бағытталуынан сақтанатын еді. Кесел жабысқан мүшенің кеудеде болуы мүмкіндігіне әбден бекіген соң, ол оны тауып, алып тастауға деген үмітпен іздеуге бекінді.

Соңынша осы әрекетінің өзі елікке жабысқан кеселден де қауіпті болып жүрмес пе деп жүрексінді де. Ол бұрын дәл осындай күйге түсіп, кейін оңалған хайуанды ұшыратпадым ба деп ойланды. Бірақ ондайды есіне түсіре алмады. Елікті тастап жүре берсем, ол баяғы қалпына өздігінше келе алмайды, күдер жоқ, ал жабысқан кеселді тауып, денесінен оны аластаса, өмірге оралтуға, қанша дегенмен, үміт бар. Демек, оның кеудесін ашып, іздеп көру керек деп шешті ол.Тастың жарықшағынан, құрғақ қамыстың сабағынан пышаққа ұқсас әлденелер жасап алып, қабырғалардың арасын сөгіп, етті тіліп, қабырғаның астындағы көк етке жетті. Оның беріктігін көргенде, тек аса маңызды мүшені тана осылай қорғап тұратын нәрсе болуы керек, демек, іздегенімді осы жерден табуым тиіс деген үміт оты оянды. Тілмек болып еді, тас пен қамыстан жасаған қарулары батпады. Өзгелерін алып, өткірлеп, тасқа жанып ұштап, бар күшін салды. Ақыры ет жыртылып, қолы өкпеге жетті. Бастапқыда өзіне қажеті осы болар деп, оның кеселін іздеп, аударып-төңкеріп қарай бастады. Ол алдымен өкпенің бір жатына қарай қырындай жатқан біреуін ғана тапты, ал іздеген мүшесі бұлайша қырындай жатпауы тиіс еді, дененің ені мен көлденеңінің орта тұсында болуы керек-ті; одан әрі іздей бастады. Ақыры жүректі тапты.

Ол өте серіппелі қаптың ішінде, мейлінше берік байланыстырылған болып шықты. Өзі тіле бастаған жатынан өкпенің қоршап тұрғанын көрді. Сонда ол өзіне былай деді: "Егер бұл мүшенің екінші қапталында да осындай қоршаған нәрсе болса, оның дәл ортада жатқаны, онымен қоса оның орналасқан тұсын, формасының әдемілігін, ықшамдылығын, етінің тығыздығы мен өзге еш мүшелерден көрмеген қоршаған қабығын ескерген жағдайда, менің іздеп отырғаным осы екенінде күмән жоқ". Кеуденің екінші тұсын зерттей қарап, одан да бергі қапталындағыдай көк етті, өкпенің екінші жартысын көрді. Сөйтіп, іздеген мүшесі осы екеніне байлам жасап, оның шелін ажыратып, қабын ашуға әрекеттенді. Бірталай күш жұмсап әуреленген соң, оны жыртты.

Жүректі жалаңаштағанда, оның барлық жағынан тұмшаланған тұйықтығын көрді. Зерттей қарап, сырт көзге оғаштық таппады. Басып қарап еді, оның ішінің қуыс екенін сезді. "Бәлкім, менің іздегенім осы мүшенің терең түкпірінде болуы, ал мен отан әлі жете алған жоқпын", — деді ол. Жүректі жарып жібергенде, бірі оң жақта, бірі сол жақта екі қуысты көрді. Оң жағындағысы ұйыған қанға толы, сол жағындағысы бос екен. "Менің іздегенім сөзсіз осы екісінің бірінде", — деді ол. Содан кейін айтты: "Оң жақтан осы ұйыған қаннан өзге ештеме көре алмай отырмын. Оның дене осындай қозғалыссыз күйге түскенге дейін ұйығанында сөз жоқ (өйткені ол қанның атып шыққаннан кейін қойылып, қатайатынын көрген болатын). Бұл, әрине, басқа мүшелердегі сияқты қан. Мен оны барлық мүшелерден көрдім, бірінде болып, екіншісінде болмағанын ұшыратпадым. Менің іздегенім онысыз бір сәт те өмір сүре алмайтын ерекше нәрсе болуы керек еді, мен әуелден-ақ соны іздеп отырмын; қанға келсек, хайуандармен ұрыста менен қанша рет қан шықты, бірақ одан келген осындай кесел жоқ, қозғалу мүмкіндігімнен айрылған емеспін, демек, менің іздегенім мұнда емес; сол жақтағы қуысқа келсек, оның ішінде ештеме жоқ, бос екенін көріп отырмын, бірақ оны пайдасыз нәрсе деп ойламаймын; мен көрген мүшелердің әрқайсысының өзінше атқаратын өздеріне тән қызметтері болатын; сонда сырт қарағанда соншама жетік осы құрылыстың бос болуы қалай? Менің іздеп отырғаным, тегінде, осында болған, кейін шығып, бос қалдырып кеткен, міне, дененің қозғалыссыздығы, қабылдау және қозғалу қабілетін жоғалтуы осының салдары деп ойлаймын".

Бұрын осында болған нәрсе дене бүлініске ұшырамас бұрын тастап шығып кеткен, мүше ол кеткеннен соң бүліне бастаған деген ойға келіп, осыншама бүлінген жерге оның енді қайтып оралмасын білді. Оның көз алдында бұдан бұрын осында болып, шығып кеткен нәрсемен салыстырғанда бүкіл дене тым сүйкімсіз көрінді. Ойын осы шығып кеткен не, оның қасиеті қандай, осы денеде оны не ұстап тұрды, қайда және қай жолмен шығып кетті, егер өз еркімен кетпеген болса, оны шығуға мұқтаж еткен не, өз еркімен кетсе, оны осы денеден безіндірген не деген сұрақтар болды. Осы ойлар жетегінде ол денені ұмытты, оны жайына қалдырып кетті.

Ол өзіне сонша қамқорлық жасап асыраған анасы сол шығып кеткен әлдене екенін, барлық әрекет мына қимылсыз денеден емес, содан болғандығын, ал дененің өзі хайуандармен шайқасқанда пайдаланған таяғы тәрізді құрал ғана екенін түсінді. Сөйтіп, оның бар ықыласы денеден осы дененің иесіне және оның қозғаушысына ауды, сүйіспеншілігі соған арналды.

Дене болса, одан әрі бүліне берді, жағымсыз иістер пайда болды, баланың оған жек көрініші одан сайын күшейе түсті, біржола қарағысы, көргісі келмеді. Осы аралықта оның көзіне таласып жатқан екі құзғын шалынды. Олар бірі өліп құлағанға дейін өшіге таласты. Тірі қалған құзғын жерді шұқылап қазып, өлексені соған тастап, бетін топырақпен жапты. "Өзі өлтіріп, зұлымдық жасағанымен, серігін жерге көміп, мына құзғын қалай жақсылық етті?!" — деп қайран болды. "Мен де солай көмуге тиіспін", — деп жер қазып, оған еліктің денесін тастап, топырақпен бетін бүркеді. Ал өзі сол денені басқарған әлдене туралы ойлаумен болды, оның не ғажап екеніне көзін еш жеткізе алмады.

Барлық ұшырасқан еліктердің денелерін қарай жүріп, бәрінің түрі, формасының шешесіне ұқсастығын тапты, олардың бәрін қозғалысқа келтіретін, басқаратын өзін асыраушы елікті қозғалтып, қимылға келтірген, енді тастап шығып кеткен әлдене деген сенімге тоқтады. Осындай ұқсастықтар себепті ол елік атаулыға іш тартып, үйіріле бастады. Әртүрлі хайуандарды, өсімдіктерді тексеріп, жеке хайуандар мен өсімдіктердің бір түрлерінің көп ұшырасатынын көріп, өзі тәріздес ешкім ұшырамас па деген үмітпен аралды кезіп, көп уақыт ұтқызды. Ол аралды жан-жағынан теңіз қоршап жатқанын көрді. Осыдан әлемде бұдан өзге жер жоқ деген ұғым орнықты.

Бірде жыңғылдан бір-бірінің үйкелуі салдарынан от шықты. Бұрын көрмеген құбылысқа сақтықпен, үрке қарады. Таң-тамаша болып ұзақ тұрды, біртіндей жақындай түсті. Оттың көз қарықтырған жарығын, оның екінші бір затты тиген бойда өзіне ұқсас затқа айналдырып жіберетін жойқын күшін көрді. Осы қызығуы және Жаратқанның табиғатына жазған өжеттігі оны оттан бір үзім алуға итермеледі. Бірақ қолын созған бойда от шарпып өтті, уысына тұта алмай қалды. Бұл басы ғана тұтанып үлгерген шаланы алу керектігін көрсетті. Ол бір басы жанып жатқан бұтаны от шалмаған жағынан көтеріп алып, өзінің үңгіріне алып келді. Ол ілгеріректе іздеп тапқан жартастың қуысында еді. Отқа құрғақ шөп, бұта тастап, күні-түні сөндірмей, демдеп, ғажап қалып, маңынан ұзап шақпады. Әсіресе түнге қарағанда оттың күн жарығын алмастырғанына, жылу бергеніне қуанды. Ол оған барған сайын үйіріле түсті, отты айналасындағы нәрселердің бәрінен жоғары санады.

Оттың үнемі жоғары қозғалып, биікке ұмтылуынан ол от өзі көргендердің ішіндегі жалғыз аспан денесі болса керек деген ұйғарым жасады. Ол қолына іліккеннің бәрін отқа тастап, осы заттардың көлемі мен жанғыштықтарына қарай оттың қалай жоқ ететінін бақылап, әр затпен оттың күшін сынады. Оттың күшін білмекке оған тастағандарының ішінде жағаға толқынмен шығып қалған бір су жәндігі ілікті. Жәндік қуырылғанда өте бір жағымды иіс шығарды, төбеті шауып, жеп көріп, дәмді деп тапты. Ол осылай түрлі айла жасап, теңізде, құрлықта аңшылықпен кәсіптеніп, әбден імеберленіп алды. Енді етпен қоректенетін болды. Бұрын болмаған түрлі дәмді тағамдар тапқан соң, осыған себепші болған отты одан сайын ұнатты.

Сөйтіп, оттың осындай жақсылығын, жойқын қуатын көріп, құлай ұнатқан жерде оның көңіліне өзін асырап өсірген еліктің бойынан ұшқан нәрсенің осы немесе осыған ұқсас әлдене болуы ықтимал деген ой келді. Келесі байқап түйгендері бұл ойын одан әрі растай түсті: ол хайуандардың өмір бойы жылылық сақтап, өлген соң суына бастайтынын, барлық жағдайда осылай екенін көрді. Ол өзінің бойынан да, елікті сойып көрген тұсынан, өз кеудесінен де үлкен жылылық барын сезінді. Сөйтіп: "Егер бір хайуанды тірідей ұстап, жүрегін ашып, елікті сойғанда бос күйінде қуысты тексерсе, сол әлденені тірі хайуаннан таба алар ма еді, оның табиғаты отпен бірдей болып шығар ма екен, онда жарық пен жылу бар ма, жоқ па?" — деген ойларға қалды.

Сонымен, бір хайуанды ұстап алып, дәл баяғы елік секілді сойып, жүрегіне жетті. Назарын алдымен сол жақ қуысқа аударды, тілік салып, оның бу тәріздес ауаға толып тұрғанын көрді. Саусағын жүгіртіп еді, қолын ыстық шарпыды, хайуан сол сәтінде өліп қалды. Сонда хайуанды қимылға келтіріп тұрған осы бу екені, мұндай будың әр хайуанда болуы және ол ұшқан сәтте хайуанның өлетіні мәлім болды. Осыдан кейін құрылысын, орналасу реті мен тәсілдерін, жалпы санын білмек үшін, хайуанның барлық мүшелерін тексеруге ынтасы кетті. Олардың бәрі осы будың арқасында тіршілікте болса, буды қалай пайдаланады, ол денеге қалай таралып, қалай сақталады, күш-қуатты қайдан алады, оның жылуы неден таусылмайды? Ол ұшырасқан өлі және тірі хайуандарды сойып, осының бәрін зерттеді, қашан білікті табиғат зерттеушілері дәрежесіне жеткенге дейін ол бар ойын, бар назарын осыған жұмды.

Кезкелген хайуан өзінің мүшелерінің көптігіне және сезімдері мен қимылдау, қозғалу әдістерінің сан алуандығына қарамастан, бір орталықтан шығатын осы рухтың арқасында біртұтас әлдене екендігі, ал оның бөлшектенетін мүшелері оған қызмет жасайтын құралдары ғана екені күмәнсіз айқын болды. Бұл рухтың денені басқарудағы әрекеттерінен бір қарумен хайуандармен ұрыс салатын, екінші қарумен оларды аулайтын, үшінші қарумен соятын өзінің әрекеттеріне ұқсастық тапты. Мұны аз десең, оның хайуандарға қарсы жұмсайтын қаруларының бірі олардың шабуылын қайтаруға, бірі оларды түйреуге оңтайластырылып бөлінеді. Сол тәрізді аңшылық құралдары да судағы мақлұқтарды аулауға арналып бір бөлек болса, құрлықтағы анды ұстау үшін екінші түрлі, соғыс құралдары да тесуге, түйреуге, жаруға, сындыруға арналған сан алуан. Осылайша дене бір болғанымен, ол әрбірінің мақсатына қарай, ыңғайына байланысты әр қаруды әртүрлі жұмсауды басқарады.

Хайуан рухы да біртүтас. Ол көз - қаруын пайдаланғанда, көру әрекеті мүмкін болады, құлақ қаруын пайдаланса, есту әрекетіне ие болады, мұрны арқылы иіс сезеді, тілімен дәм біледі, терісімен және етімен сыртқы әсерді сезеді, егер әлдебір мүшесін пайдаланса, қимыл пайда болады, бүйрегі іске қосылса, азықтану және оны қорыту мүмкін болады. Әр жеке мүшеге жеке-жеке жерлері бағынышты етілген. Бірақ әр қозғалыс жүйке аталатын жолдар арқылы осы рухтың бір бөлігі мүшеге келіп жеткенде ғана орындалады. Егер осы жолдарға бөгет, көлденең кедергі тұрғызылса, бұл мүшенің қозғалуы тоқтайды. Бұл жүйкелер рухты ми қабатынан, ал ол өз кезегінде жүректен алады. Мида толып жатқан рух сақталып тұрады. Ол көп бөлшектерге бөлінген. Егер әлдебір себеппен бұл рух әлдебір мүшеге жетпесе, оның қимылы тоқтап, ешкім қажет етпейтін, лақтырылып тасталған құрал тәрізді болады. Ал егер де рух денеден түгел шықса, жоғалса әлде басқадай жолмен таралып кетсе, бүкіл дене қимылдан қалады, өлік жағдайына енеді.

Оның ой ізденістері өзінің үшінші жеті жылдығына, яғни жиырма бір жасқа шыққанында осындай тұжырымдарға бастап әкелді.

Бұл аралықта оның тапқырлығы түрлі қырынан көрінді. Мәселен, ол өзі сойған хайуандардың терілерін үстіне жамылып, аяғына орайтын болды. Жүннен, түрлі өсімдіктер сабағынан жіп иірді, өткір қамыс сабағынан ине жасады, оны тасқа салып қайрады, ұштады. Қарлығаштардың қимыл - әрекетін байқаудан келіп, құрылыс салуды үйренді, өзіне үй, басы артық тағамдарына қойма тұрғызып, оған өзі жоқта басқа андар кіріп кетпеуі үшін, қамысты қатарлап тоқып, есік тұтты. Жабайы құстарды аңға шыққанда көмек болуы үшін қолға үйретті, жұмыртқа тауып, балапан басатын үй құстарын ұстады. Жабайы бұқалардың мүйізінен найзаның ұшы тәрізді қару жасап, сапқа отырғызды, түрліше тастармен өңдеп, найза кейпіне келгенше еңбектеніп, тәп-тәуір қару жасап алды. Теріні бірнеше рет қабаттап қалқан жасады. Мұның бәрін ол табиғи қаруы жоқ екенін аңғарып, жетпейтін нәрселердің орнын өз қолдарымен толтыра алатынын сезіп, біліп істеді. Ендігі жерде қай түрлі хайуан болсын оған қарсы тура алмайтын, беттемейтін болды, бірақ олар қашып құтылып кете берді. Енді осыған қарсы айла қарастыра бастады. Неғұрлым ұтымды жолы — шапшаң жүгіретін чайуанның бірін қолға үйретіп, жақсы азықтандырып, қанында ұстау, салт отырғызатындай сеніміне жету, хайуандардың соңына сонымен түсу болып көрінді. Ол аралда жабайы жылқылар мен есектер бар еді. Осылардың ішінен өзіне жарамды дегендерін ұстап алып, үйретіп, ойын орындады. Қайыс пен теріден жүген, ер-тұрманға ұқсас бірдемелер жасап, салт отырды. Енді өзі армандағандай бұрын жете алмайтын хайуандардың адымын аштырмайтын болды. Ол осы тәрізді әртүрлі істермен хайуандарды сойып, олардың қасиеттерін, мүшелерінің ерекшеліктерін анықтаумен шұғылданған кездерінде, біз жиырма бір жаста деп анықтаған шағында қатар айналысты. Кейін ол тіптен өзгеше жұмысқа кірісті.

Ол осы пайда болатын және жойылатын әлемдегі барлық денелерді — хайуандардың бір-бірінен өзгеше сан алуан түрін, өсімдіктерді, асыл және жай тастарды, топырақты, суды, буды, мұзды, қарды, бұршақты, түтінді, жалын мен шоқты тегіс зерттеп қарады. Оларға көптеген қасиеттердің, бірде үйлесімді, бірде кереғар қимылдың тән екенін көрді. Ол бұларды тексеруге үлкен ынта қойып, көп күш жұмсады, кейбір қасиеттеріне қарай ұқсастықтарын, кей қасиеттерімен айырмасын және ұқсастығы тұрғысынан алғанда біртекті, тұтас сипатта келіп, айырмалары тұрғысынан қарағанда сан алуан және көптік сипатта екенін андады. Заттарға тән ерекшеліктерге және олардың бірінен екіншісі не арқылы ерекшеленуіне көз жібергенде, олар сансыз көп болып елестеді. Бардың бәрі өлшеусіз бөлшектеніп жүре береді. Оның өзінің болмыс бітімі де көптік сипатында көрінді. Өйткені ол өзінің мүшелерінің алуан түрлілігін көрді, әр мүшесі өзіне ғана тән қасиетімен және бір әрекет жасауға оңтайлылығымен ерекшеленіп түр, осыған қарап, өзін де бірнеше бөлікке бөлуге болатынын көрді. Сөйтіп, ол өзінің болмысы туралы көп деп және осы тәрізді әрбір зат көптен тұрады деп шешті.

Осыдан соң ол өзгеше жолға түсіп, басқадай зерттеулермен шұғылданып, өзінің мүшелері көп болғанымен, олардың бір - бірімен тығыз байланысын байқады, демек, оларды біртұтас нәрсе ретінде қарау дұрыс деп шешті. Өйткені олар өздерінің әрекеті тұрғысынан ғана ажыратылады, ал ол әрекеттің өзі осыған дейін білген хайуан рухының қуатымен келеді. Түптеп келгенде, бұл рух жалғыз және шын болмыс соның өзі, барлық мүшелер соның қаруы мысалында. Сөйтіп, өзінің көз алдында оның өз болмысы қайтып тұтастыққа ие болды.

