Ұлттық әдебиеттің ұлы қадамы

ӘДЕБИЕТ
1230

БҰҰ-ның алты тіліне аудару жөніндегі «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аса қарқынмен жүзеге асырылуда. Аталмыш  жоба Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты бағыттарының бірі болып саналады. Жобаның көздегені: тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетін, музыкасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерін әлемге паш ету болып табылады. Осы жоба аясында қазіргі қазақ прозасы мен поэзиясының үздіктерін алты тілге аудару жұмысы басталды.

Бұған Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей және Қытай аудармашылары мен әдебиетшілері, аударма және баспа ұйымдарының өкілдері қызығушылық танытып, шығармалары қазіргі қазақ әдебиеті антологиясына енген авторлармен кездесу үшін Қазақстанға арнайы келген болатын. Астанадағы өтіп жатқан кездесу – сол үлкен бастаманың алғашқы қарлығашы. 

Бұл бас қосуда Ұлыбритания, Испания, Ресей, Франция және Қытайдан келген аудармашылар мен әріптес ұйымдардың өкілдері жұмыс барысы жайлы баяндамалар жасап, авторлармен ой бөлісті. 

Жалпы қазақ әдебиеті жинақтарын ағылшын тіліне аудару және басып шығару мен тарату жұмыстары Кембридж университеті баспасының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан еді. Олар жобаға тәжірибелі аудармашылар мен беделді әдебиетші мамандарды тартып, «мәдени индукция» (Cultural Induction) тәжірибесін қолдануды ұсынған-ды. Бұл дегеніңіз түпнұсқа мәтін (елдің) мәдениеті мен  оның мазмұнына терең үңілуіне жол ашады. 

Бұл жолы жобаға қатысушы шетелдік мамандар қазақстандық авторлармен аудармаға байланысты ғана ой толғап қоймай, Қазақстан мәдениеті, тарихы және қазіргі тыныс-тіршілігімен де етене танысуға мүмкіндігі мол. Осы орайда қазіргі қазақ әдебиеті антологиясын испан тіліне аударуға Испания Мәдениет министрлігі тарапынан қолдау табылып, атақты «Сервантес институты» кеңесші ретінде ат салысады.

Осы іргелі жобаға Еуразия және Орталық Азия елдері әдебиетін аударып, мол тәжірибе жинақтаған  аудармашылар тартылған. Антологияның француз тіліндегі нұсқасын әзірлеуге Париж қаласы мэриясы мен Франция ұлттық кітап орталығы ат салысса, орыс тіліне аударуға Ресей Жазушылар одағының мәскеулік ұйымы, ал жинақты басып шығарып, оны тарату жұмысын М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің баспасы мойнына алды, 

Қазақ әдебиетінің жинақтарын қытай тіліне тәржімалау мен басып шығару және таратуды Қытай Халық Республикасының «Ұлттар баспасы» қолға алады. 

Ал араб елдеріне таныстыруды Египет Араб Республикасының Мәдениет және білім орталығы жүзеге асырмақшы. 

Жоғарыдағы аталған серіктес-ұйымдар аударма, басып шығару, тарату-насихаттау жұмыстарына елуден астам маманды қамтыды. Бүгінге дейін ағылшын, француз, орыс және испан тілдеріндегі жолма-жол аударма жұмыстары соңына жетті. Ал Қытай мен араб тілдеріндегі жолма-жол аударма жұмысы жалғасуда. 

Алдыдағы Астана мен Алматыда өтуге тиісті кездесулерде қазақ ақын-жазушылары мен шетелдік мамандар қазіргі көркем әдебиетті аударуға қатысты ортақ мәселелерді талқылайтын болады. Аударманы түпнұсқа мәтінге мейлінше жақын болып, көркемдік сапасын қамтамасыз ету күн тәртібіндегі басты мәселе болмақшы. 

Жоба Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының үйлестіруімен жүзеге асып жатыр. 

 З.Самалбекұлы

madeniportal.kz

 

author

Заман Төлеуов

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...