«Мен әр концертімде көрермен алдында емтихан тапсырғандай боламын. Онда жанкүйерлерімді алдауғ...
«Арқайым – қалалар елі: Кеңістік пен бейнелер» фотокөрмесі ашылды
11 қаңтарда ҚР Ұлттық музейінде «Арқайым – қалалар елі: Кеңістік пен бейнелер» атты фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрме қола дәуірінің күллі әлемге танымал археологиялық ескерткішінің ашылуының 30-жылдығына және бірегей «Сынташты» мәдени-тарихи кешенінің зерттеле бастауының 45-жылдығына арналған және әлемге «Қалалар елін» ашқан археолог, профессор Г.Б.Здановичтің 80-жылдығын тойлау аясында ұйымдастырылып отыр.
Арқайым – ежелгі адамзат өркениетінің бір бөлігі, РФ Челябинск облысының оңтүстігіне орналасқан қола ғасырындағы бекіністі қоныс. Оны шын мәніндегі әлемге кеңінен танымал, ең маңызды мәдени мұралардың археологиялық нысаны деп санауға болады.
«Арқайым – қалалар елі: Кеңістік пен бейнелер» көрмесі ғалымдар, археологтар, тарихшылар үшін ғана емес, сонымен қатар адамзат тарихына қызығушылық танытып зерттейтіндер үшін аса қызықты. Арқайым – археолгиялық, сәулеттік, тарихи ескерткіш қана емес, ол сол сияқты әлемнің көптеген елдерінің археологтары жүз елу жылдан астам уақыт бойы іздеген «арийлік заттай кешенмен» таныстыратын ашық аспан астындағы музей.
2017-2018 жылдары бұл экспозиция Ресейдің 13 қаласында (Кумертау, Уфа, Самара, Омск, Бийск, Новосибирск, Барнаул, Санкт-Петербург, Головчино, Белгород, Казань, Ижевск, Можга), Қазақстанның 3 қаласында (Алма-Ата, Караганда, Павлодар), сонымен қатар, 2017 жылдың желтоқсанында Женевадағы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде халықаралық ғылыми конгрессте слайд-шоу форматында көрсетілген болатын.
ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатыбалдин: «Бұл көрмеде Арқайым ескертерткішінің, археологиялық қазба жұмыстарының фотосуреттері, аэрофотосуреттер, осы мекеннің табиғаты және табылған археологиялық құралдардың фотосуреттері көрсетілген. Фотокөрме Ресей мен Қазақстанның бірнеше қалаларында көрермен назарына ұсынылды. Бүгінде, Елордалық көрермендерді де қызықтыратыны сөзсіз. Себебі бұл біздің ортақ тарихымыз және мәдени мұрамыз!»,-деді.
Фотокөрме стендтерінде «Қалалар елі» ескерткіштерінің географиялық орналасуы; бекіністі және бекініссіз қоныстардың аэрофото түсірілімдерінің мағынасын ашатын материалдар, әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі археологиялық қазба жұмыстарының фотолары, сол сияқты тірі табиғат пен оншақты бекіністі қоныстардың бүгінгі дала күйінің авторлық фотосуреттері берілген.
Ресей Жаратылыс ғылымдары академиясының мүшесі және Халықаралық «Аrarat» Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Юрий Владимирович Зуйков: «Көрменің «Кеңістік пен Бейнелер» деп аталуы тегін емес, Арқайымның байырғы тұрғындарының ойынша, табиғаттың кез-келген құбылысында терең философиялық ой жатуы мүмкін. Көрмеде қойылған барлық фотосуреттер өңдеуден өтпеген, яғни, кеңістіктің қалауын жеткізеді»,-деді.
Көрме 2019 жылғы 11 ақпанға дейін жұмыс жасайды.
madeniportal.kz