Ендігі жерде түрлі хайуандарға ауысып, өзімен салғастыра отырып, жоғарыдай олардың әрқайсысын жеке-жеке алғанда тұтас нәрселер дегенге тоқтады. Одан әріде хайуандардың түр-түрлерін, мәселен, еліктерді, жылқыларды, есектерді, түрлі құстарды тегіне бөле қарастырды, олардың бір түрге жататын әрқайсысының сырт пішіні және ішкі құрылыстарымен, сезінуімен, қозғалу тәсілдерімен, инстинктерімен ұқсас келетінін, осы ұқсастықтары тұрғысынан қарағанда кейбір өзгешеліктерінің тым болымсыз екенін көрді. Осыдан осы бір түрге жататындарға рух ортақ, біртұтас, ол өзгермейді, тек көп жүректерге бөлініп орналасады, егер олардың бәрін бір жиып алып, бір ыдысқа салу мүмкін болса, біртұтас әлдене пайда болар еді деп тұжырды. Мәселен, судың немесе өзгедей бір сұйықтың бір өлшемі әр ыдыста құйулы тұрып, бір ыдысқа қотарылса, екі жағдайда да — бөлек күйінде де, бір ыдысқа төңкерілген соң да біртекті болып қала бермек. Осылайша оның кептігі акцидения түрінде ғана көрініс береді. Сонымен, осы көзқарас тұрғысынан ол хайуандардың бір тегіне біртұтас нәрсе ретінде қарады. Ал олардың сан жағынан кептігін шындығында көптікке жатпайтын мүшелерінің кептігі дәрежесінде қарастырды.

Осыдан соң ол хайуанаттардың барлық түрлерін ойша көз алдына келтірді, оларға мұқият зер салып, сезіну, азықтану, кезкелген бағытта еркін қозғалу бәріне ортақ қасиеттер екенін керді, ал осы қасиеттердің хайуан рухын неғұрлым айқын сипаттайтын нәрселер екенін бұрыннан білетін, оларды екіншісінен ажырататын, оқшауландыратын езге қасиеттері осы үшеуінің жанында ештеме емес. Осыдан ол хайуанат түрлеріне тән хайуан рухын, аздаған өзгешеліктеріне қарамағанда, біртұтас, бұл да әр ыдысқа бөлінген сұйық тәрізді, айырмасы әр ыдыста тұрғанында және бір ыдыста оның жылырақ, бірінде салқындау болуы ықтимал, бірақ тегі бір деген байламға келді. Судың біртектілігі тәрізді хайуан рухы да тұтас, ал олардың айырмаларының болуы оған акцидентті тән. Сонымен, ол осы тұрғыдан бүкіл хайуанаттар түрлерін біртүтас деп қарастырды.

Одан соң сан алуан өсімдіктер түрлерін қарастыра келіп, олардың бір топқа жататындарының жапырақтарының, сабақтарының, гүлдерінің, жемістерінің, гүлдеп жетілуінің ұқсастығы байқалды. Оларды хайуандармен салыстыра отырып, хайуан рухына ұқсас әлдебір ортақтастықты, осы ортақтастық себепті әлдеқандай бірлікті байқады. Осы жолмен өсімдіктердің барлық түрлерін зерттей келе, олардың нәр алуы мен өсуіндегі байқалған ұқсастықтары себепті олардың бірлігіне тоқталды.

Одан соң хайуанаттар әлемі мен өсімдіктер дүниесін ойша қатар қойып салғастырды, олардың қоректенуі мен өсуінде ұқсастық көрді, бірақ хайуанаттардың сезім, түйсік және қозғалу қабілеті жағынан өсімдіктерден артықшылығын байқады. Бірақ кейде өсімдіктерден де осыған кейбір ұқсастықты аңғаруға болады. Мәселен, гүлдердің өз бетін күнге қарай бұруы, тамырларының қорегі молырақ жақты қуалай созылуы, тағы басқалары. Осы андағандарынан отан айқын болғаны — олардың түпкі негізінде ұқсастырушы әлдеқандай ортақтастық бар, бірақ ол бірінде неғұрлым жетілген, аяқталған түрде көрінсе, екіншісінде оның осылай көрінуіне әлдене кедергі болады, мәселен, екіге бөліп құйылған судың белгілі өлшемі тәрізді — бір ыдыста ол сұйық қалпында болса, екіншісінде қатып, мұзға айналған, қозғалыстан қалған. Бір сөзбен айтқанда, оның көз алдында хайуандар мен өсімдіктер де бірікті.

Әріде ізденісін сезім, қорек және осу қабілеттері жоқ заттарға, атап айтқанда, тастарға, топыраққа, суға, ауа мен жалынға бұрды. Бұл денелердің өлшемділігін: ұзындығы, ені, тереңдігі барлығын, бір-бірінен түсті - түссіздігімен, түсінің сан алуандығымен, ыстық -суығымен, тағы басқа қасиеттерімен оқшауланатынын көрді. Олардың ішіндегі ыстықтары суынып, суықтарының ыситынын білді. Судың буға, будың қайтадан суға айналатынын, жанған заттардың күлге, көмірге, жалын мен түтінге айналатынын көрді. Түтін жоғары көтеріле келе үңгірдің төбесіне созылып, қоюланып, жер бетіндегі кейбір денелердің түріне ұқсайтынын андады. Хайуандар мен өсімдіктер дүниесіндегі тәрізді көптік акциденттік түрінде тән болғанымен, бұл денелердің бәрі шындық болмысында тұтас әлдене екені белгілі болды.

Одан әріде өзінің назарын хайуандар мен өсімдіктерді біртұтас әлдене етіп біріктіріл тұрған нәрсеге аударып, бұл осы денелерге ұқсас әлдебір дене екенін көрді. Оның да ұзындық, жалпақтық, тереңдік өлшемдері бар, сезім және қорек қасиеттерінен біржола ада осы денелердің әрқайсысы тәрізді ыстық та, суық та болуы ықтимал. Жалғыз-ақ ол хайуандар мен өсімдіктердің мүшелері арқылы көрінетін қозғалысымен ғана ерекшеленеді, басқа ерекшелігі жоқ. Бәлкім, бұл сияқты әрекетке қабілеттілік оның табиғатынан емес шығар, оған өзгедей бірдеме арқылы енетін болар, егер сол өзге нәрсе мына денелерге енер болса, олар да сол әлденеге ұқсамас па еді? Сөйтіп, ол оны бір қарағанда содан болып көрінетін әрекеттен бөліп алып, болмысы тұрғысынан зерттеді де, оның осы денелердің бірі, одан басқа ештеме де емес екендігін көрді. Сонымен, жанды яки жансыз болсын, қозғалсын яки қозғалмасын, барлық денелер түбінде біртұтас (біртекті) әлдене болып табылатынына көзі жетіп, тек олардың кейбірінен мүшелері арқылы жасалатын әрекетті байқады, олар үшін бұл әрекет болмыстық сипатта ма әлде сыртқы күштің әсері ме, ол жағы беймәлім қалды.

Бұл уақыттарда оның қияли ой дүниесі заттық денелерде (қатты - сұйық заттарда) болды. Ол осы жолында барлық бар нәрселерді түгелдей біртүтас деп ұғынды, ал өзінің алғашқы көзқарасы тұрғысына оралғанда барлық заттар қисапсыз, шексіз, мейлінше көптік мағынасында көрінді. Ол бірқыдыру уақыт осы түсініктер тұрғысында қалып отырды.

Осыдан кейін ол бірде біртұтас, бірде коп және шексіз болып көрінген барлық жанды және жансыз денелерді зерттеді. Олардың әрқайсысының мына екі қасиеттің біріне ие екенін байқады: олар не түтін, жалын, ауа тәрізді биікке қарай қозғалады немесе топырақ, су, өсімдік пен хайуанның мүшелері тәрізді төменге ұмтылады. Бұл денелердің ешбірі ешқашан осы екі қозғалыс түрінің бірінен бос емес. Олар тыныштық жағдайын алдына бір нәрсе кедергі тұрғанда ғана сақтайды, мәселен, жердің қатты қыртысына түскен тас тәрізді. Ол осы қыртыстан өте алмай тоқтайды, ал егер мүмкіндігі болса, өзінің қозғалыс бағытынан ауытқымаған болар еді.

Сондықтан тасты көтерген сәтте оның төменге ұмтылып, басқан ауырлығын сезінесің. Дәл осы тәрізді түтін де өзінің жоғары көтерілуін шаңыраққа жеткенде тоқтатады, сол кезде ол оңға және солға қарай таралып, жол тауып, одан әрі биіктей береді, өйткені ауа оған бөгет бола алмайды. Сол сияқты ол көн қоржынды ауаға толтырып, аузын буып суға тастаса, ішіндегі ауаның жоғары ұмтылып, кері серпетінін, ауа кеңістігіне көтерілгенге дейін, яғни судың бетіне шыққанша итере беретінін байқады. Тек судың бетіне қалқып шыққанда ғана жоғары ұмтылуын тоқтатып, тыныштық қалпына келетінін бұрын да байқаған.

Ол осындай қозғалыстың қайсысынан болсын жоқ дегенде бір сәтке бос болатын денені айналасын қарманып таппады. Ондағы көздеген жалғыз мақсаты — көптікке салдар болмайтын қандай да бір қасиетпен мүлдем байланысы жоқ денені тауып, оны тек осы дене тұрғысынан алып, табиғатына үңілу еді. Бұл жолында сәттілікке жете алмай, осындай қасиеттері неғұрлым аз байқалады деген денелерді зерттей бастады. Бірақ олардың ішінен де ауырлық және жеңілдік аталатын осы екі қасиеттің біріне ие емес денені таппады. Сонда ол ауырлық пен жеңілдікті түберлей бастады. Мұнда оның алдынан бұлардың өзі тікелей денелерге тән нәрсе ме әлде оның дене болуына қосымша түсінік пе деген сұрақ шықты. Зерттей келе, дененің денелігіне үстеме түсінік дегенге тоқталды. Өйткені олар денеге тек дене болуы себепті тән болса, оған не емес дене болмаған болар еді, ал біз жеңілдік қасиеті жоқ ауыр және ауырлығы жоқ жеңіл денелерді ұшыратамыз. Бұлардың екеуі де, сөз жоқ, дене, және олардың әрқайсысына олардың денелігіне үстеме сапа тән, сол сапасы арқылы олар бір-бірінен ерекшеленеді. Әр дене осы қасиеттерімен ерекшеленеді, олар болмаған жерде екеуі де қай жағынан алғанда да мүлде біртұтас әлдене болар еді.

Енді осы екі дененің, ауыр және жеңіл дененің әрқайсысының болмысы екі түрлі сапалық қасиеттің бірлігі екені айқын болды. Оның бірі екеуіне де ортақ заттың сапасы болса, екіншісі осы заттың сапасына қоса біріне ғана қатысты не ауырлық, не жеңілдік қасиеті. Соңғысының арқасында ол не төменге, не жоғарыға ұмтылады.

Дәл осылайша ол барлық жанды және жансыз денелерді сараптап, олардың әрқайсысының өмір сүру табиғаты денелік қасиетінен және оған қоса не бірлік, не көптік мағынадағы тағы бір әлденеден тұратынын көрді. Оның көз алдынан сан алуан формадағы денелер тізіліп өте бастады. Олар өзгеше рухани әлем шеңберінен еді, өйткені оларды жай сезім арқылы білу мүмкін емес, тек рухани көзқараспен танып білуге болатын. Солардың ішінде жоғарыда хайуан рухы аталған жүректе орналасқан әлдененің де өзінің денелігіне үстеме қасиеті болуы тиіс, ол сол арқылы сезу, түйсіну, тану процестерінен және қозғалуынан көрініс беретін әрекеттерді жасайды деген түсінік келді. Бұл қасиет оның өзге денелерден ерекшелендіретін формасы, қияли ой адамдары хайуан жаны атайтын нәрсе болуы керек. Дәл осы тәрізді хайуандардың табиғи жылылығын өсімдіктер бойында алмастыратын әлдеқандай ерекше зат, оның формасы, яғни өсімдік жаны аталатын нәрсе болуы тиіс. Сол тәрізді пайда болу және жойылу дүниесіндегі хайуанаттар мен жануарлардан өзгенің бәрін тегіс қамтитын жансыз денелердің барлығына сезім арқылы танылуы мүмкін түрліше өзіндік қозғалыстары мен сапалық өзгерістерін жасауға қуат беретін әлдене тән. Бұл олардың әрқайсысының формасы, қияли ой адамдары оны табиғаты деп атайды.

Осы зерттеулер негізінде бұрын өзінің айрықша ден қойған нәрсесі — хайуан рухының болмысы денелік сапасынан және оған үстеме өзге сападан тұратынына, алғашқы қасиеттің басқа денелерге де ортақ екеніне, оларды бір-бірінен айыратын екіншісі екеніне көзі жетіп, денелік қасиетіне көңіл бөле беруді тоқтатты, оны жайына қалдырды да, философтар жан деп атайтын екінші сапасына ден қойды. Енді жанның табиғатын білуге құштарлығы оянды, барлық ойын осы арнаға бұрды.

Ол өзінің ізденуін барлық денелерді дене тұрғысынан емес, олардың бірін екіншісінен ажыратуды мүмкін ететін ерекше қасиеттерді ілестірген формалардың иесі ретінде қарастырудан бастады. Алдымен өзінің жанына шұғыл үңіліп, денелердің әрбір белгілі жиынтығының қандай да бір белгілі формаға ие екендігін, белгілі әрекеттердің содан шығатындығын, одан әріде оның жалпы денесінің ішінен оқшауланған топ өзінің барлық денелерімен қоса алғандағы жалпы формадан өзге оның үстіне белгілі әрекеттердің көзі болып табылатын басқа формаға ие екендігін, ақыр соңында осы топтағы денелердің бір бөлігі бірінші және екінші жалпы формалармен бірге оның үстіне тағы да белгілі әрекеттер тудырушы үшінші формаға ие екенін көрді. Мәселен, жердегі топырақ, тас, минералдар, өсімдіктер мен жануарлар сияқты ауырлығы (салмағы) бар тағы да басқа денелер кедергі көрмеген жағдайда, дененің төмен қарай қозғалуының көзі болып табылатын бірегей формасымен топтасатын бір категорияны құрайды, бұл денелерді күш жұмсап жоғары көтерсең, өзінің осы формасының әсерінен төменге ұмтылады. Осы категорияға жататын денелердің бір тобы, атап айтқанда, өсімдіктер мен хайуандар бірінші формаға иелігі жағынан сөз болып отырған категорияға енеді, сонымен қатар олар қоректену және өсу қызметтерін орындайтын тағы бір өзге формаға ие. Қоректену дегеніміз — қоректенушінің өзге ұнамды нәрсені қорытып, өзіне ұқсас затқа айналдырғанда шыққан нәрсенің орнын толтыруы. Өсу дегеніміз — ұзындық, ендік және тереңдік өлшемдерінің қатынасын сақтай отырып, үш бағытта даму. Бұл екі әрекет өсімдікке де, хайуанға да ортақ, ол, ешқандай күмәні жоқ, өсімдік жаны аталатын екеуіне де тән форманың әсерінен болады.

Осы топтағы денелердің бір бөлігі, атап айтқанда, жануарлар барлық топқа ортақ бірінші және екінші формаға қоса, сезім және бір орыннан екінші орынға қозғалу қабілетінің көзі болатын үшінші формасымен ерекшеленеді. Бұдан әріде ол жануарлардың әр түрінің оны басқа түрлерінен айыратын өзіне ғана тән белгісі болатынын, сол арқылы оның жеке түрге бөлінетінін көрді. Мұның басқа хайуанаттармен қатар ие болып отырған формаларынан тыс, өзіне ғана тән тағы бір формасының болуынан екендігін түсінді. Өсімдіктердің әр түрлерінен де осыны байқады. Сонда пайда болу және жойылу әлеміндегі сезім арқылы танылатын денелердің бірінің болмысы денелік қасиетінен тыс көптеген қасиеттерден, кейбірі аз қасиеттерден тұратыны мәлім болды. Көп санды нәрседен аз санды нәрсені танудың жеңілірек екенін түсіне отырып, ол алдымен болмысы неғұрлым аз қасиеттерден тұратын денелерді зерттеуге кірісті. Ол атқаратын міндеттерінің сан алуан болуы себепті не ауырлық, не жеңілдік қасиеті. Соңғысының арқасында ол не төменге, не жоғарыға ұмтылады.

Дәл осылайша ол барлық жанды және жансыз денелерді сараптап, олардың әрқайсысының өмір сүру табиғаты денелік қасиетінен және оған қоса не бірлік, не көптік мағынадағы тағы бір әлденеден тұратынын көрді. Оның көз алдынан сан алуан формадағы денелер тізіліп өте бастады. Олар өзгеше рухани әлем шеңберінен еді, өйткені оларды жай сезім арқылы білу мүмкін емес, тек рухани көзқараспен танып білуге болатын. Солардың ішінде жоғарыда хайуан рухы аталған жүректе орналасқан әлдененің де өзінің денелігіне үстеме қасиеті болуы тиіс, ол сол арқылы сезу, түйсіну, тану процестерінен және қозғалуынан көрініс беретін әрекеттерді жасайды деген түсінік келді. Бұл қасиет оның өзге денелерден ерекшелендіретін формасы, қияли ой адамдары хайуан жаны атайтын нәрсе болуы керек. Дәл осы тәрізді хайуандардың табиғи жылылығын өсімдіктер бойында алмастыратын әлдеқандай ерекше зат, оның формасы, яғни өсімдік жаны аталатын нәрсе болуы тиіс. Сол тәрізді пайда болу және жойылу дүниесіндегі хайуанаттар мен жануарлардан өзгенің бәрін тегіс қамтитын жансыз денелердің барлығына сезім арқылы танылуы мүмкін түрліше өзіндік қозғалыстары мен сапалық өзгерістерін жасауға қуат беретін әлдене тән. Бұл олардың әрқайсысының формасы, қияли ой адамдары оны табиғаты деп атайды.

Осы зерттеулер негізінде бұрын өзінің айрықша ден қойған нәрсесі — хайуан рухының болмысы денелік сапасынан және оған үстеме өзге сападан тұратынына, алғашқы қасиеттің басқа денелерге де ортақ екеніне, оларды бір-бірінен айыратын екіншісі екеніне көзі жетіп, денелік қасиетіне көңіл бөле беруді тоқтатты, оны жайына қалдырды да, философтар жан деп атайтын екінші сапасына ден қойды. Енді жанның табиғатын білуге құштарлығы оянды, барлық ойын осы арнаға бұрды.

