Соның кесірінен қанша адам оққа ұшып, қаншасы жараланғанын айтпағанда, соғыстың адам санасын қанша у...
Құлақ түре жүріңіздер
Халықаралық «The Beatles» күні Бүкіл әлемге танымал ливерпульдік «Битлз» тобының күні ЮНЕСКО-ның шешімімен 2001 жылдан бері аталып өтіледі.
1992 жылы Швеция Корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.
1993 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы қабылданды.
2008 жылы Алматыдағы ҚР Ғылым академиясы ғимаратының алдында ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұлан ескерткішінің ашылу салтанаты болды. Әлкей Марғұлан - біртуар, қайталанбас тұлға. Әсіресе, оның еліміздің тарихына, көне дәуірді зерттеу мен этнографияны дамытуға қосқан үлесі ұшан-теңіз.
2013 жылы Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігімен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында Мемлекет басшысы «Швеция Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» Жарлыққа қол қойды.
2014 жылы немістің Lambert Academic Publishing баспасы Павлодар педагогикалық институтының педагогика кафедрасының аға оқытушысы Бауыржан Нұрымовтың «Оқушылардың эстетикалық құндылықтарының даму ерекшеліктері» кітабы жарыққа шығарды. Кітап ұлттық кітапхананың «Неміс кітап каталогіне» енгізіліп, АҚШ және Еуропа елдерінде тарату құқына ие болды.
2015 жылы Алматы қаласы Ислам білім, ғылым және мәдениет мәселелері ұйымы (ИСЕСКО) аясында ислам мәдениетінің астанасы болды. Ислам мәдениеті астанасының кілтін табыстау салтанаты Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтті.
2017 жылы Әбу-Дабидегі Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммитінде (World Future Energy Summit) «Zyed Future Energy Prize» халықаралық сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен әмірліктің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян сыйлықтарды Аустралия (Huanville Highschool) мен Индонезия (Green Bali School) мектеп оқушыларына тапсырды.
2017 жылы Сербияда өткен бокстан дәстүрлі Ұлттар кубогында Қазақстанның қыздар командасы жалпы есепте бірінші орын иеленді. Қазақ қыздары 6 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль еншіледі.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Әбу-Дабиде өткен ХІ «Болашақ энергиясы» дүниежүзілік саммитіне қатысты. Онда 20 ел және 650 компания өз павильондарын ұсынды. 195 шаршы метр ауданды иеленген Қазақстан павильонында елімізде іске асырылып отырған ауқымды жобалар, соның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, жаңғыртылатын энергия көздері және көлік-логистика инфрақұрылымы салаларындағы жобалар таныстырылды.
2018 жылы РФ Ярославль облысының Вятское елді мекеніндегі мектепте Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұловаға арнап ескерткіш тақта орнатылды. Батыр қыз Ленинградтағы балалар үйімен бірге 1942 жылы Вятское селосына эвакуацияланып, жеті ай сонда тұрды, жергілікті мектепте оқыды.