(Қарлығаш Қабай поэзиясындағы иірім)Қарлығаш Қабай – оның өлеңдерін оқыған сәтте: есіме жалғыз...
Баянғали туралы езу тартпалар
Бiр жолы бастықтардың бiрi Баянғалиға: «Сен бiрiншi орынға ат мiнiп, кiлем алып жүрсiң, бай болатын болдың ғой!»- дептi. Сонда Баянғали: «Үкiметтi жегендей болмайды екен», - дептi.Тағы бiр әкім : «Осы сен бiр жерге барасың да, бiр-екi ауыз өлең айтып, ат мiнiп, дүние алып келесiң. Елден алып жатсың, алып жатсың...» - дептi Баянғалиға. «Иә, аға, екеумiз де халықтан аламыз. Бiрақ мен жырлап аламын, сiз ұрлап аласыз!»- дептi сонда ақын.
***
Баянғали бiр топ кiсiмен ағасы Мейрамның үйiнiң алдында тұрса, бiр-екi орыс келiп: «Где улица Аймаутова? Целый день ищу, не могу найти», - дептi ренжiп. Сонда Баянғали: «Аймаутов – репрессированный великий казахский писатель. Шестьдесят лет предавали его имя забвению, теперь можно шесть часов поискать его улицу!»- деген екен.
***
Жазушылар Одағы үйiнiң астыңғы қабатындағы «Қаламгер» дәмханасында әдебиет сыншысы, марқұм Төлеген Тоқбергенов Баянғалимен кездесiп қалады. Ол кезде Баянғалидың «Жұлдыз» журналына жұмысқа жаңа тұрған уақыты екен. Сонда Төлеген қарлығып шығатын дауысымен Баянғалиға: «Әй, «Жұлдызға» келдiң... «Жұлдызға» келдiң... Ендi артыңды қысып жүр!»- дептi, иығынан жұдырығымен қойғылап тұрып.
Баянғали ағасына қарап: «Ойбай, Төке-ау, жерде қыспаған артты жұлдызға шыққасын қысқан ұят емес пе?» - деген екен.
Qalamger.kz