Ол өзінің ізденуін барлық денелерді дене тұрғысынан емес, олардың бірін екіншісінен ажыратуды мүмкін ететін ерекше қасиеттерді ілестірген формалардың иесі ретінде қарастырудан бастады. Алдымен өзінің жанына шұғыл үңіліп, денелердің әрбір белгілі жиынтығының қандай да бір белгілі формаға ие екендігін, белгілі әрекеттердің содан шығатындығын, одан әріде оның жалпы денесінің ішінен оқшауланған топ өзінің барлық денелерімен қоса алғандағы жалпы формадан өзге оның үстіне белгілі әрекеттердің көзі болып табылатын басқа формаға ие екендігін, ақыр соңында осы топтағы денелердің бір бөлігі бірінші және екінші жалпы формалармен бірге оның үстіне тағы да белгілі әрекеттер тудырушы үшінші формаға ие екенін көрді. Мәселен, жердегі топырақ, тас, минералдар, өсімдіктер мен жануарлар сияқты ауырлығы (салмағы) бар тағы да басқа денелер кедергі көрмеген жағдайда, дененің төмен қарай қозғалуының көзі болып табылатын бірегей формасымен топтасатын бір категорияны құрайды, бұл денелерді күш жұмсап жоғары көтерсең, өзінің осы формасының әсерінен төменге ұмтылады. Осы категорияға жататын денелердің бір тобы, атап айтқанда, өсімдіктер мен хайуандар бірінші формаға иелігі жағынан сөз болып отырған категорияға енеді, сонымен қатар олар қоректену және осу қызметтерін орындайтын тағы бір өзге формаға ие. Қоректену дегеніміз — қоректенушінің өзге ұнамды нәрсені қорытып, өзіне ұқсас затқа айналдырғанда шыққан нәрсенің орнын толтыруы. Өсу дегеніміз — ұзындық, ендік және тереңдік өлшемдерінің қатынасын сақтай отырып, үш бағытта даму. Бұл екі әрекет өсімдікке де, хайуанға да ортақ, ол, ешқандай күмәні жоқ, өсімдік жаны аталатын екеуіне де тән форманың әсерінен болады.

Осы топтағы денелердің бір бөлігі, атап айтқанда, жануарлар барлық топқа ортақ бірінші және екінші формаға қоса, сезім және бір орыннан екінші орынға қозғалу қабілетінің көзі болатын үшінші формасымен ерекшеленеді. Бұдан әріде ол жануарлардың әр түрінің оны басқа түрлерінен айыратын өзіне тана тән белгісі болатынын, сол арқылы оның жеке түрге бөлінетінін көрді. Мұның басқа хайуанаттармен қатар ие болып отырған формаларынан тыс, өзіне ғана тән тағы бір формасының болуынан екендігін түсінді. Өсімдіктердің әр түрлерінен де осыны байқады. Сонда пайда болу және жойылу әлеміндегі сезім арқылы танылатын денелердің бірінің болмысы денелік қасиетінен тыс көптеген қасиеттерден, кейбірі аз қасиеттерден тұратыны мәлім болды. Көп санды нәрседен аз санды нәрсені танудың жеңілірек екенін түсіне отырып, ол алдымен болмысы неғұрлым аз қасиеттерден тұратын денелерді зерттеуге кірісті. Ол атқаратын міндеттерінің сан алуан болуы себепті хайуандар мен өсімдіктер болмысының көп қасиеттерден тұратынын көріп, олармен шұғылдануды кейінірекке қалдырды. Сол сияқты жердің бір бөлігі екіншісіне қарағанда күрделірек екенін байқап, жер бетінде ұшырасатынның ең қарапайым түрлерін зерттеуге кірісті. Өзінің формасы мен жасайтын әрекетінің шектеулілігі тұрғысынан судың неғұрлым қарапайым дене екеніне көзі жетті. От пен ауаның да қасиеттерінің шектеулі екенін андады. Ол осыған дейін осы төрт дене бірінен екіншісіне өте алады,оларда ортақ әлдене, атап айтқанда, бәріне ортақ денелік қасиет бар және осы әлдене олардың бірінен екіншісін айыратын барлық қасиеттерінен тыс болуы керек деген ойға тоқтаған еді. Мәселен, ол бір уақытта жоғары және төмен ұмтылады, ыстық және суық құрғақ және дымқыл болады деу ойға сыйымсыз, өйткені бұл қасиеттердің бір де бірі барлық денелерге ортақ қасиет емес, және бұл қасиеттер денеге тек дене тұрғысынан алғанда өздігінен тән бола алмайды. Егер денелігінен өзге бір де бір формасы жоқ денені табу мүмкін болса, ондай денеде осы қасиеттердің ешқайсысы болмас еді, мұндай қасиеттің болуы әлдеқандай формасы бар денелерге ортақ болып, оны топтастырып тұрған жағдайында ғана мүмкін еді.

Сөйтіп, ол барлық жанды-жансыз денелерді топтастырушы әлдеқандай қасиет табылмас па деп іздестіргенімен, барлық денелерге тән ұзындық, енділік және тереңдік деп белгіленетін үш бағыттағы қашықтық ұғымынан өзге барлық денелерге ортақ ештеме таба алмады. Сонда барып ол бұл түсініктердің денелерге дене тұрғысынан тән екендігін, бірақ осындай түсініктерден ғана тұратын, ешқандай формасыз, өлшемдерден өзге ешқандай түсінігі жоқ денені сезім жолымен табудың мүмкін еместігін түсінді.

Одан әріде ол осы үш бағыттағы қашықтық (өлшем) туралы ойлана бастады: бұл дененің тікелей түсінігі ме, оның өзге түсінігі жоқ па әлде істің мәні басқадай ма деген ойлар мазалады. Ойлана келе, осы қашықтықтың соңында сол қашықтықтың өзін қамтитын өзге түсініктің тұрғанын, белгілі ұзын заттың ұзындықсыз өз бетінше бола алмайтыны тәрізді, қашықтық өздігінен бола алмасын көрді. Оған формаға не кейбір сезім заттары, мәселен, саз балшық мысал болады: саз балшықтан әлдебір фигура, айталық, шар жасағанда, оның белгілі ұзындығы, ені, тереңдік өлшемдері болады, шарды текше немесе сопақша етіп өзгертсең, осы өлшемдер де өзгереді, ал балшық сол балшық күйінде қала береді. Бірақ оның әрдайым әлдеқандай ұзындық, жалпақтық, тереңдік өлшемдері болады, олардан ол ешқашан айрылмайды. Бірақ бұл өлшемдердің бұлай өзгеріп, құбылып отыруы, түптеп келгенде, олардың қашықтыққа тәуелсіз түсінік екеніне, ал саз балшықтың ешқашан мұндай өлшемдерсіз бола алмауы олардың балшықтық болмысына қатысты екендігіне көзін жеткізді. Осы бақылауларының нәтижесінде ол мынадай қорытындыға келді: дене дене тұрғысында анығында екі түсініктен тұрады, бірі — ілгерідегі саз балшықтың мысалы, екіншісі — сол балшықтан жасалған шардың, текшенің, басқа фигуралардың ұзындығы, ені мен тереңдігі орнындағы түсінік. Денені осы екі түсініктің қорытындысынан басқадай елестету мүмкін емес, бірінсіз бірі жоқ. Әралуан түрлердің өзгеруі мен түр алмасуын мүмкін санайтын түсінік, яғни қашықтық денеге не денелердің бәріне тән форма тәрізді. Ал ілгергі мысалдағы саз балшықтың өзіне, қалыпты жағдайдағы күйіне қатысты түсінік формаға ие, барлық денелерге тән денелік түсінігі іспетті болып келеді. Осы мысалдағы саз балшыққа тән түсінікті философтар формадан мүлде бөліп алып, материя және алғашқы материя атайды.

Оның зерттеулері осындай нәтижелерге жетіп, сезім әлемінен қашықтап, идея әлемі шекараларына жуықтай түскенде, әлдебір мазасыздық сезінін, өзіне үйреншікті сезім дүниесін аңсады. Ол абсолют денені түйсікпен тануға болмайтын, меңгеру мүмкін емес зат ретінде кері ысырып қойып, біраз шегініп, өзі көрген сезім дүниелерінің ең қарапайым дегендеріне оралды.

Бұлар өзі осыған дейін тоқталған төрт дене еді. Олардың ішінен алдымен суды қарастыра бастады. Өзінің формасының еркінде болғанда, одан елеулі салқындық сезілетінін және төменге ұмтылатынын көрді. Оттың не күннің қызуымен жылынғанда суықтық қасиетінен өзгергенімен төмен ұмтылысын тоқтатпайды. Егер одан гөрі қаттырақ қыздырса, төменге ұмытылуын тоқтатып, жоғары көтерілуге ұмтылысы пайда болады. Сөйтіп, оның қалыпты формасындағы алғашқы екі қасиеті мүлдем жойылады. Бірақ форма осы екі қасиет тұрғысынан ғана белгілі болғандықтан, олар жоғалған жерде форма идеясының өзі күйрейді. Өзінің пайда болуы табиғаты жағынан басқа бір формаға жатқызуды талап ететін әрекеттер бой көрсетуімен бүл дене су формасынан айрылып, онда бұрын болмаған өзгедей форма жасалды және осы форманың арқасында бірінші форма иесі ретінде оның табиғатында болуға тиісті емес әрекеттер жасалды, осылайша барлық жаратылғанның жаратушысы болуы тиістігі күмәнсіздікпен мәлім болды. Осындай ойлардың негізінде оның көңілінде жалпылама және үстірт сипатта форманы жасаушы түсінігі қалыптасты. Одан әріде формалардың болмысына назар салып, олардың бар болғаны денелердің нақты бір әрекетке бейімділігі екендігін көрді. Мәселен, су қыздыру шегіне жеткенде жоғары қозғалуға бейімделеді. Оның осы бейімділігі — оның формасы. Өйткені мұнда денеден бөтен, бұрын болмаған, сезім арқылы енді ғана танылып отырған жаңа қасиеттер мен қозғалыстардан және оларды жоқтан бар етуші себептен бөтен ештеме жоқ. Ал денелердің қозғалудың бір түріне қарағанда, екінші түріне неғұрлым икемділігі — оның бейімділігі әрі формасы.

Ол осындай жағдайды барлық формалардан тапты. Сөйтіп, формалардың әрекеті шындығында олардан емес, формаларға орынсыз танылған нәрсе, әрбір әрекет осы әрекетті тудыратын себепте екеніне көзі жетті. Алланың елшісінің (оған шапағат нұры жаусын) "...мен арқылы көреді, мен арқылы естиді" дегеніндегі және Алладан аян болған аяттағы "Оларды өлтіргендер сендер емессіңдер, оларды Алла өлтіреді, лақтырған сендер емессіңдер, Алла лақтырды" дегендегі ақиқат шындыққа ұйыды.

Жасаушы себеп оның алдынан осындай жалпылама, бұлыңғырлау түрде көрініс берген жерде оны тереңірек білуге құштарлығы пайда болды. Әзірге сезім әлемінен қол үзе алмауы салдарынан жасаушы себепті осы сезім заттары арасынан іздестіре бастады. Сонымен бірге бұл себеп дара ма, көп пе — ол да беймәлім тұрды.

Ол өзін қоршаған, соның ішінде өзін үнемі ойларға жетелеген барлық денелерді зерттеді. Бұл денелердің бірде пайда болып, бірде жойылып отыратынын көрді. Мүлдем жоғалтылмайтындары бөлшектелініп жоғалады. Оған белгілі бөлігі оттың әсерінен жойылатын су мен топырақ мысал болады. Өзін қоршаған өзге дүниелердің арасынан да пайда болудан халас және жасаушы себепті қажет етпейтін бір де бір денені ұшырата алмады. Осыдан кейін ол бар денелерді жайына қалдырып, ойша аспан денелерін сараптады. Мұндай ой толғауларына ол өмірінің төртінші жеті жылдығының аяғына қарай, яғни жиырма сегіз жас шамасында мойын бұрды.

Ол аспанның және оны жайлаған барша жұлдыздардың анығында денелер екенін білді. Өйткені олардың бәрі үш бағытта созылған — ұзындығы, ені және тереңдігі бар. Олардың ешқайсысы бұл қасиеттерсіз емес, одан бос болмағандардың бәрі дене, демек, олардың бәрі денелер.

Осыдан кейін ойға қалды: бұлар шетінен ұзындығына, еніне, тереңіне қарай шексіз созыла бере ме әлде бір жерге барғанда бітетін шегі бар нәрселер ме? Бұл сұрақ турасында ол сәл тосылып қалғанымен, табиғатына біткен ой ұшқырлығының арқасында шексіз дене дегеннің мүмкін емес, абсурд, ақылға сыйымсыз түсінік екенін көрді. Көп ойлары осы байламына тірек болды. Ол былай ойлады: мына дене маған қарай бағытталған және менің сезім мүшелерім арқылы танылатын жағы шектеулі. Оған күмән жоқ. Өйткені оны көзіммен көріп, біліп тұрмын. Ал маған қарсыдағы күмән тудыратын жағына келсек, оның да шексіз болуының мүмкін еместігін мойындаймын. Шынында, елестетіп көрелік: қос қазық осы тұйық жағынан бастау алып, дененің ұзындығына қарай бойлай отырып көкке өрлесін, созыла берсін. Біз қатар созылған осы екеуінің біреуінен біраз бөлік кесіп алып, бүтінге жалғадық делік, осылай жасағанда кесілгені мен бүтінінің бір ұшы теңеледі. Енді ойша шексіз деп жорамалдап отырған сызықты бойлайық. Сонда біз екеуінің де шексіздікке кетіп бара жатқанын және кесілген сызықтың бүтінмен тең екенін көреміз. Бұл — ақылға сыйымсыз. Немесе кесілген сызық бүтінмен үнемі бой жарыстырып отыра алмай, бір жерде тоқтайды, бүтіні әрі созыла береді, мұндай жағдайда ол шектеулі болып шығады. Егер оған осыдан бұрын кесіліп алынған шектеулі бөлегін кесіп әкеліп қайта қоссақ, барлық сызық тұтасымен шектеулі болады. Және ол осыған дейін кесілмеген сызықтан артық та, кем де емес, соған тең болады. Бірақ мына сызығымыз шектеулі, демек, ана сызық та немесе ол өлшем болған дене де шектеулі болып шығады. Мұндай сызықты кезкелген дененің бойымен жүргізуге болады. Сонымен, егер біз қандай да болсын денені шексіз деп ұйғарсақ, бұл ұйғарымымыздың мүмкін емес, ақылға қонымсыз болғаны.

Осындай дәлелге жетелеп алып келген үлкен дарыны арқасында аспан денесінің шексіз еместігі туралы сенімі бекіп, қалыптасып, одан арғы жерде осы денелердің кескінін және олардың немен кемерленіп шектелетінін білгісі келді. Бірінші кезекте Күнге, Айға, басқа жұлдыздарға қарап, олардың бәрінің шығыстан шығып, батыста барып жоғалатынын көрді. Олардың ең биік нүктесі арқылы өтетіндерінің шеңбері де үлкен, сәл солтүстікке немесе оңтүстікке еңкейе ойысып айналатындарының шеңбері одан кіші. Ең биік нүктеден екі тараптың біріне қарай көбірек ойысқан аспан денесінің шеңбері азырақ еңкейген денелердің шеңберінен шағын болды, сөйтіп, жұлдыздар қозғалған шеңберлердің ішіндегі ең шағыны қозғалуының орталық нүктесі жер кіндігіне (полюс) келетін Сухейл (Канопус) және орталығы солтүстік жер кіндігіне түсетін екі Алфаркадан жұлдызы (шағын Жетіқарақшының қос жұлдызы) болып шықты. Ал оның өзі, осыдан бұрын айтқанымыздай, экватордан төмен мекендегендіктен, бұл барлық шеңберлердің жазық беттері оның көкжиектегі жазығына тіке түсетін (перпендикуляр) болып келіп, батысына да, шығысына да тең орналасқан еді, сондықтан екі жер кіндігі (полюс) оған бірдей көрінетін. Ол әлдебір жұлдыздың үлкен, ал екінші жұлдыздың кіші шеңбермен шығуын бақылап, екеуінің де бір уақытта жасырынатынын білді, басқа жұлдыздардың бәрінен де осы құбылысты аңғарды. Бұл оны аспанның шар тәрізді екеніне сендірді, ол өзінің осы сеніміне тіректі Күннің, Айдың, жұлдыздардың батысқа барып батқанынан соң қайтып шығыстан пайда болуынан, сондай-ақ аспан денелерінің шыққаннан батқанға дейінгі жолы бойында не үлкеймей, не кішіреймей, бір өлшемді қалпында көрінуінен тапты: егер олар шеңбермен қозғалмаса, бірде жақындап, бірде алыстан көрінер еді, жақындаған кездері үлкейіп, қашықтаған сайын кішірейе түсер еді. Мұндай құбылыстардың аңғарылмауы себепті аспан қабығың (сфера) шар тәрізділігі туралы ойы ол үшін ақиқатқа айналды. Ол Айдың шығыстан батысқа қозғалысын, осы сияқты өзге планеталардың қозғалуын зерттеуін тоқтатқан жоқ, нәтижесінде оның алдынан астрономияның коп білімі ашылды. Оған бұл аспан денелерінің ең жоғарғы аспан қабының ішіндегі толып жатқан өзге сфераларда қозғалатыны және оларды сол ең жоғарғы сфераның қозғалысқа келтіріп отыратыны мәлім болды. Оның осы білімдерге сатылап қалай жеткенін түсіндіру тым көп уақыт алар еді, әрі ол турасында кітаптарда толық деректер бар, ал біздің мақсатымыз үшін осы айтылғандар да жеткілікті.

Білімнің осы дәрежесіне көтеріліп, ол мынаны анықтады: барлық аспан сфералары және онда бар нәрселердің бәрі бірімен бірі байланыстағы біртүтас әлдене болып табылады, ол осыған дейін зерттеген барлық денелер, мәселен, жер, су, ауа, өсімдіктер, хайуандар, осылар тектес тағы қалғандары аспан астында өмір сүреді және одан тыс шығып кетпейді, бұлардың бәрі көбінесе әртүрлі хайуандарға ұқсап келеді, жұлдыздардың сәуле беруі хайуандардың сезуіне ұқсаса, сфералардың бір-бірімен байланысы хайуандардың мүшелерінің байланысы тәрізді, ақыр соңында, аспан астындағы барша пайда болу және жойылу әлемі хайуандардың ішіндегі ылғал мен заттарға ұқсас: екеуінде де өмір пайда болып, жалғасып отырады.

Ол бүкіл сфераның шындығында дара, жанды организмге ұқсастығын түсінген жерде пайда болу және жойылу әлеміндегі денелердің тұтастығы туралы ой түюіне бастаған зерттеулері тәрізді зерттеу жүргізу арқасында бүкіл сфераның бөлшектері оның көз алдында тұтастық сипат алды. Осы арқылы ол тұтас әлем туралы ой түзе бастады: ол өзінің жоқ болмысынан соң пайда болып, бұрын болмай, өмір сүре бастады ма әлде ол ешқашан өмір сүруін тоқтатпаған, оған дейін еш қаңдай жоқ болмыс болмаған нәрсе ме? Осы мәселеге байланысты оның көңіліне күдік ұялады. Бір де бір пікір өзгесінен басым түсе алмады. Әр жолы, әлемнің мәңгілігін мойындамақ болғанында, шексіз дененің болуы мүмкін еместігін көрсеткен ой түйіндеріне ұқсас, шексіз болмыстың болуы мүмкін еместігін айғақтайтын көп нәрселер көлденең тұра берді. Ол тағы мынаны көрді: барлық өмір сүрушіге әрқашан жаралған акциденция ілеседі, ол жаралғаннан бұрын бола алмайды және өзі де жаралған.

