Қазақ және Түрік өнер мектептері өзара келіссөздер жүргізді

ЖАҢАЛЫҚТАР
2577

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Түркияның Анкара қаласынан келген қонақ, Анкара музыка және өнер университетінің ректоры Ерол Парлак мырзаны қабылдап, өзара келіссөздер жүргізді.

Қашанда қазақ еліне ерекше ықылас танытатын түрік ағайындар бұл жолы да қос тарап кәсіби музыкалық бағытта бір-бірімен тәжірибе алмасуына, ұстаздар мен студенттердің, шығармашылық ұжымдардың жан-жақты өсуіне ықпал етуге мүмкіндік барын тілге тиек етті. 

Кездесу нәтижесі бойынша екі жақты қарым-қатынасты нығайту үшін консерватория тарапынан меморандум жасалып Түркиядан келген әріптестерге ұсынылды. Бауырлас елден келген құрметті қонағымыз көп ұзамай келісімге келіп, құжатқа қол қойылатынына сенім білдірді.

Madenietportal.kz  

                               

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...