Серкені алуға ұмтылған көкпаршыны жылқы таптап өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2451

Қайғылы оқиға Қырғызстанда болған. Көк-бору қатысушысы ойын барысында алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Оқиға Антоновка ауылында Наурыз мерекесіне арналған ойын кезінде болды. 44 жастағы Мирлан Сырардинов серкені жерден көтеруге тырысып, еңкейгенде басқа ойыншының аты оны соғып кетті. Сраждинов оқиға орнында ес-түссіз жерге құлаған.

Жедел медициналық жәрдем қызметі ер адамның дәрігерлер келгенге дейін ашық ми жарақатынан қайтыс болғанын хабарлады. 

Полиция тергеуге дейінгі тексерісті бастады. Оқиғадан кейін ойын бірден тоқтатылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда түрлі қылмыс жасады деген күдікке ілініп, кейін Біріккен Араб Әмірліктеріне қашып...

СПОРТ

Бүгін, 6 қазанда Ұлттық құрама Ұлттар лигасының 4-туры аясында Астанада Фарер аралдарымен кездеседі,...