Ал жаратылуды мойындамақ болса, алдына өзге де сипаттағы кедергілер шықты. Атап айтқанда, әлемнің жоқ болмыстан соң жаралуы уақыт одан бұрын болған жағдайында ғана ақылға қонымды. Бірақ уақыт барша әлемнің бір бөлегі және одан ажыратылмақ емес, демек, әлем уақыттан соң жаралды деген жорамал тағы ойға қонымсыз. Ол былай да ойланып көрді: әлем жаралған болса, оның жаратушысы болуы керек, бұл жаратушы оны неге бұрын емес, сол сәтінде жаратты? Отан алдынан әлдене ұшырап, сол әсер етті ме? Бірақ онда өзінен басқа ештеме жоқ еді ғой. Әлде оның өзінде әлдеқандай бір өзгеріс болды ма? Олай десек, осы өзгерісті жасаушы кім? Осылар төңірегінде ол бірнеше жылдар бойы ойланды, көп дәлелдерді тізіп шықты, бірақ олардың ешқайсысы бірінен бірі басым шықпады. Сөйтіп, бұл мәселені шешуге өресі жетпей, осы екі шешімнен қатар шығатын қорытындылардың әрқайсысын бас - басына зерттей бастады. Ол, бәлкім, осы қорытындылары әлдеқандай бір тұтастыққа жеткізер ме деп үміттенді. Әлемнің жаралып, жоқ болмыстан соң пайда болуы қажеттіліктен, ол өздігінен пайда бола алған жоқ, оны болмысқа әкелген жаратушының болуы керек деген тұжырым қажеттіліктен шығады. Бұл жаратушыны қандай да бір сезім арқылы танып білу мүмкін емес, бұл жолмен танылар болса, дене болғаны, дене болса, бүкіл әлемге қатысты, жаратылған және жаратушыға тәуелді болған болар еді. Егер осы екінші жаратушыда дене болса, үшінші жаратушыны, үшінші төртіншісін қажет етер еді, осылай шексіз созыла бермек, бірақ бұлай болуы ақылға сыйымсыз, абсурд.

Сонымен, дүние дене емес, жаратушыны талап етеді. Бірақ ол дене болмаса, оны сезім жолымен танып білу де мүмкін емес, өйткені бес сезім тек денелерді және сонымен байланысты нәрселерді ғана таниды. Жаратушы сезім арқылы танылмайтын болса, оны елестету де мүмкін емес, өйткені елестету дегеніміздің өзі — бұрын сезімнен танылған, қазір алдында жоқ нәрсені көз алдыңа келтіру. Жаратушы дене болмаған жерде дененің қасиеттерінің ешқайсысын оған тели алмаймыз. Соның ішінде дененің бірінші қасиеті — ұзындық, енділік, тереңдік, одан кейінгі барлық денелік қасиеттер тәрізді оған жат. Ақыр-соңында, ол дүниені жаратушы болса, күмән жоқ, дүниені біледі, оған әмір жүргізе алады. "Жаратқан оны білмейтін бе еді? Ол Бәрін білуші..."

Екінші жағынан, ол көрді: егер әлем мәңгілік, ол үнемі осындай, отан дейін ешқандай жоқ болмыс болған емес десек, одан мынандай қорытынды шығады: оның қозғалысының басы да, аяғы да жоқ, мәңгілік және шексіз, өйткені оған дейін қозғалыс содан басталды дейтін ешқандай тыныштық болған жоқ. Әрбір қозғалыстың міндетті түрде қозғаушысы болуы керек. Және бұл қозғаушы, мейлі өздігінен қозғалатын денеде болсын, мейлі қозғалушы денеден тыс денеде болсын, әйтеуір, бір дененің әсері болуы тиіс немесе ешқандай денемен байланыссыз күш болуы қажет. Денеге тән және дененің бойындағы кезкелген күш дененің бөлінуіне қарай бөлшектеніп, ол еселенгенде еселеніп көбейе береді, мәселен, тасты төмен қарай ылдилататын салмақтың (табиғаты) осындай: егер тас екіге бөлінсе, салмақ та екіге бөлінеді, егер оған өзіне ұқсас тағы бір тас қосылса, салмақ та соның өлшеміне артады. Егер тасты үздіксіз және шексіз көбейтіп отыру мүмкін болса, оның салмағы да шексіз ауырлай берер еді, ал тас белгілі көлемге жетіп тоқтаса, оның салмағы да белгілі өлшемде тоқтаған болар еді. Бірақ кезкелген дененің міндетті түрде шектеулі екені дәлелденді, демек, ондағы бар күш те шектеулі. Біз әрекеті шексіз әлдеқандай күш табар болсақ, мұндай күш дененің бойында болмаса керек.

Сонымен, біздің көз алдымызда — мәңгілік, шексіз, тоқталмайтын қозғалыстағы аспан сферасы, өйткені оның мәңгілігін және бастауы жоқ екенін шартты түрде өзіміз қабылдадық, бұдан қажеттілікпен шығатын қорытынды — оны қозғаушы күш оның өз бойында да немесе өзінен тыс басқа денеде де емес. Осылайша бұл күш дене емес, денелік бір де бір қасиеті жоқ бөгде әлдене. Ол пайда болу және жойылу әлеміне осыған дейін жасаған зерттеулермен кезкелген дененің қайсысы болсын белгілі қозғалыс түріне икемділігі болып табылатын олардың формалары арқылы көрінетінін білетін еді.

Ал оның материя тұрғысынан беретін көрінісі көзге ілінер - ілінбес, аса солғын келеді. Сонымен, бүкіл әлем осы материалдық емес, дене қасиеттерінен, сезіммен танылатынның, елестетуге мүмкін нәрсенің бәрінен ада қозғаушының өзіне әсерін қабылдау қабілетінің арқасында ғана өмір сүреді. Егер ол аспан қабының сан алуан қозғалысын ешқашан кемшіліксіз кемел жаратушы болса, ол осы жаратқанын, әрине, біледі және оған әмір жүргізе алады. Сонымен, ол осы зерттеу жолымен жүріп отырып, осыдан ілгеріде де жеткен нәтижелеріне келіп тірелді, бірақ бұл жолында бұрынғыдай әлемнің мәңгілігі немесе оның жаратылуы туралы ешқандай күмәні болған жоқ, өйткені екі жағдайда да денесіз жаратушының бар екені, оның денеден байланыссыз, оқшау тұрғандығы, сонымен бірге одан бөлек те еместігі, оның ішінде де емес, бірақ одан тыста да емес екендігі, өйткені қосылу, бөліну, іште немесе тыста болу — бәрі денеге тон қасиеттер, онда мұның бір де бірі жоқ екені мейлінше айқын болатын.

Кез келген дененің материясы форманы қажет етеді, өйткені форманың арқасында ғана өмір сүреді және онысыз шын мәніндегі өмірі жоқ, ал форма өмірде бар болуымен жаратушыға қарыздар. Осыдан келіп оның көзі мынаған жетті: барлық бар нәрсе өзінің бар болуы үшін жаратушыны қажет етеді, әрбір зат тек соның арқасында ғана бар бола алады, ол — заттардың себебі, ал заттар, мейлі олар осыған дейін жоқ болмыстан соң пайда болсын немесе уақыт жағынан бастаусыз, оған дейін ешқандай жоқ болмыс болмасын, бәрібір соның нәтижесі. Бұл екі жағдайдың екеуінде де олар — нәтиже жаратушыны қажет етеді, өзінің өмір сүруінде сонымен байланыста. Егер ол мәңгілік болмаса, денелер де мәңгілік емес, ол болмаса, соңғысы да болмайды. Ал оның өзі ерікті, ештемені қажет етпейді. Оның шексіз күші мен үстемдігі дәлелденіп отырса, барлық денелер және олармен байланыстының, жоқ дегенде шамалы болсын қатыстының бәрі шектеулі, белгілі шекара жігі бар екені мәлім болып отырса, басқадай болуы мүмкін бе? Яғни аспанды, жерді, жұлдыздарды, олардың асты-үсті мен араларындағының бәрін қосқандағы барша әлем соның жасағандары, соның жаратқандары, қолыңа әлдебір денені алып, қолыңды жылжытып қозғалтсаң, сол зат та ілесе қозғалысқа келеді, дүниенің бәрі осы мысалда ілесе содан кейін жаратылғандар.

Бірақ олардың жаратылуына байланысты бұрын, соң деген уақыттық өлшемдерді қолдануға тіптен болмайды. Барша әлем туралы осыны айта аламыз. Олардың бәрі көркем жаратылғандар. Ол әлденені ойына алып: "Бол", — дейді, ойына алғаны сол сәтінде пайда болады.

Ол дүниедегі бардың бәрі соның жаратқаны екенін көрген соң, ол жаратушының әміріне, оның жаратқан таңғажайыптарына, құдіретті біліміне таңдана отырып, ендігі жерде оны өзге жолмен қарастыра бастады. Ол ұлы дүниелерді былай қойғанда, тым елеусіз нәрселердің өзінен керемет таңданушылық тудырған даналық пен кереметтердің ізін көрді. Мұның барынша кемел, кемелдігінде мейлінше мәртебелі, "аспан мен жердегі тозаңға дейін, одан аздың да, көптің де жасырын қалмайтын" жаратушыдан ғана болатынына берік иланды.

Осыдан соң хайуандардың барлық түрлерін, "оларға сыйлаған болмыс тұлғасын және оны пайдалануын" зерттеді. Олардың әр мүшесінің бір мақсат үшін жаратылғанын, әйтпегенде, босқа жүк боларын, бірақ ешбірінде мұндай артық дүниенің жоқ екенін көрді. Осылардың бәрінен оның қайырымдылардың қайырымдысы, мейірімділердің мейірімдісі екенін түсінді. Әлемдегі сұлу, көркем, әсем, кемел, қуатты, өзгедей ерекше қасиеттерге ие дүниенің бәріне қарап, ой санасынан өткізе келіп, одан жаратушының кереметін, оның бар екендігін, оның жасампаз әрекет иесі екендігін танып, мойындады. Жаратылған әлемде осындай болғанда, жаратушының тіке өзіне қатыстының бәрі бұлармен ешқандай салғастыруға келместей ұлы, кәміл, тынымды, көркем, әсем, сұлу және мәңгілік екенін түсінді. Ол осы ғажайыптардың бәрін таңырқай жүріп, олардың бәрінің жаратушыдан екенін және осының бәрі жаратылғандардың қайсысынан болсын жаратушыға лайық екенін көрді. Осыдан кейін ол жетпейтін, кемшін жерлерін іздеп таппады. Жаратушыға қатысты мұндай ұғымның мүлде жат екеніне көзі жетті. Басқаша болуы мүмкін емес еді. Өйткені кемшілік дегеннің өзі таза жоқ болмыс әлде сонымен байланыстағы әлдене емес пе? Жаратушы болса таза болмыс иесі, ол өздігінен бар болады, барлық нәрселерді дүниеге келтіреді, оның өзінен тыс болмыс жоқ, мейлінше кәміл, көркем, күш және білім иесі, одан кейін кемел дерлік ештеме жоқ, "оның дидарынан өзгенің бәрі жойылады" делінген ол турасында. Олай болса, бұл екеуінің арасында қандай қатынастың болуы мүмкін?

Білімнің осы дәрежесіне өмірінің бесінші жеті жылдығында, яғни отыз бестер шамасында жетті. Жаратушы туралы ойдың оның жүрегінде бекігені сонша — ол барлық нәрселерді тауып, тексеруді біржола кәперіне алмады. Көзі кезкелген затқа түскен бойда одан жаратушының таңбасын көретін болды, сол сәтте әлгі зат жайына қалып, ойы жаратушыға бөлініп шарлап кететін халге жетті. Осылайша оның жүрегі сезім әлемінен біржола тазаланып, қиял дүниесіне берілді, оның жаратушыға ынтықтығы барған сайын арта түсті.

Оның бар болуына ешқандай себеп жоқ, оның өзі барлық заттардың бар болуының себебі — осыны білген уақытта ол осы білім қайдан пайда болды, оны білгізген кім, күш-қуат берген не деген ойларға қалды. Осыны білмек үшін өзінің барлық сезім қабілеттерін — есту, көру, дәм және иіс сезу қабілеттерін зерттей келе, олар арқылы не денені немесе денедегі әлденені ғана таңып білуге болатынын көрді. Мәселен, құлаты денелердің бір-бірімен соқтығуынан шыққан ауаның толқынды қозғалысынан туатын дыбыстарды ғана естиді, көз тек түсті ажыратады, иіскеу арқылы түрлі иістерді, дәм арқылы түрліше дәмдерді біледі, түйсініп ыстық - суықты, қатты - жұмсақты, тегіс - тегіс еместікті біледі. Осы тәрізді елестету күші ұзындығы, ені, тереңдігі бар нәрсені ғана қамтиды. Бұл танылатындардың бәрі — денеге тән қасиеттер, сезім олардан өзгені тани алмайды. Бұлай болу себебі — сезімдер дене тұрғысындағы заттармен таралатын, солар бөлінгенде бірге бөлінетін күш. Сондықтан да олар бөлшектелуі мүмкін денелерді ғана танып біле алады, өйткені бұл күш бөлшектенуі мүмкін затқа таралған болса, ол әлденені танып, біле алған жағдайда сөзсіз осы затпен бірге бөлшектеледі. Демек, денедегі кезкелген күш тек денені немесе сондағы затты ғана тани алады, ал бұған дейін мәлім болғандай, бұл қажетті бар нәрсе денелік қасиеттерге мүлде қатыссыз, олардан бос, демек, оны дене немесе денедегі күш арқылы танып білу де мүмкін емес, ол үшін денемен ешқандай байланыссыз, дененің ішінде де емес, одан ажыратылған да емес әлдене қажет. Сонда оның көзі ашылады: бұған ол өзінің болмысы арқылы жетті, осы болмысы арқасында ол туралы білімі берік орнықты, жаратушыны тануға алып келген бұл болмысының өзі анығында ешқандай денелік қасиеті жоқ, ондай қасиеттердің болуына орын қалдырмайтын әлдене, осы күнге дейін ол өзін өзі сыртқы тұлға, дене ретінде таныды, бірақ бұл танығаны оның шын табиғаты емес, оның ақиқат болмысы — қажетті бар болмысты танып білуге мүмкіндік беретін әлдене.

Ол өзінің сезімдері арқылы танылатын, терімен қапталып қойған денесінің өзінің шын болмысы емес екенін түсінген жерде денесі өзіне тіптен мүшкіл халде көрінді, бар ойы қажетті барды тануына жол ашқан жоғары болмысына ауды. Оның жойылуы, бүлінуі, тарап кетуі мүмкін бе? Әлде ол мәңгілік нәрсе ме? Осыларды түсінгісі келіп, іздену үстінде бүліну немесе тарап кету біртоға денелік қасиеттер екенін, оның мәні, мәселен, судың ауаға, ауаның суға, өсімдіктің топыраққа, одан қайта өсімдікке айналуы тәрізді бір бейнесінен екіншісіне көшуінде, яғни түрінің өзгеруінде екенін көрді. Бүліну түсінігінің мәні осы. Ал денесі жоқ, өзінің өмір сүруі үшін дененің болуын қажет етпейтін, денелік түсінігі мүлде жат нәрсенің бүлінуін ешқандай елестету мүмкін емес.

Өзінің ақиқат болмысының бүлініске ұшырамасына көзі жеткен соң, ол денені тастап, одан босап шыққанда қандай күйде боларын білгісі келді. Оған осы болмысының денеден дене оған құрал ретінде пайдалануына жарамсыз болғанда ғана шығатыны мәлім еді. Ол өзінің барлық таным күштерін сараптай келе, олардың әрқайсысы бірде потенциалды, бірде актуальды танитынын көрді. Мәселен, көз жұмулы болса немесе затқа тікелей қарап тұрмаса, потенциалды тану күші болмақ (потенциалды танушы күш түсінігінің мәні оның дәл осы сәтте танымағанымен, болашақта тануы мүмкіндігінде). Ал ашық болып, көрінетін затқа тіке қадалған сәтінде актуальды көруші болады (яғни ол дәл осы сәтте таниды). Дәл осы тәрізді кезкелген өзге таным күштері де потенциалды және актуальды танушы болады. Егер осы күштердің қайсыбірі ешқашан актуальды танымаған болса, ол үнемі тек потенциалды таниды және өзі тануға міндетті болған нәрселерді тануға ұмтылмайды, өйткені ол туа зағип жандар тәрізді өзі тануға тиіс заттарды білмейді. Ал егерде ол басында актуальды танып, соңынан потенциалды танитын болса, үнемі актуальды тануға ұмтылады. Өйткені ол таным затын біледі, оған үйренген, аңсап отырады. Бұған бұрын көріп, соңынан зағип болған адам мысал бола алады: ол өзі көргендерді қайта көруге құмартады, ол нәрсе неғұрлым әдемі, көркем болса, оның құштарлығы солғұрлым жоғары болады, жоғалтқанына қатты күйзеледі, бұрын көріп, осы қабілетінен кейін айрылған адам түйсіну (обоняние) қабілетінен айрылғанға қарағанда көбірек жапа шегеді. Өйткені заттар ұстап байқағаннан гөрі көзбен көру арқылы әлдеқайда жетік танылады. Егер заттардың арасынан шексіз жетілген, ауызбен айтқысыз көркем, ғажайып теңдесі жоқ, барлық өзге сұлу — сымбаттың, кемелдік пен ұлылықтың бөрі содан таралған әлдеқандай зат табылар болса, тану қабілетінен айрылған жан адам айтқысыз азапта, ал үнемі танушы қалпында қалып отырған шексіз рахатта, өлшеусіз қуаныш - бақытта болар еді.

Оның осы қажетті бардың кемел қасиеттерге ие, кемшілік атаулыдан ада-күде екендігіне сенімі біржола орнықты. Ол өзі оны не арқылы таныса, сол танымға жеткізген нәрсесінің денеге ұқсамайтын және дененің күйреуімен бірге күйремейтін әлдене екенін білді. Осындай танымға қабілетті болмыс иесі дене өліп, одан ажырағанда үш түрлі хал кешуі мүмкін: егер ол осыған дейін өзінің денесіне иелік еткен кездерінде осы қажетті бар болмыс туралы бейхабар, ол туралы ештеме естімеген болса, денеден ажыраған соң оған ынтықпайды, оны жоғалттым деп қайғырмайды. Тән күштеріне келер болсақ, олар денемен бірге өледі де, өздерінің жетуі мүмкін нәрселеріне ұмтылмайды, оларды қажет етпейді және жоғалтқанына уайымдамайды. Мейлі адам кейпінде ме, жоқ па, бәрібір, барлық ақылсыз өмір иелерінің сыбағасы осындай...

Әлде бұл болмыс иесі ілгеріде өз денесіне әмірін өткізе жүріп, қажетті барды білуі және оның кемелділігі мен көркемдігіне көзі жетіп, тәнті болуы, сөйте тұра, өзінің құмарына елігіп, одан теріс айналуы, осы халде ажалы жетуі ықтимал. Ендігі жерде, оны тікелей көру мүмкіндігінен айрылған соң, ол аса үлкен ынтызарлықпен аңсап, түпсіз қайғы-қасірет шегеді, оның ұзақ азаптан босап, аңсағанын көруі немесе мәңгілік азапта қала беруі мүмкін, осы екеуінің қайсысына жетері оның денеге иелік өміріндегі қаншалықты қам - харекет жасауынан, оның әзірлігінен.

Ал осы қажетті бар болмысты денесінен ажырағанға дейін білген, өзінің жан-тәнімен соған берілген және бар ойы соның кереметінде, құдіреті мен сұлулығында болған, осы ынтызарлығы және актуальды көруі үстінде ажал келіп жеткенге дейін одан мойын бұрмаған ол денесінен ажырағаннан кейін де шексіз рахат пен мәңгілік бақытта, таң-тамаша шаттықта болады, өйткені ол осы қажетті барды көлеңке - қалтарыссыз тікелей көруге жетті, ол ендігі жерде қазіргі халімен салыстырғанда азап пен бейнет, тән күштерінің әсерінен болатын барлық сезім әлемінен азат.

Оның кәмілдігі және рахат сезімді ғұмыр кешуінің кепілі ақиқат бірақ нәрсе екен. Ол — осы қажетті бар болмыстан ешқашан жалқы сәтке де, өлім халінде де көз жазбау, оны актуальды түрде көз алдында ұстау, сонда ол ажал құшағына да еш қиналыссыз, рахатпен енер еді. Енді ол ешқашан ештемеге көңілі алаң болмайтындай тұрақтылыққа жету жолдарын іздестіре бастады. Ол өзінің ойын осы қажеттіліктің төңірегіне жинақтады, осылай етуі мұң екен, көз алдына әлдеқандай сезімдік заттар тұрып немесе құлағына әлдеқандай хайуан үні жетіп, болмаса өзгедей көлденең бірдеме назарына ілігіп, бір жері ауырып, қарны ашып, ыстыққа күйіп, суыққа тоңып, ең болмағанда дәрет сындыру қажет болып, әйтеуір, бір себеппен ойы үзіле беретін болды, үзілген ойды жалғап, қайтадан бұрынғы қалпына оралу үшін үлкен күш жұмсау қажет еді. Міне, ол осыдан, назары өзге нәрселерге ауған сәтте өліп кетіп, ана болмыстан көз жазып, мәңгі азап тұтқынында қалып қоюдан қорықты. Ол қатты налыды, бірақ ұғымды жол таппады.

Сонда ол хайуандарға, олардың әрекет - қылықтарына зер сала бастады. Бәлкім, осылардың бірі білетін болар деп үміттенді. Олардың бірі қажетті бардың барлығын біліп, сонымен қосылуға ұмтылар болса, оны қалай жасайтынын көріп алып, өзін құтқарар жол таппаққа ниет қойды. Ол хайуандардың қорек іздеу, күнкөріс үшін қажетті тағы басқа нәрселермен шұғылдану, мәселен, суатқа түсу, күйіс қайтару, күйлеу, көлеңке іздеу сияқты күйбең әрекеттерден аспайтынын, туғанынан өлгенге дейін осы қалыпта күн кешетінін, бұдан бір сәтке болсын ауытқып, өзге бір нәрсеге ұмтылыс жасайтын ешбірінің жоқ екендігін көрді. Құп, бұл мақлұқтардың ешбірі ол туралы ештеме білмейді, түсінігі жоқ, түсінігі жоқ болған жерде ұмтылысы да жоқ екен, бұлардың барар жері — жоқ болмыс, құрдым немесе соған ұқсас дүние. Ол хайуандар тарапында осындай байламға келіп, хайуандардан төменгі сатыда тұрған өсімдіктер одан әрмен бейхабар деп шешті. Оның үстіне, өсімдіктердің бар әрекеті осу мен қоректену шеңберінен аспайтынын көрді.

Ол осыдан кейін жұлдыздар мен аспан сфераларын зерттеп, олардың қатал заңдылықпен, түзу ретте жылжитынын, мөлдірлігін, жарық түсіруін, қандай да болсын өзгеріске ұшырау немесе бүлінуден аулақтығын көріп, бұларда денеден басқа, өзі іздеген нәрсені — қажетті барды танитын болмыс бар, олар дене емес және денесінде емес деген берік сенімге келеді. Мұндай болмыс соншама әлсіз, сезім әлеміндегі заттарға соншама тәуелді өзінің бойынан табылып отырғанда, денелік қасиеттері мүлде жоқ оларда неге болмасқа? Осыған қарап, ол аспан денелерінің бұл қасиетке өзінен анағұрлым лайықты екенін түсінді. Олардың қажетті бар туралы білетінін, оны әрқашан актуальды көретінін түсінді, өйткені аспан денелеріне бұл жолда бөгет болатын сезім әлеміндегі тәрізді еш кедергі жоқ.

Ол ойлады: бәріне қарағанда аспан денелеріне үйлесімді осы нәрсе барлық хайуандар ішінен жалғыз оған қалайша дарыған? Ол элементтердің мысалында және бірінің екіншісіне ауысуынан мынаған көз жеткізген болатын: жер бетінде бардың ешқайсысы үнемі бір қалпын сақтамайды, пайда болу және жойылу бірінен соң бірі алмасып келіп отырады, бұл денелердің көп бөлігі қоспа — қарсы заттардан тұрады, олар сондықтан да опат болады, олардың бір де бірі таза күйінде болмайды және қоспасы жоқ, тазаға жуықтары, мәселен, алтын, жақұт тәрізділері мейлінше аз бүлінеді, аспан денелері қарапайым әрі таза, сондықтан олар бүлінуден және өз формаларын өзгертуден аулақ нәрселер. Оның тағы мынаған көзі жетті: пайда болу және жойылу әлеміндегі кей денелердің болмысы, денелік қасиеті және тағы бір формадан тұрады, мәселен, төрт элемент осындай, ал өзгелерінің, мәселен, өсімдіктер мен хайуандардың болмысы көп формалардан тұрады. Болмыс неғұрлым аз формада көрінсе, қозғалыс солғұрлым шектеулі болады да, ол өмірден соншалық алшақ тұрады. Форма мүлдем болмаған жерде өмір жоқ, мұндай дене жоқ болмысқа тән халге келеді.

Болмысы көптеген формаларда көрінетін денелер белсенді қозғалыс қабілетімен ерекшеленеді және өмірге де белсенді енеді. Егерде бұл форманы өзі тән материядан ешқандай жолмен ажыратып алу мүмкін болмаса, ондай формада өмір мейлінше айқын көрінеді, ұзақ әрі тынымсыз қызмет үстінде болады. Мүлдем формасыз зат тұңғыш материя болып табылады, онда ешқандай өмір жоқ, ол жоқ болмысқа тән. Дара формада көрінетін заттар болса — анығында төрт элемент. Олар пайда болу және жойылу әлеміндегі өмірдің ең төменгі баспалдағында тұр. Көптеген формалардың иесі солардан қалыптасады. Бұл төрт элементтен өмір өте солғын көрініс береді, өйткені олар қозғалыстың бір жолымен, бір бағытта ғана қозғалады. Олардың әрқайсысында табиғи қажеттіліктері кедергі, формасынан айыруға ұмтылған ашық қарсы нәрселері бар. Сондықтан олардың болмысы тегеурінсіз, өмір солғын байқалады. Өмір оларға қарағанда өсімдіктерден жандырақ байқалса, хайуандарда одан да айқын көрінеді. Мұның себебі мынада: осы күрделі денелердің бірінде бір элементтің табиғаты басымдық алса, ол артық күшке ие болады, өзге элементтердің күшін жоя бастайды, сөйтіп, күрделі дене басымдық алған элементтің ырқыңда соның құрылымын қабылдайды, осының салдарынан қызметі болмашы, әлсіз элемент солғын тартады, егерде күрделі денеден бір элементтің басымдығы байқалмаса, бәрі тең мөлшерлі, бір-біріне сайма-сай тепе-тендікте болса, бірі екіншісіне қысым жасамаса, қимылдары бір болса, денеден қандай да бір элементтің үстем, басым әрекеті көрінбейді, элементтердің ешқайсысы басымдыққа ие болмайды, сөйтіп, дене өзінің формасына қарсы ештеме жоқ тәрізді күрделі қалпын сақтайды, жеке бір элементтің табиғатын қабылдап, соған ұқсап өзгермейді. Өміршең болады. Бұл элементтер неғұрлым біркелкі, толық және тәртіппен орналасқан сайын дене солғұрлым өміршең болады. Жүректен орын алған хайуан рухының элементтері мейлінше тепе-тең орналасқан, өйткені ол топырақ пен судан жұмсақ, отпен ауадан қатқыл, бейне екеуінің арасындағы нәрсе тәрізді, сондықтан еш элемент оған ашық қарсы емес, осы себепті де ол хайуандық формасына үйлесімді.

Осының бәріне көзі жеткен соң, одан мынадай қорытынды шығуы тиіс екендігін көрді: элементтері неғұрлым біркелкі хайуан рухы пайда болу және жойылу әлемінде өмір сүру қабілетін де толығырақ көрсетеді, оның формасына қарсы ештеме жоқ, ол сондықтан формасына қарсы әсер етуші жоқ аспан денелері іспетті деген ұйғарымға келуге де боларлық, мұндай хайуан рухы элементтер ішінде аралық орында бола отырып, не жоғары, не төмен жылжымайды, егер оны кеңістіктің от шарпуы жете алмайтын жоғары нүктесі мен орталықтың арасына орналастыру мүмкін болса, ол не көтерілуге, не төмендеуге ұмтылмай, қозғалыссыз үнемі сонда қала берер еді, ол өзін қоршаған кеңістікте қозғалысқа келе қалған жағдайда, аспан денелері тәрізді ортаны айналып қозғалар еді. Егер де өзінің тұрған жерінде қозғала бастаса, өзін өзі айналып қозғалып, шар формасына түсер еді, өйткені осылай қозғалғанда өзге форманың қалыптасуы мүмкін емес. Яғни ол аспан денелеріне мейлінше ұқсас.

Хайуанға тиісті орынды анықтап, ол қажетті бар нәрсе туралы әлдене біледі дерлік еш қисын таппады. Ал өз болмысы одан хабардар. Демек, менің аспан денесіне ұқсас, рухым тепе-тендікте орналасқан хайуан болуым керек деген ұйғарымға тоқталады. Өзінің хайуандардың басқа түрлерінің ішінде ерекше түр екені, өзінің өзгедей бір мақсатпен жаратылғаны, хайуандардың өзге бір де бір түрі лайық емес ұлы іске бола пайда болғаны айқын болды. Оның ізгі мәртебесі өзін құраған екі бөліктің төмендегісі — дене бөлігінің пайда болу мен жойылу әлемінен тыс тұрған аспан субстанцияларына барлық өзге заттардан гөрі ұқсастығымен, кемшілігі акциденциясынан, алмасу мен өзгеруден тазалығымен жеткілікті көрініп тур еді.

Оның екі бөлігінің жоғарысына келсек, ол — қажетті бар тіршілік иесін таныған өзінің бойындағы әлдебір нәрсе. Сонымен бірге осы білуші беймәлім нәрсе ұлы, әмір иесі дәрежесінде, ажал тырнағы жетпейтін, бір де бір денелік ұғыммен жеткізу мүмкін емес, сезіммен танылмайтын, көзге елестетілмейтін, танудың жалғыз-ақ құралы өзі болып табылатын әлдене. Ол — бір уақытта танушы, танылушы әрі таным, ол — білуші, білінуші және білім. Оның осы қасиеттерінің арасында ешқандай үйлеспеушілік жоқ, өйткені үйлеспеушілік және үйлесімсіздік — денелерге және оларға ілесетін нәрселерге тән, ал мәна жерде дене де, дене қасиеттері де немесе оған ілес ештеме жоқ.

Хайуандардың барлық түрлерінің ішінен жалғыз өзінің ғана аспан денелерімен ұқсастығына не себеп және не себепті осылай дараланғаны айқындалған жерде ол осыдан былай сол аспан денелеріне ұқсауы, солардың әрекеттеріне електеуі, мүмкін болғанынша солармен теңелуге ұмтылуы тиіс екенін түсінді. Оның қажетті барды таныған асыл бөлігі қажетті бар тәрізді денелік қасиеттерден еркін.

Осы тұрғыдан, ол өзінің қажетті бар болмыспен кейбір ұқсастығын көрді. Сондай-ақ ол қандай жолмен болсын оның қасиеттерін бойына жинауға ұмтылуы, оның үлгісін үйренуі, оның жасағанын жасауы, оның қалағанын орындауға ұмтылуы, оның барлық қағидаларын ашық және құпия жүрекпен орындауы, осының бәрін денесіне бейнет, азап, зиян, тіптен толық күйреу әкелер болса да шаттықпен істеуі қажет екендігін түсінді.

Екінші жағынан, өзінің пайда болу және жойылу әлеміне қатысты нашар бөлігі — тамақ, сусын тәрізді түрлі сезім заттарын қажет ететін ұсқынсыз, тығыз денесі жағынан хайуандардың өзге түрлерімен ұқсастығына көзі жетті. Бірақ дене оған ермек үшін бостан босқа беріле салмаған, ол оған күтім жасап, дүұыс ұстауы тиіс. Мұны басқа хайуандар қалай жасаса, сол үлгіде жасауы керек. Оның жасайтын әрекеттері мақсатына сай үш түрлі болуы тиіс: оны хайуандарға ұқсас ететін әрекет, аспан денелеріне ұқсас қылатын әрекет және қажетті бар өмір сүрушіге ұқсас ететін харекет; бірінші ұқсастық әрекеттерін түрлі мүшелері, әртүрлі күштері мен алуан ұмтылыстары бар ұсқынсыз дененің иесі ретінде, екіншісін жүректен орын алған, бар дене мен ондағы күштердің бастауы болып табылатын хайуан рухының тұрғысынан атқаруға міндеті, үшіншісінің міндетті болуы — оның өзі қажетті барды танып білген нәрсесі болғандықтан.

Осыдан әлдеқайда бұрында бақытқа жетуімнің немесе бақытсыздықтан құтылуымның кепілі осы қажетті барды көз жазбастай болғанша үзбей тамашалау деген ойға тірелген еді. Осылай көз алдында тұрақты ұстауға қалай жетсем деп ойлана келіп, ұқсаудың үш түрі жолында да еңбектену қажет деген шешімге келді.

Бірінші ұқсауға келсек, ол арқылы қажетті барды тануға жету еш мүмкін емес, керісінше ол назарды өзгеге бұрады, осы жолда кедергі болады, өйткені ол сезім заттарымен байланысты, ал олардың бәрі — кедергілер. Бұл оған хайуан рухын асырап, сақтау үшін ғана қажет. Ал хайуан рухы екінші түрге ұқсап өмір кешуге — аспан денелеріне ұқсауға апарады. Сондықтан оны, зиянсыз болмаса да, қажеттілік талап етеді.

Осы екінші сатыда көру неғұрлым тұрақтылыққа не болады, бірақ бүл жеткілікті дәрежеде айқын емес, өйткені санасында өзінің болмысын тұрақты сақтап, соған алаң болып отырады, ұқсаудың үшінші сатысында ғана бар назарың тек қажетті барда болады, оны барынша таза көресің. Осылай көруі үшін өзінің болмысы, мейлі аз, мейлі көп болсын, қалған өзге болмыстар да көлегейленіп, сағымға айналып, бірте-бірте біржола жойылады, жалғыз ақиқат, ұлы, барша өмір иесі қажетті бар ғана қалады. Сонымен, оған ең жоғары мақсат үшін осы үшінші ұқсау екендігі, оған екінші түрдің қасиеттерін ұзақ еңбектеніп, тәжірибе арқылы жетуге болатыны, ал осы тәжірибені өз кезегінде хайуан рухы арқылы жинай алатыны айқын болды. Осы бірінші ұқсаудың жанама түрде көмек болуымен бірге іс жүзінде бөгет, бірақ бөгет те болса қажеттілік екенін көріп, оған сол қажеті деңгейінде, атап айтқанда, хайуан рухын жоғалтып алмау үшін қажет мөлшерде, мүмкіндігінше аз көңіл бөлуге бекінді. Бұл рухтың күтіміне екі нәрсе қажет деп тапты. Бірі — оның ішінен демеу, жоғалтқан заттарын толықтырып отыру, яғни қоректендіру, екіншісі — оны сыртынан қорғау, суық, ыстық, жауын-шашын, аптап сияқтылардан, қауіпті жыртқыштардан, тағы сол сияқтылардан қорғау. Сонымен бірге осылардың бәріне қажеттілерді есепсіз, қалай болса, солай пайдаланса, ысырапқорлыққа салынып, қажетінен артық алып, өзі де байқамай, өзінің күш-қайратын өзіне қарсы жұмсауы ықтимал екендігін ұқты. Бұл істе ешқашан аспайтын шекараны, салиқалы бір деңгейді белгілеу қажеттігін түсінді. Оның пікірінше, бұл деңгей тамаққа қатысты болуы тиіс: тамақтың қандай түрі, қай уақыттарда, қанша мөлшерде қажет? Осыны анықтап алған орынды.

Ол алдымен өзі қоректенетін барлық азық түрлерін саралап, оларды үшке жіктеді: біріншіден — әлі жетілмеген, толық пісіп үлгермеген, бірақ өзек жалғауға болатын өсімдіктер, мәселен, көкөніс түрлері, екінші — әбден қалыптасып, даму шегіне жеткен, болашақта өзі тәріздес өсімдік пайда болуы үшін тұқым тастауға әзір өсімдіктердің жемістері: түрлі жас және кептірілген жемістер, үшінші — құрғақта және суда өмір сүруші, азыққа жарамды түрлі хайуандар. Осы қорек түрлерінің бәрін жасаған — өзінің бақытын содан ғана табатынын айқын сезініп, ұқсауға ынтызар болып отырған қажетті бар өмір сүруші екенін берік білді. Аталғандарды қорек ету оны ешқандай кемелдікке жеткізбеуі былай тұрсын, алдына қойған жоғары мақсатына жетуге елеулі кедергі болатыны сөз жоқ. Бұл оның жаратушыға, соған ұқсауға ұмтылуына бөгет. Бірақ жаратушы оларды азық етсін деп жаратты. Бас тартқаны қарсылық болар еді. Одан әріде тамақтан бас тартса, болмысына мекен болған денесі жылдам тозып, пайдалануға келмей қалады. Бұл жаратқан әміріне алғашқыдан да үлкен қиянат. Өзі өзінің болу - болмауы тәуелді болып отырған осы бір болмашы дүниелерден жоғары тұрғанымен, не қоректенуден бас тартып, опат болу, не қоректеніп, өзі ұмтылған мақсат жолына өз қолымен кедергі тұрғызу — екіншісінде де жаратушы әміріне қарсылық жасау мұқтаждығына келіп тіреледі де, осы екісінің қай жеңілін қалауды дұрыс деп тапты. Ол осы толып жатқан қоректік заттар ішінен өзі болашақта белгілейтін кесімді көлемде қайсысы табуға жеңіл болса, соны алып азық еткен жөн деп шешті. Егер қол астында олардың бәрі болса, Жасаған әміріне неғұрлым қарсылық аз келетін дейін ықтиярлықпен таңдап алуды жөн санады. Мәселен, әбден пісіп жетілген жемісті теріп алып, оның тұқымын күресінге лақтыра салмай, болашақта өніп шығатындай нәрлі топыраққа тастап, сонымен қатар осы жемістердің ішінен біржола құрып кетпейтіндей, тұқымы көп тарағандарын тандап алып жеуге болады. Егер алма, алмұрт, алхоры тәрізді жемістер табу қиынға түссе, азық етуге дәмі ғана жарамды жаңғақ тәрізді жемістерді немесе мүлде өніп кетпеген көкөністерді алсын. Екі жағдайда да ол бұл жемістердің түрлерін құртып жібермеу үшін неғұрлым көбірек өсетінін, жиі ұшырайтын өсімталын алсын. Сонымен қатар олардың тұқымдарына залал келтірмеу жағын ойластырсын. Мұндайды таппаған жағдайда аң-құсты, олардың жұмыртқаларын алуына болады. Бірақ мұнда да хайуанның бір түрін мүлде жойып жібермеу үшін, оның көбірек таралғанын аулау керек. Ол азық таңдау турасында осындай ойларға келді.

Тамақтың мөлшеріне қатысты былай шешті: ол өткір аштық сезінбейтіндей болса жеткілікті, одан артық емес. Тамақтану аралығындағы уақыт турасында мынаны ұтымды тапты: тамақтың қажетті мөлшерін ішкеннен соң, біз төменде сөз еткелі отырған екінші ұқсаудың шарттарын орындау үшін қажетті кейбір әрекеттер жасауына кедергі боларлықтай әлсіздік сезінгенге дейін ұстамдық жасап, өзге тағам алмауы керек.

Хайуан рухын сақтауға қажет сыртқы қорған мәселесіне келсек, бұл үлкен қиындық тудырмайды — киінгені тері, мекені сырттан жақсы қорғалған. Бұл оған жеткілікті болатын, сондықтан онымен одан әрі айналысуды қажет деп таппады. Тамақтануда өзіне өзі белгілеген жоғарыда айтылған шарттарды сақтау міндетті деп санады.

Осыдан соң ол екінші әрекетпен, атап айтқанда, аспан денелеріне ұқсайтын әрекеттермен, олардың қасиеттерін меңгерумен, солардың жолын қуумен шұғылдана бастады. Олардың қасиеттері оған үш түрлі көрінеді. Бірінші түрі — олардың өздерінен төмен тұрған пайда болу және жойылу әлеміне қатысты, атап айтқанда, олардың әлемге тарататын жылуы, сонымен ілесті тарататын суығы, жарық түсіру, селдірлік, қоюлық тәрізді басқа да құбылыстар, бір сөзбен айтқанда, жаратушы қажетті бардан таралатын рухани формаларды төменгі әлем заттарының қабылдауын мүмкін ететіннің бәрін жеткізуі.

Екінші түрді, оның тұжырымында, олардың өздерінің болмысына тән қасиеттер, мәселен, мөлдірлік және сондай мөлдір тазалық, жарық сәуле түсіруі, бірінің өз кіндігінде, қалғандарының өзгені айналып қозғалуы сипаттайды.

Үшінші түрі — олардың қажетті бар болмысқа қатысты қасиеттері, мәселен, оны үнемі әрі үздіксіз көріп отыру, оған ынтық болып, қосылуға ұмтылу, соның әміріне жүгініп әрекет жасау, оның жазмышта белгілегеніне қатесіз мойын ұсыну, соның еркімен және әмірімен қозғалу. Ол бар күш-қуатын осы үш бағытта, сонымен ұқсастыққа ие болуға жұмсады.

Оның аспан денелеріне ұқсауға ұмтылысының бірінші түріне қатысты алдына хайуандардың яки өсімдіктердің әлденеге мұқтажын өтеу, олардың бойынан бір кемшіндік немесе алдарынан тұрған кедергілер көрсе, дәрмені жеткенінше көмек жасау мақсатын қойды. Егер әлдебір нәрсенің өсімдікті жасырып, күн түсірмей тұрғанын көрсе немесе басқа өсімдікпен айқасып ұйысып қалып, өсуіне бөгетін андаса, судан тапшылығын сезсе, ол күн сәулесіне қалқан затты дереу алып тастауға, нәр беруге, ұйысқан тамырларды ешқайсысына зақым келтірмейтіндей босатуға әрекет жасайтын болды. Жабайы аңнан зәбір шеккен, торға шырмалып қалған, шөгір қадалған немесе көзіне яки құлағына әлдене зақым келтірген хайуандардың баршасына дереу көмекке келді, оларды құтқарды. Азықтандырды, суарды. Еш көмегін аяған жоқ. Өсімдіктер нәр алатын немесе жануарлар су ішетін бастаудың жолын жағаның опырылған топырағы әлде басқадай бір көлденең зат бөгеп қалса, суат көзін аршыды. Ол ұқсаудың осы түрімен бұл кәсіпке әбден шеберленіп алғанға дейін шұғылданды. Ұқсас болудың екінші түріне қатысты ол үнемі бой тазалығын сақтауды, кір мен нәжістен бойын тазартып, жиі жуынуды, тырнағын алып, тісін тазалап, қолтық - шабын тазалауды, өсімдіктердің хош иісті майын денесіне жағып, киіміне сіңіруді, бойынан хош иіс аңқып тұратындай мұнтаздай тазалық пен көркемдікке жеткенше күтінуді дағдыға айналдырды. Ол сонымен бірге айнала жүруді әдет етті. Бірде жар жағалап, аралды серуендесе, бірде өзінің мекенін, болмаса бір жартасты айналып, бірде аяңмен, бірде жылдамырақ басып айналып жүретін болды, кей кездері әбден есінен танып құлағанға дейін бір орнында шыр көбелек айналды.

Ұқсаудың үшінші түрінің мәні мынаған тіреледі: ол сезім дүниесімен барлық байланысын тыйып тастап, көзін жұмып, құлағын бітеп, бойындағы бар қуатын жиып, бар елесті аластатып, ойын бір ғана қажетті бар болмысқа бағыттады, тек сол туралы ғана ойлауға, өзге ештемеге алаң болмауға, ойына басқа ештемені алмауға ұмтылды. Бір орнында шыр көбелек айналып, өзін өзі рухтандырып, өзге дүниенің бәрін мүлде ұмытарлық халге мейлінше терең енуге ұмтылды. Ең шегіне жеткен кездері сезім дүниесі мүлде жоғалды, денесі үшін қажет барлық күш-қуаты барынша әлсіреп, оның орнына болмыс қуаты күшейді. Кей сәттері ойы барлық бөгде нәрселерден айнадай тазарып, қажетті бар болмыс оның көз алдына жанды суретінде келді. Бірақ ізінше дене күштері қайтып оралып, осы жеткен дәрежесін жоқ етіп, "қайтадан төменгі сатыға" ысырып тастап отырды. Сөйтіп, бәз-баяғы қалпына оралуға мұқтаж болды. Егер қойған мақсатына жетуге бөгет болғандай әлсіздік сезінсе, жоғарыда айтылған шарттарды сақтай отырып, аздап ауқаттанды, содан кейін біз айтқан үш түрінде аспан денесіне еліктеу кәсібіне қайта кірісетін болды, ол бұған бірқыдыру уақытын бөлді.

Ол өзінің дене күштерімен күресті, ал олар онымен күресті, ол дене күштерімен ұрысса, олар бұнымен тайталасты, қарсылыққа шықты. Ол дене күштерінен басым түскен сәттерінде ойы барлық шайынды атаулыдан тазарып, үшінші ұқсастыққа ие адамдардың халіне еніп отырды, осыдан соң ол өз мақсатына жетуге одан әрі ынтығып, харекетіне кірісті.

Қажетті бар болмыстың қасиеттерін зерттей келіп, іс - әрекетке көшкенге дейін, ой тоғытуы үстінде олардың қос сипатты екеніне көз жеткізді: әлде білім, қуат, даналық тәрізді жағымды, әлде денелікке, денеге және онымен тіптен сонау бағзы уақыттарда болсын әлдебір қатынаста, әлдеқайда байланыста болған нәрселердің бәрімен қатысты болуы секілді жағымсыз сипатты. Бірақ жақсы қасиеттеріне оның денемен ешқашан және ешқандай байланыста немесе әлдеқандай қатынаста болмауы шарт түрінде енуі тиіс, демек, онда ешқандай денелік қасиет те, сол сияқты көптік мағына да жоқ. Осы жағымды қасиеттерге ие болғанда оның болмысы көптік сипат алады, бірақ олардың бәрі жиылып келіп бір түсінікке, атап айтқанда, оның ақиқат болмысына келіп тоғысады.

Енді ол онымен осы екі сипатта қайтсе де ұқсау жолын іздестіре бастады. Жағымды қасиеттерге келсек, олардың бәрінің оның ақиқат болмысына келіп тірелетінін, оның көптік денелік қасиеттердің бірі болғандықтан, көп болуы мүмкін еместігін және оның болмысын тануының өзі болмысы екендігін түйгеннен соң, егер ол қажетті бар нәрсенің болмысын танып білер болса, бұл таным осы нәрсенің болмысына үстеме емес, тек соның нақ өзі болатынын айқын көрді. Оған жағымды қасиеттері тұрғысынан ұқсау — соны, ешқандай дене қасиеттерінің араласуынсыз, тек соны ғана тану екендігін көрді. Ол осымен шұғыл айналыса бастады.

Жағымсыз қасиеттер болса — денеге қатыссыздықта. Сөйтіп, ол өз болмысын денеге тән нәрселерден арашалай бастады. Олардың көбінен ол осыған дейін, аспан денелеріне ұқсауды мақсат еткен харекеттері барысында арылған, осыған қарамастан, олар әлі жетерлік еді, мәселен, шыр көбелек айналу, ал қозғалу дегеннің өзі дененің дене екендігін даралап көрсететін нәрсе, хайуандар мен өсімдіктерге қамқорлық, оларға деген жанашырлық және оларды бөтен нәрселерден арашалау — бұлардың бәрі дерлік денеге тән қасиеттер, өйткені оларды дене күштерімен таниды және дене күштерінің көмегімен атқарады.

Енді, оның қазір іздеп, ұмтылып отырған халіне лайықсыз болуы себепті, олардан арыла бастады. Ол жанарын төмен салып, барша сезіммен танылатын нәрселер мен барлық дене күштерінен теріс айналып, ой ұмтылысын қажетті бар нәрсеге, жалғыз соған ғана тоғыстырды, үңгірінің алыс бұрышында үнсіз, қозғалыссыз отырумен шектелді.

Ол өзінің ойын басқадай бір көлденең зат бөлгенде оны аластап, қуып тастауға бар күшін жұмсады, өзінің ақылын осыған дағдыландырды.

Ұзақ уақытты осындай жаттығулар үстінде өткізді. Кейде бірнеше күн қатарынан нәр татпай, су ішпей, қимылсыз қалды. Кейде, осындай рухани күрес-тартыс күшейген сәттерінде, оның ақыл-ойынан өзінің болмысынан өзгенің бәрі өшіп, аластайтын болды. Бірақ ақиқат, қажетті өмір сүрушіні қиял күшімен көргеннің өзінде, ол (өз болмысы) қатарласып келе береді. Мұның назарын өзгеге бөлу таза жүздесуіне түсетін көлеңке екенін айқын түсініп, қатты қиналды.

Ол өзін өзінен аластатуға, ақиқатты айқын көруге ұмтылуын үзген жоқ, міне, ақыры соған жетті де. Сонда оның ақылы мен есінен аспан мен жер, оның екі ортасындағының күллісі, барлық рухани формалар мен денелер және материалдық емес күштердің баршасы — оны білетін болмыс — түгелімен жоғалып кете барды, солармен бірге өзінің болмысы да жоғалды. Бәрі жоғалып, "желге ұшқан шаң-тозаң құрдымға батты. Жалғыз-ақ бірегей, ақиқат, мәңгілік мызғымас болмыс қана қалды. Сонда оның болмысына үнсіз дауыс берді. "Бүгін ең жоғары әмірші кім? Жалғыз құдіретті Раббың!" — деді ол. Ол осы күнге дейін ешкіммен бір ауыз сөзге келмеген, тілден мүлде бейхабар болуына қарамастан, оның айтқанын түсініп алды. Сонда ол осы халге шым батып, "жанары көрмеген, құлағы естімеген, еш жан иесінің жүрегі сезбегенді" тамашалаумен болды. Адамның жүрегіне жол ашпағанды суреттеуге көңілің жығылмай-ақ қойсын. Адам жүрегіне жеткенмен де, суреттеп жеткізгісіз нәрселер де толып жатыр. Ал жүректің өзі қабылдауға дәрменсіз, мүлде өзге дүниеге, мүлдем бөгде әлемге жататын нәрсені түсіндіру қаншалықты ауыр! Мен жүрек дегенде, жүректі дене ретінде немесе оның қуысын мекендеген рух туралы айтып отырған жоқпын, жоқ, мен осы рухтың формасын, өзінің қуаты арқылы адамның денесіне таралатын формасын айтып отырмын. Бұл үшеуінің де жүрек аталатыны рас, бірақ бұл затты түсінуге олардың бір де бірі дәрменсіз. Оларға не көрінсе, соны ғана жеткізуге болады, бірақ кім де кім осы хәлді жеткізбек болса, ол мүмкін емес нәрсеге құлаш ұрады. Ол заттың түсін таңдайымен татып білгісі келген, мәселен, қара бояудың тәтті - қышқыл екендігін білгісі келген адамға ұқсайды. Осылай болғанның өзінде, оның көрген ғажайыптарын ақиқат есігін албаты соққыламай, тұспалдап сезетіндей етіп, мысал арқылы болсын, құпия шымылдығын сәл түріңкіремей қала алмақшы емеспіз, ал оның сонау шырқай биікке шығып аялдаған жалқы сәтіндегі басынан өткергендерін, оны баураған сезімдерді тек сол шыңға өзі көтерілген адам ғана деп баса алады. Енді менің сөздеріме жүрегіңді тік, ақыл көзін қадағын, бәлкім, одан өзіңді берік жолға бастайтын бағыт-бағдар табарсың. Бірақ менің саған қояр шартым бар — осы алдымдағы қағазға нені сеніп табыстасам, одан артықты талап етпе, жанды сөзбен өрнектеуді сұрама, өйткені сөз аясы тар, табиғатынан өрескел іс. Сонымен, мен сөйлеймін.

Ол өзінің де, өзгенің де болмысын сезінуді мүлде жоғалтқан соң, дара, өздігінен бардың ғана бар екенін көрді, көз алдына келгенді тамашалады, масандыққа ұқсас халінен сергіп, өзінің бұрынғы қалпына оралып, өзге заттарды да аңғаратындай болғанда, оған ақиқаттың болмысынан өзін оқшауландырып тұрған болмысының жоқ екені, өзінің ақиқат болмысы — ақиқаттың болмысы екені, өзі әуелгі баста ақиқаттың болмысынан өзгеше өз болмысым деп санағаны шындығында ештеме емес (жоқ нәрсе) екені, оның үстіне, ақиқаттың болмысынан өзге ештеме де жоқ екені аян болды. Бұл тығыз денелерге қонып, сол арқылы көзге көрінетін күннің сәулесі тәрізді, оны өзі шағылысқан денеге баласа да, ол іс жүзінде күннің сәулесі ғана, дене жоғалса, жарық та жоғалады, бірақ күннің сәулесі осы дене бар болғанда ештемені жоғалтпаған, дене жоғалғанда көлемі еш көбеймеген бәз-баяғы қалпында қала береді. Осы жарықты қабылдауға қабілетті дене болғанда, ол оны қабылдайды, ол жоқ болса, қабылдау да жоқ, ол (жарық сәуле) туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес. Оның ақиқат, ұлы, ең мәртебелі болмыстың көптікке ешқашан, ешқандай жол бермеуі және оның болмысын тануының өзі сол нәрсенің нақты болмысы болып табылатыны туралы осыған дейінгі сенімі бұл ойларын одан әрі нақтылай түсті. Осыдан ол қажетті қорытынды жасады: оның болмысы туралы білімге ие болған (адам) оның болмысын қабылдайды. Ол осындай білімге ие болды, демек, онда болмыс та пайда болды, бірақ ол болмыс тек өзінен (өзі арқылы) ғана көрінеді және оның көрінуінің өзі болмыс, демек, ол өздігінен болмыс. Бұрын көптік сипатта көрінген, енді осы ойлардан соң, әлдебір тұтастыққа ие болып отырған материалдық емес және осы ақиқат болмысты танушы болмыстардың бәрі осындай. Егер Раббым өзі рахымын жасап, дұрыс жолға бастамағанында, оның жалған пікірде (болмыстың көптігі турасындағы) тұрақтап қалуы мүмкін еді. Бұл қателігінің денені тұлыптап қойған тері қапасының қалдығынан, сезім дүниесіндегі заттарда тазалықтың болмауынан екенін түсінді, аз бен көп, бір мен бірлік, көптік, құралу мен бөлшектену — бәрі дене қасиеттері емес, олай болса, өздігінен болушы, ақиқаттың болмысын білуші және материяға қатынассыз болмыстар турасында оларды көп деуге де, жалқы деуге де келмейді, өйткені көптік бір болмыстың екінші бір болмыстан жеке тұру жағдайы ғана, ал олардың бірігуінен тұтастығы шығады, бірақ екеуі де материямен байланысты шытырман түсініктерде ғана ақылға сыйымды. Турасында бұл тұста түсінік мейлінше күрделене, ауырлай түседі. Қараңыз: егер осы өздігінен болатын болмыстар туралы осыдан бұрын айтқанымыздай, көп түрінде дейін десек, оның арғы жағында осыдан шығатын көптік түсінігі ұшық береді, бірақ олардың көптікке еш қатысы жоқ, ал оларды жеке-дара дейін десек, ол тұтастық ұғымы жөніндегі ойға жетелейді, Бұл да ақылға сыйымсыз.

Бірақ мен бұл жерде осы жолдарды оқушыны көзін күн сәулесі қарлықтырып алас ұрған жарқанат тәрізді халде көремін. Оның: "Сен сырбаздап жеткіземін деп, тым шектен асып кеттің, тіптен есті адамдар кейпінен айрылып қалдың, түсінік қағидаларын тәркі еттің, ақылға салсаң, зат не дара, немесе көп", — деген тәрізді жан айғайын да естимін.

Бірақ ол аптығын басып, өткір сөзден тыйыла тұрсын, өзіне-өзі күмән келтірсін, өзі де соның бір мүшесі саналатын төркі сезім дүниесінен Хай ибн Якзан қалай үйренсе, солай үйренсін. Ибн Якзан да оны белгілі бір көзқарас тұрғысынан алып, оны көптік, ұланғайыр шексіз көптік кейпінде көрген, соңынан оған өзге қырынан көз жіберіп, жалғыз деп білген, ол осылай толқумен екі шешімнің бірін де түбегейлі қабылдай алмаған.

Сезім дүниесі — көптің және жалқының отаны, оның екеуінің де шын табиғаты сонда ашылады, даралық пен бірігу, тұтасу мен ажырау, жарастық пен ымырасыздық — бәрі сонда. Бірақ оның ол бәрі деуге де, бөлшегі деуге де келмейтін, оған қатысты әлдебір қырынан шындыққа қайшылығынан секем тумайтындай бір де бір құлаққа үйреншікті дыбыс шығаруға болмайтын құдірет әлемі туралы қандай тұғырлы ойға келе алмақ? Ол тек көрген адам ғана түсіне алатын, шын табиғаты соған жеткенде ғана мәлім болар дүние туралы не ойлай алмақшы?! Ал оның "тіптен есті адам кейпінен айрылып қалдың, түсінік қағидасын тәркі еттің" деген сөздеріне келсек, біз бұл турасында онымен келісеміз де, оны өз ақылымен және ақылды адамдармен қосып, жайына қалдырамыз.

Турасында сол және сол сияқтылар айтып отырған ақыл — сезім әлеміндегі жеке заттарды зерттеп, соңынан олардан жалпы түсініктер шығарушы ақылды күш қана, және ол емеуірін білдіріп отырған ақылды адамдары зерттеудің осы тәсілін ұстанушылар, ал біз сөз етіп отырған қарастыру тәсілі мұның бәрінен жоғары тұр. Бірақ сезім дүниесінен және оның жалпылама түсініктерінен өзге ештеңені білмейтін адам құлағын бассын, ол "бұл әлемдегі көзі көретін дүниені ғана танитын, болашақ өлшеміне немқұрайды" жақтастарына орала берсін.

Егер сен құдіретті әлемдегі барға осындай тұспал, емеурінді қанағат тұтынушылардан және оны әдетте қалай теріске айналдырса, сондай тонын айналдырушылардан болмасаң, Хай ибн Якзанның ақиқатты танушы адамдардың жоғарыда айтылған тұрағында тамашалағандарын жеткізуге тағы әлдене қосамыз.

Ол шым батып, өзінің мені толық тарқап, кәміл тұтастыққа жеткенде арғы жағында ешқандай дене жоқ ең жоғарғы көктен заттыққа мүлде қатыссыз мәнді көрді. Ол — көктің өзі де емес, Хақ тағаланың дидары да емес, бірақ осы екеуінен өзге тағы ештеме емес. Бұл мән бейне тегіс айнада шағылысқан күн, бірақ күннің өзі де, ол түсіп тұрған айна да және осы екеуінен өзгеше тағы ештеме емес. Ол аспан көгінің өздігінен бар осы мәнінен тілмен жеткізуге тіл дәрменсіз, қаламға түсіріп, дыбыстап жеткізуге аса нәзік орасан кемелдік пен сымбатты, асқан көркемдікті таныды. Ол оны ақиқат Хақтың келбетін (болмысын) тамашалаған, шексіз рахатпен шаттықта екенін көріп білді.

Келесі аспан қабынан, қозғалмайтын жұлдыздар сферасынан ол тағы да материясыз, тағы да жалғыз, ақиқат мәні де, дара жоғары аспан мәні де, не көктің өзі де олардан өзгеше басқа ештеме де емес мәнді көрді. Бұл мән Күнге қаратып қойылған бір айнадан екіншісіне шатылысқан Күн іспетті еді. Бұдан да ол жоғары сфераның мәніндей көркемдік, сұлулық пен рахат дүниені көрді. Одан кейінгі аспан әлемінен, атап айтқанда, Сатурн сферасынан тағы осындай материясыз, бұрын ұшыратқандарының бір де бірі емес, сөйте тұра, олардан аумайтын өзгеше мәндер байқады. Ол Күнге қаратып қойылған айнадан екіншісіне, одан үшіншісіне түскен Күн тәрізді болып көрінді. Мұңнан да алғашқыларындағыдай хәлді аңғарды. Рет-ретімен орналасқан аспан сферасының бәрінен затсыз, ілгергі мәндердің бірі де емес, олардан еш өзгешелігі де жоқ, бірақ сфералардың орналасуына қарай сатылап айналарға түскен Күн тәрізді сатылы мәндерді көрді. Осылардың әрқайсысынан көз көрмеген, құлақ естімеген, көңіл жетпеген кереметтердің куәсі болды.

Осылайша ол Ай сферасынан тұратын пайда болу және жойылу дүниесіне жетті. Затсыз, бұрын көргендерінің бірі емес, бірақ олардан еш өзгешелігі тағы жоқ мәнді бұдан да көрді. Оның 70 мың келбеті, әрқайсысында 70 мың тілі жалғыз ақиқат мәнді мадақтап, салауат айтып сарнап тұрды. Көп болып саналатын, асылында, дара осы мәннен де ілгерідегі тәрізді кемелдік пен шат - шадыманды көрді. Ол Күнге бағытталып қойылған бірінші айнадан кейінгілеріне рет-ретімен сатылай жетіп, су бетінде толқыған Күн бейнесін көргендей болды. Ол соңынан өзінің де дара мәнге ие екенін білді. Ол, егер жетпіс мың келбеттің мәнінен ажыратып алуға мүмкін болса, біз айтар едік, соның бір бөлігі деп. Осы мән жоқтан пайда болмаған болса, біз айтар едік, міне, пайда болу және жойылу әлемінің нақ мәні осы деп. Егер ол пайда болуында өзінің денесіне меншікті иелік етпесе, ол пайда болмаған деуімізге болар еді.

Сол сатыдан ол бұрын өмір сүріп, жоғалған және қазір өзі қатарлы күн кешетін денелердің өзінікіне ұқсас болмыстарын көрді. Егер оларды көптік дер болсақ, сансыз коп түрінде, біртүтас атасақ, тұтас әлдене түрінде көрді. Ол өзінің де, сонымен қатар сатыдағы өзгенің де болмыстарының "көз көрмеген, құлақ естімеген, жан адам жүрегінен табылмаған" адам айтқысыз көркемдігіне, сұлулығы мен шат-шадыман халіне куә болды, қаламынан бал тамған небір шебердің өзі оны айтып жеткізе алмақ емес, ол өзі сол дәрежеге көтеріліп, білгенге ғана аян.

Ол заттық емес, тот алып, кір шалған айна іспетті, оның үстіне күн шағылысқан тегіс айнадан теріс айналып, сырт берген сансыз әлденелерді ұшыратты, олардан ойына кіріп шықпаған мерездерді көрді. Ажыратушы от шымылдығы болмыстан ажыратып паршалаған, азап құрсауында шексіз қасірет - қайғы шегушілерге куә болды. Азап кешкен осы әлденелерден басқа бірде пайда болып, бірде жоғалып, бірде айқындала түсіп, бірде шашырап кететін болмыстарды көрді. Ол назарын байлап, үңіле қарағанында ғажайып заттарды, керемет толқуды, аласұрған жаратылысты, ғажап шебер құбылыстарды, тең өлшемді, жан салуды, жарату мен парашалап жіберуді көрді.

Бірақ осы халінде ол ұзақ тұрақтаған жоқ, сезімдері қайтып оралды, есеңгіреу тәрізді хәлден өзіне өзі келді, табаны басқан тұрағынан сырғып кетіп, алдынан сезім дүниесінің қақпасы ашылып, құдірет әлемі ғайып болды, өйткені олардың бір уақыт шеңберінде қатар болуы мүмкін емес еді. Өйткені бұл дүние мен о дүние күндестер тәрізді — бірінің қанағатын тауып, тояттандырсаң, екіншісінің өкпе - ренішіне қаласың.

Сен, бәлкім, айтарсың: "Сенің көргендеріңді осы баяндаудан мәлім болғаны — сенің айналар мысалыңа сәйкес жеке болмыстар жойылмайтын, мәңгі жасайтын, мәселен, аспан сфераларына меншікті болуы себепті мәңгі жасайды екен де, есті хайуан тәрізді пешенесіне жойылу жазылған денелерден болса, сол денелермен бірге ғайыпқа еніп, жоғалып, құриды екен, өйткені сурет айна болғанда ғана бар емес пе, айна күйретілер болса, бейне де күйреп, жоғалады. Бұл жағдайда мен былай жауап беремін: сен біздің шартымызды қайтіп жылдам ұмыттың, біз сені ескерткен жоқ па едік: түсінік аясы тар сөз, әлбетте, жалған араласып, жаңылыстырады деп? Сенің мұндай сенімсіздік торына шырмалуың салыстыратынды да, салыстырылатынды да қай қырынан болсын айна қатесіз бірдей деп санауыңнан. Мұны әншейіндегі сөз жарысында да шатыстыруға болмаса, бұл жерде оған қайтіп орын беруге болар! Тегі, Күн мен оның сәулесі де, оның бейнесі мен пішіні де, айналармен онда шағылысқан бейне де — осылардың бәрі денеден ажыратылмас, соларда және солар арқылы өмір сүретін, сондықтан өзінің өмір сүруі үшін қажет ететін және солардың жоғалуымен ғайыпқа айналатын әлдене емес пе?! Құдіретті болмыстар мен жоғары рухтарға келсек, олардың бәрі денеге және денемен байланыстының бәріне қатыссыз, олардан мүлде таза, денеге еш тәуелділігі де, ешқандай қатысы да жоқ. Олар үшін дененің өлі-тірісі, бары мен жоғы бірдей. Олардың арасында жалғыз ғана байланыс және тәуелділік бар. Ол — жалғыз, ақиқат, қажетті бар болмысына барлық өзге болмыстардың түпкі бастауы, олардың өмірге келуіне себеп, оларға ғұмыр беруші және оларды мәңгілік, түгесілмес болмысымен қуаттандырушы тұрғысындағы байланыс пен тәуелділік.

Олар денені қажет етпейді, бірақ денелер оларды қажет етеді. Егер олар өзінің бар болуын тоқтатса, денелер де өмір сүруін тоқтатар еді, өйткені олардың бастауы — осы мәндер, осы тәрізді, мәселен, жалғыз, ақиқат ұлы мәннің таза сарқылуы мүмкін болса, осы мәндердің күллісі өмірін тоқтатар еді, денелердің өмірі тыйылар еді, сезім дүниесі мүлде майып болып, өмір сүруші ештеме қалмаған болар еді, өйткені олардың бәрі бірімен бірі байланыста. Бірақ құдірет әлемі сезім дүниесінен тәуелсіз әрі еркін болғанда, сезім дүниесі құдірет әлеміне оның көлеңкесі тәрізді ілесіп отырғанымен, оның болмысының тоқтауы дәл осы құдірет әлеміне ілесуінен деп қабылдау мүмкін емес және оның жойылуы басқа күйге өту түрінде ғана болуы мүмкін, бірақ ешқашан толық жоқ болмысқа айналып, құрымақ емес. Бұл туралы Қасиетті Кітапта да айтылады. "Аспан мен Жер өзге әлденеге айналған күні тау қозғалып, мамық болады, адамдар көбелекке айналады, Күн мен Ай тұтылады, дариялар пайда болады", — делінген онда.

Міне, Хай ибн Якзанның сол мәртебелі мекенде көргендеріне қатысты саған жеткізу болғанның, мүмкін болғанның, мүмкін деп тапқандарымның бары осы. Бұған бөтен сөз қосуды сұрама, ол мүмкін емес. Оның хикаясының аяқталуына келсек, мен оны айтып беруге әзірмін. Осы сапарынан сезім әлеміне оралған жерде ол бұл өмір тіршілігінен жеріп, ғайып әлеміне оралуға ынтығы артты. Бұрынғы тәсілімен ізденіп, бұл жолы алғашқыдан кем күш жұмсап жетті. Онда бірінші реттегіден ұзағырақ бөгеліп, сезім дүниесіне қайтып келді. Осыдан кейін оған тағы жақынырақ жуықтауды мақсат етті. Енді бірінші, екінші реттегіден көп жеңіл болды, онда ұзағырақ уақыт қалатын болды. Сөйтіп, бұл мекенге саяхатын үзбеді, әр жолы жеңіл жетіп, көп бөгелістер болды. Ақырында, ол мұнда қашан келіп, қанша уақытқа қалам десе ерікті жағдайға жетті. Оның бойының үйреніп алғаны соншалық, біртіндеп шектей - шектей там - тұмы ғана қалған дене қажетімен тана оралатын күйге түсті. Ол рахат дүниесінен дене мұқтажымен қол үзу азабынан біржола құтылып, оған мәңгілік берілуі үшін, ұлы өмір иесінен осы мекенді тастап шығуға мұқтаж ететін денеден біржола ажыратуын тіледі.

Ол осылай жетінші жеті жылдықты өткергенше, яғни елу жасқа дейін өмір кешті. Міне, осы уақта ол Асалды жолықтырды. Жаратқан қабыл етсе, енді солардың хикаясы баян болады.

Екі жорамалдың бірі бойынша, Хай Ибн Якзан дүниеге келген аралға ертедегі пайғамбарлардың бірінен (Жаратушы оны иман нұрына бөлесін) ілім алған бір мұсылман діни қоғамы қоныс аударады-мыс. Бұл қауым ақиқат бардың бәрін аңызға айналдырып, заттардың мөрін жасап, олардың бейнесін қарапайым халық санасына өсиет түрінде сіңіретін. Бұл қоғамның жолы аралда тарала келіп, орнығып, барған сайын айқындала берді. Ақыры оны арал патшасы да қабылдап, барша халқын осы жолды қабылдауға бас игізді.

Осы аралда адамшылық, ізгілік жолындағы екі жігіт бар еді. Бірінің есімі Асал, екіншісі Саламан аталатын.

Олар осы қоғам туралы естіп біліп, оның ілімін қабылдады да, өздерінің барлық істерінде сол ілім қағидаларын ынтымақпен басшылыққа алды. Кей уақыттары олар осы ілімнің ұлы мәртебе иесі Жаратушы, оның періштелері, өліп, қайта тірілу, рахым мен жаза туралы айтқандарына пікір жүгіргісті.

Екеуінің ішінде Асал тылсым дүниесіне бейім, рухани түсініктерге және талдауға өте зерек болды. Саламан болса, айқын ұғымдар аясынан ұзап шықпай, өздігінен пікір айтып, әдіс ұсынып, зерттеуден бойын аулақ ұстады. Бірақ екеуі де күтініп, нәпсілерін тежеп, әдет-ғұрыптарды қатаң сақтады.

Бұл ілім күнәдан пәк болудың жолдарының бірі ретінде бойды дүниелік харекеттерден сергек ұстап, оқшаулану қағидасын насихаттайтын. Сонымен қатар, әрине, оның көппен қатынасуды, достық араластықты жақтайтын қағидалары да болды. Асалдың көңілі соның алғашқысын қалады, көбіне оңашалануға бой ұрды, өйткені ол жаратылысынан ойшыл, айналасынағыға талғамды, қиялшыл еді. Сондықтан ол үшін ең қолайлысы оқшаулану болатын.

Саламан болса, көптің ортасында болуды ұнататын. Тумысынан өз бетінше ой қуып, харекет қылудан қауіптенетін ол екінші ізге түсті. Оның өз түсінігінде: көптің ортасында болсам, әлдебір жағымсыз қылықтарға елігуден, пасық ойлардан аулақ боламын, көптің ортасы — шайтанның азғыруынан сақтар баспана іспетті деп білді. Көзқарастарындағы осы айырмасы олардың бір-бірінен бөлек жүрулеріне себеп болды.

Асал бірде Хай Ибн Якзан дүниеге келді деген арал туралы, оның мәйекті, шүйгінді, ауа райы бірқалыпты, жанға сая өлке екенін естіді. Егер сол аралға өтіп, оңашаланса, іздегенін табар ма деген ойға қалды. Сөйтіп, сол аралға өтіп, қалған күндерін адам көзінен жырақта өткізбекке ұйғарды. Бар дүние-мүлкін жинастырып, бір бөлегін аралға өту үшін жалға беріп, қалғанын жарлы-жақыбайларға үлестіріп, досымен қоштасты да, су бетімен жолға шықты. Кемешілер оны аралға жеткізіп, қош айтысып, жағада қалдырып кетті.

Асал мәртебелі Жаратушысына құлшылық жасап, салауат айтып, бар ойын соның ұлылығы есімдеріне, асыл қасиеттеріне бағыштап қала берді. Оның ойы мен ғибадатына бөгет болған еш кедергі болмады. Тамақтанғысы келсе, сондағы өсіп тұрған жеміс-жидектерді теріп, қолға түскен жануарларды қорек етіп тұра берді. Ол өзінің Жаратушысымен құпия тілдесіп, содан үлкен бақыт пен қуанышқа бөленіп, ұзақ уақыттар жүре берді. Өзінің көңіліне алған ісін орындауына, тамақ табуына (Жаратушы иесінің) соншама мейірім шапагатымен жомарт пейіл бергендеріне дән разы болды, оған деген сенімі нығайды, ризашылықпен козіне жас үйірді.

Хай Ибн Якзан бүл кездері озінің жоғарыдағы мекеніне жиі жол салып, үңгірінен бойға қуат талшық алу үшін аптасына бір ғана шығатын. Сондықтан Асал оған бірден ұшырасқан жоқ. Тіптен соңынан аралды жағалап, оның шет - шетіне сейіл құрғанда да ешбір адам затын жолықтырмады, ешбір адам ізі көзіне шалынбады. Өзінің көңілінен шығып, оңаша жер тапқанына одан әрі қуанып, шаттанды.

Міне, бірде Хай Ибн Якзан тамақ іздеп шыққанда, Асалдың да сол маңға жолы түсіп, бір-біріне көздері ұшырасып қалды. Асалдың бұл да осы аралға оңаша жер іздеп тап болған Жаратушы жолындағы өзі тәрізді дәруіштердің бірі екенінде күмәні болған жоқ. Ол өзінің ойға алған ісіне кесірі тиер деп сақтанып, жуықтап келіп танысудан бой тасалады. Хай Ибн Якзан болса, оны өзі бұрын көріп жүрген хайуандардың ешбірінің түр-тұлғасына ұқсата алмай, не қылған жан иесі екенін түсінбей, абдырады. Оның жүннен тоқылған қара жейдесін табиғи жамылғысына, яғни терісіне санады. Таң-тамаша қалып ұзақ тұрды. Бірақ Асал өзінің көңілін қалыпты күйінен өзге нәрсеге бұрудан қорғалап, бұрылып қаша жөнелді. Хай Ибн Якзан тумысынан әр нәрсенің болмысын жете білуге деген құштарлығымен өкшелей ізіне түсті. Анау аяғын шапшаңдата бастаған соң, тоқтай қалып, жасырынды. Асал өкшелеуін қойған екен деп, өз жөніне кетті. Оңаша барған соң, Тәңіріне бас ұрып жылап, рахым - қамқорлығын сұрады. Өзге дүниені ұмытып, құлшылыққа әбден берілді. Ол Хай Ибн Якзанның дәл тұсына келіп қалғанын да сезбеді. Ибн Якзан табандап жуықтай келіп, оның жалбарынған сөздері айқын естілетін жерге жетіп тоқтады. Ол соңда бұрын хайуандардың бірінен естімеген жағымды, ырғақты үнді естіді. Оның жүзіне үңіліп, бет пішінінің өзіне ұқсастығын байқады. Сонда оның үстіндегісі тері емес, өз үстіндегі сияқты киім екенін ұқты. Оның тәубаға келуін, дауыс салып құлшылық ұруын көргенде, оның да ақиқат аян болғандардан екеніне күмәні қалған жоқ. Оның оған іші жылып, не болғанын, бұл өксіп жылауының не мәнісі барын білгісі келді. Жуықтай түсті. Ақыры Асал сезіп қалып, тұрып қаша жөнелді. Хай Ибн Якзан тұра қуды. Жаратушы оны ақылға да, күшке де ерекше жаратқан еді, ол Асалды қуып жетіп, тырп еткізбей бүріп алды. Асал сабалақ жүнді аң терісін жамылған, денесін түк жасырған желаяқ, алапат күш иесін көргенде, зәре-құты қашып, қайырым сұрап жалынып, жалбарына бастады. Хай Ибы Якзан оның сөздерін айырып түсініп болмады. Әйтсе де, оның қорқыныш білдірген үн екенін сезінді де, кейбір хайуандардан үйренген дыбыстарын шығарып, қолын басына қойып, бүйірін сипап, аялап, өзінің қуанышын білдіріп, жұбата бастады. Ақыры, Асал оның өзіне зақым жасамасын түсініп, тыныштанды.

Асал өзінің білуге құмарлығынан көптеген тілдерді үйреніп, оларды айтарлықтай меңгеріп алған еді. Ол осы білімін қолданып, өзіне мәлім әр тілде түсініспек болғанымен, бұл әурешілігінен ештеме өнбеді. Анау еш сөзді түсінбей, естігендеріне таңданумен болды, өзінің көңіл қуанышын жеткізуге ұмтылды.

Осылай екеуі бір-біріне таңдана қарасып тұрды. Асалда өзі шыққан аралдан ала келген біраз азық бар еді. Соларды Ибн Якзанға ұсынды. Бірақ ол бұлардың не екенін білмеді. Өйткені бұрын көрмеген тағамдары еді. Сонда Асал тағамды аузына салып: "Сен де осылай жаса", — деп ымдады. Бірақ Хай Ибн Якзан тамақ ішу жөнінде өзіне өзі қойған шарттарын есіне алды, ұсынылған тағамдардың шығу тегі тағы беймәлім, бұлар оның қабылдауына болатын нәрселер ме, жоқ па — осы күдікпен дәмнен бас тартты. Асал өтініп сұрауын қоймады. Сонда барып, Асалды іші ұнатқандықтан: "Көп тартына берсем, ренжітіп алармын", — деген оймен, дәмге қол созды. Тәтті тағам екенін білген жерде, өзінің ас ішу турасындағы шарттарын бұзып, күнә жасағанын түсінді. Ол жасаған қылығына өкініп, Асалдан ұзап барып, өзінің кәсібіне көшуге — жоғары мекеніне асықты. Бірақ бұл жылдам арада мүмкін болмады. Сөйтіп, істің мән-жайына қаныққанша, Асалмен сезім дүниесінде қала тұрмаққа шешті. Тек сөйтсе ғана Асалға әуестігі суынып, еш нәрсеге алаңсыз өз мекеніне орала алады. Осылай ол Асалмен достаса бастады.

Асал болса, оның мүлде сөйлемейтінін көріп, өзінің діні үшін бұл жағынан келетін зиянның жоқтығын сезініп, оны тілге, дінге, ғылымға үйретпекке ниет қылды. Сөйтіп, Жаратушының рахым мәртебесінен үміттенді. Асал оған алдымен заттардың өзін нұсқап көрсетіп, аттарын атап қайталай отырып, оған да зорлап айтқызып, тіл сындыра бастады. Ибн Якзан заттарды көрсете отырып атап, барлығын түгендеп шықты. Асал біртіндеп бастап, аз уақытта оның тілді толық меңгеруіне жетті. Осыдан соң кім екенін, бұл аралға қалай тап болғанан сұрай бастады. Хай оған шыққан тегінен, әке-шешесінен, өзін асырап, өсірген еліктен өзгенің бәрінен хабарсыз екенін айтты. Ол оған өзінің бар өмірін баяндап берді. Білім жолында қалай біртіндеп көтеріліп, табысу дәрежесіне қалай жеткенін баян қылды.

Сонымен, ол мәртебелі ақиқат мәнін білуші, сезім дүниесінен тыс ақиқат пен болмыстарды, кемел қасиеттерімен қосып, ұлы дәреже иесінің оз мәнін, сол сияқты тұтастыққа жеткен адамдарды, олар жеткен рахат дүниесін және Жаратушы рахымынан халас жандардың шеккен азабын көркем суреттеп, өзінің тұтастыққа жеткендегі басынан өткерген хикаясын баян қылған соң, оны естіген Асалдың өзі ұстанған ілімде сөз болатын Жаратушы, оның періштелері, кітаптары мен пайғамбарлары, ақырзаман, жұмақ, тозақ оты — осының бәрі Хай Ибн Якзан куә болған нәрселердің символы екенінде еш күмәні қалған жоқ. Сонда оның жүрегіне жарық сәуле түсіп, ойы ұшқын атты, көз алдында ақыл мен өсиет үйлесім тапты. Оның алдында таным жолы сайрап жатты, дін қағидаларында ешқандай түсініксіз, күңгірт жерлері қалмады, жария болмаған құпия, ашылмаған сыры болмады. Ол даналардың қатарына енді. Енді Хайға құрметпен, қастерлі қарайтын болды, оның "қатерден халас, қайғыдан азат" Жаратушының сүйікті құлдарынан екеніне құлай сенді. Оның қызметіне еніп, ісінде дүдамал тұстарда соның өнегесі мен өсиетіне сүйеніп отырды.

Ал Хай Ибн Якзан өз кезегінде одан оның өзі туралы және немен шұғылданатынын сұрастыра бастады. Асал оған өзінін шыққан аралын, оның тұрғындарын, дінді қабылдағанға дейін және кейін қалай өмір сүргені туралы айшықты әңгімелеп берді. Сонымен бірге ол құдірет әлемі, жұмақ оты, өліп, қайта тірілу, адамдардың одан соң жиналуы, ақырзамандағы жауап, таразы және ақ жол туралы шариғат заңдарының өсиеті мен талаптарын да қалдырған жоқ. Хай Ибн Якзан мұның бәрін түсініп қабылдады және одан өзінің жоғарыдағы мекендегі көргендеріне еш қайшылық таппады. Сонда ол осының бәрін айтып жеткізушінің сөздерін дәл және шын, ал оның өзін өзі Жаратушысының жіберген елшісі деп таныды.

Ол оған иланды, хақтығын танып, елшілігіне бас қойды. Одан өзімен жеткізген өсиеттерін, ол тағайындаған құлшылық жасаудың рәсімдері мен парыздарын сұрай бастады.

Асал оған намаз, міндетті зекет, ораза, қажылық, құлшылық етудің басқа шарттарын тегіс айтып берді. Хай Ибн Якзан мұның бәрін қабыл алып, берік ұстанды және осылардың сөздеріне деген берік сеніммен оның жасағандарын өзіне үлгі тұтты. Тек өзін таң қалдырған екі нәрсе ғана кеудесінде даналық сырын бүгіп қалды.

Оның бірі мынау еді: елші құдірет әлемін суреттегенде не себепті көбіне аңызға бой ұрып отырды? Не себепті ол өзін ашық айтудан тежеді? Осыдан адамдар Жаратушыға денелік қасиеттер таңып, ауыр күнәға батты, ақиқаттың болмысы хақында өзі арылған көптеген нәрселерге бой берді.

Жарылқау мен жазалау турасында да осылай. Екіншісі мынау еді: оның өсиет пен парызды діни ғұрыптармен шектеуінде не себеп? Дүние жиюға неге рұқсат етті? Адамдардың бос нәрсемен әуестеніп, ақиқат жолынан таюына бастайтындай етіп, тамақтан неге соншама кеңшілік жасады? Оның өзінің пікірінше әр адам өмірін ұзарту үшін қанша қажет болса, сонша ғана тамақ ішуі тиіс. Байлыққа келсек, ол үшін әуелгі бастан оның ешқандай мәні жоқ нәрсе. Ол осыған қатысты шариғат заңдарын, мәселен, қайыр, зекет тарату, олардың түрлері, саудагерлік, өсімқорлық, қойылған шектеулер мен жаза түрлері, тағы басқаларын көрді және олардың бәрі оған өрескел, қажетсіз нәрселер болып көрінеді.

Ол өзіне былай деді: егер адамдар заңдардың шын табиғатын түсінсе, әрине, олар осы бос әурешіліктің бәрінен жерініп, ақиқатқа мойын бұрар еді, сол жағдайда олардың бәрі өздігінен қажетсіз болып қалар еді, өйткені онда ешкімде жекеменшік болмас еді, яғни ешкім міндетті алым-салық төлеп әуреленбес еді, адам қолын шабу жазасына кесілетін ұрлық та, өмірін қиятын тонау да болмас еді. Ол адамдардың бәрі тумысынан абзал қасиеттерге, ізгілікке, көргенділікке, өткір ақыл мен берік жігерге не болады деп санады. Оның жоғарыдағыдай ойға келуі осыдан болатын. Оған адамдардың бөз өкпелілігі, ақылының шолақтығы мен жігерсіздігі, олардың "адасушы хайуан, хайуаннан да әрі хайуан" екені беймәлім болатын. Оның бойында адамдарға деген үлкен аяушылық сезімі бас көтерді. Оларды өз қолымен құтқарғысы келді. Олардың ортасына барып, көздерін ақиқатқа ашпақ болды. Өзінің досы Асалмен кеңесіп, оларға жету жолдарын сұрады. Асал оған адамдардың жаратылысындағы кемшіліктері және олардың жаратушы әміріне шын мойын ұсына қоюының күмәнді шаруа екенін айтқанымен, бұл сөздер оның түсінігі аясына сыймады, ойға алған ісі көкейінен шықпай қойды. Сонда Асал түзік жолға бет бұрып, жаратушы рахымына бөленуге неғұрлым жуығырақ түр деген өзінің таныстарын Ибн Якзанның елшілігімен жаратушы оң жолға салса игі деп, оның ниетінің орындалуына қол ұшын бермекке шешті. Сөйтіп, теңіз жағасына барып, жаратушының одан өтудің бір себебін келтіруінен үміттеніп, күні-түні күзетті.

Олар ізгі ниеттерінің орындалуына шарапатты көмегін тілеп, Жаратқанға жалынып-жалбарынумен болды.

Сөйтіп, ұлы мәртебелі жаратушының әмірімен бір кеме теңіздегі бағытынан адасып, толқын мен ағыс оны осы аралдың жағасына алып шықты. Құрлыққа жақындаған кемешілер жағалаудан екі адамды көріп, жандарына келді. Асал олармен тілдесті. Екеуін өздерімен алып жүруін сұрады. Аналар келісіп, кемеге отырғызды. Жасаған оларға қайырымды жел жіберіп, кеме аз уақытта өздері қалаған аралға жетіп, тұмсық тіреді. Олар аралға түсіп, қалаға енді.

Асалдың маңына достары үйіріліп қалды. Ол жиналғандарға Хай Ибн Якзанның хикаясын баяндап берді. Олар оны айнала қоршап алып, таңданыстарын білдіріп жатты. Сый-құрмет корсетті. Асал осы жиналғандардың ойы неғұрлым ұшқыр, ұғымтал адамдар екенін, егер осыларды үйрету мүмкін болмаса, қалған қара халықтан біржола күдер үзілгенін айтты. Бұл аралдың басшысы және жасы үлкені баяғы қауыммен бірге болу жағындағы,оңашалануды тыйым салынған іс деп түсінетін Саламан, Асалдың досы еді.

Сонымен, Хай Ибн Якзан насихат жүргізіп, оларға таңғажайып құпияларын аша бастады. Бірақ оның баршаға мәлім заттардан сәл бой оздырып, өздері осыған дейін жалған түсінікте болған нәрселерді баяндай бастауы мұң екен, жатжерлік әрі Асалдың досы болғандықтан, сырттай меймандостық пейіл танытқандарымен, бірден сырт тарта бастады, айтқандарына түршіге құлақ түріп, кері серпіле, көңілдеріне наразылық орныға бастады. Хай Ибн Якзан болса, оларға ақиқатты һәм құпия, һәм айқын тілмен күш - туш жұмсақтап түсіндіріп, үйретуден жалықпады. Бірақ олар одан әрі безініп, қашықтай берді. Турасына келгенде, аралдықтардың ешқайсысы ізгілікке, ақиқатқа ұмтылыстан шет емес еді, бірақ өздерінің жаратылуындағы олқылықтар салдарынан осыларға тура жолмен жеткілері келмеді, дұрыс жағына жүрмеді, ашық қақпаға бас сұқпай, қалтарыс іздеді, кәдуілгі пенделік жолмен барғылары келді. Жүре бара ол аралдықтардың түзік жолға түсуінен біржола түңілді, айтқандарын мойындауларынан күдері үзілді.

Сонда ол адамдардың түрлі топтарын саралай келе, "әр топтың өзінің көз алдында не болса, соған разы" екенін, "әркім өз әуесін тәңірі санайтынын", өз құмарына табынып, жалғанның тәркі дүние-мүлкін жиып, бірін бірі қараңғы қапасқа сүйрейтінін, "ақыр-соңында, қорымға сапар шеккенге дейін байлыққа әулекілігін" көрді. Оларды бұл жолдан өсиет те, ізгілікке үндеген сөз де қалт еткізіп шығарып ала алмақ емес, ал сөз таластыру — олардың одан бетер қарсылығын туғызбақ.

Оларға даналық жолы жабық және одан тиесілі үлес оларға жоқ, өйткені олар надандықтың шырмауында қалғандар. Олардың абыройсыз жиғандары жүректеріне тот болып жабысқан, "Раббым олардың жүрегі мен құлағына кереңдік мөрін басты, көздеріне шел түсірді. Оларды ұлы жаза күтіп тұр".

Ол осыларға қаумалап төнген жазаны, олардың жүзін жасырған қапасты, олардың бәрі, ішіндегі бірен - сараны болмаса, өз діндерінен осы дүниеге қатыстысын ғана қалқып алып, шариғат ісін, ол қаншалықты орындауға жеңіл болғанымен, аулақ лақтырып, арзанға саудалайтындарын, "оларға сауда-саттық жасаған Тәңірін естен шығарып, жаңылдыратынын, жүректерінде дүние астан-кестен болар күннен қауіп жоғын көргенде, бұлармен сырбаз сырластық жолымен тіл табысу мүлдем мүмкін еместігі және олардың ізгі харекет жолына бет бұруларынан үміттенудің бекер екені әбден мәлім болды. Адамдардың көпшілігі үшін шариғат заңдарының олардың күнделікті тұрмысына пайда -зиянымен бағаланатынын көрді. Олардың дүние су болып ақсын мейлі, өз меншігіне өзге көз алартпаса болғаны дегеннен өзге тілегі жоқ екеніне көзі жетті. Болашақтың бақытына олардың санаулысы ғана, "болашақ ғұмырды көксеп, оған қайратпен ұмтылушылар, тек иланушылар" ғана жетеді. Кімдер әділ болмаса, жалған дүниені артық санаса, соларға орын тамұқтан.

Адамның оянғанынан қайтып мәңгі ұйқы құшағына енгенге дейінгі өміріндегі жасаған істерін саралап қарағанда, одан нәпсі жетегіндегі сүйкімсіз қылықтардан — байлықты мұрат қылу, өмірін ләззат жолында сарп ету, құмарлық соңына түсу, кек алу, мансап қуу, атаққұмарлық, даңғаза даңққұмарлық немесе жеке басының пайдасы үшін ғана діни ғұрыптарды ұстану сияқтылардан өзге ештемені іздемеуден ауыр, содан сорақы не бар екен?! Бұл айтылғандардың бәрі "түпсіз теңіздегі бірінен бірі терең жылымдар. Одан ешқайсың айналып өтпек емессіңдер. Жаратушының өкімі осындай".

Ол адамдардың соншалықты мүшіл халін, басым көбінің ессіз хайуанға ұқсасын түсінді, олардың бұл халінде бағыт нұсқап, себепші болатын бар даналық жаратушы елшілерінің сөздері мен шариғат заңдарында екеніне көзі жетті. Әр іс өз орындаушысын табады, әркім өзі қандай мақсатпен жаратылса, соны жедел орындайды. "Раббым осыдан бұрын келгендерді де осылай еткен".

Сонда ол Саламанға және оның достарының алдына барып, өзінің сөздері үшін айыпқа бұйырмауын өтініп, кешірім сұрады. Ол осыдан бастап көппен бірдей ойлайтынын, солардың істегенін істейтінін мәлім етті. Ол көпшілікке осыған дейін ұстанып келген өмір салттарына берік болуды, бұрынғы жолдарымен жүруді, өздеріне қатыссыз нәрселерге коп бой ұрмауды, күмәнділеу, дүдамалды қағидаларының өзіне берік болуды, құмарлықты қоздырушы заттар мен жалған нәрселерден бойларын аулақ ұстауды, бабаларының ізгі үлгісіне ұқсап, жаңадан тартынуды өсиет қылды. Ол әсіресе жылдам иланғыш қарапайым халықты шариғат жолына жеңіл қараудан, дүниелік нәрселерге әуестіктен сақтандырды. Өйткені өзінің досы Асал екеуі осы саяз, еліккіш адамдар үшің құтқарудың өзге жолы жоқ екенін, оларды қияли ойлау биіктеріне көтерер болса, олардың ұстанған тірегінің, өмір өзегінің күйрейтінін, бірақ бақыттылар деңгейіне шығуға күштерінің бәрібір жетпесін көрді. Олар күпірлікке беріліп, түпкі қазығынан адасып, азап пен опат жолына түседі. Егер де олар өлгенге дейін байырғы сенімдерінде қалса, құтқарылып, оң қанаттағылар үлесін алады. "Ал алдағылар ше? Олар жақын (Раббыға) тұрғандар". Екеуі тұрғындармен қош айтысып, іргелерін бөлек салды, өз аралына жетудің тәсілін қарастыра бастады. Олардың оралуына жаратушы иеміз өзінің құдіретімен тағы көмекке келді.

Хай Йбн Якзан бұрынғы әдістерін жасап, өзінің жоғарыдағы мекеніне оралды. Соған еліктеп, Асал да соған жуық дәрежеге жетті. Сөйтіп, екеуі де сол аралда ажалдары жеткенше жаратушыға құлшылық жасап өтті.

Міне, Хай Ибн Якзан, Асал және Саламан жайында мәлімі осылар. Бұл хикаяда еш кітаптан таппайтын, жай бір кеңесте ести алмайтын көп нәрселер бар. Мұнда Раббыны таныған адамдар ғана түсінетін және оны мойындамайтындарға түсініксіз құпия білімдер бар. Біз бұл жолы осы құпияға сараң, оны ардақтап сақтаған қайырымды бабалар жолынан ауытқыдық. Біздің оны жасырған пердені паршалап, құпияны ашуға жеңілдікпен баруымыз — осы ғасырдың философтары аталғандар ерекше дәріптейтін біздің уақытымызда пайда болған зиянды ілімдерінің (осы елмен қатар) жат жерлерге де тарап, залалын жалпыға тигізе бастауынан. Осыдан біз пайғамбарлардың беделін аяқасты етіп, беделді ессіздер мен есалаңдар арасынан іздеуші тиянақсыз адамдардан қауіп ойладық, оларды құпия білімге лайықсыз деп санап, одан хабардар етпей, олардың бар ынта -сүйіспеншілігінің жаңаға біржола ауып кетуінен сақтандық. Сондықтан олардың алдында құпияның құпиясының бір қырымен жарқ етіп көрініп, назарларын ана жолдан ақиқат жолына аударуды жөн көрдік. Бірақ біз осы бірнеше параққа сеніп түсірілген бұл құпияға жеңіл перде тұтып қалдырдық, кім де кім лайық табылса, сол оны жылдам – ақ ысырып тастай алады. Ал лайықсыз адам үшін ол қолы жетпес тылсым күйі қала береді.

Мен болсам, осы жолдарды оқып отырған қарындастарымнан түсіндіруімдегі ұшқарылығым және пайымдауларымның жалпыламалығы үшін кешірім сұраймын. Мен мұны көз жанарын талдыратын қияндарға көтерілуім себепті және ондағы көргендерімді сендердің қиялдарыңды оятып, осы жолға түсуге ынталарыңды тудыру мақсатымен тұспалдап жеткізу мақсатымен жасадым.

Мен Раббымнан бізге өзі хақында таза білім жіберуін, рахымын төгіп, кінәларымыздан тазартуын тілеймін, ол аса қайырымды һәм ерекше қамқор.


(Избранные произведения мыслителей

стран Ближнего и Среднего востока IX-XIV вв.

Москва. Издательство социально-экономической

литературы. 1961. С.329-394.)




Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...