«Руханият» Ақтөбе облыстық музейі

МУЗЕЙ
1949

Ақтөбе облыстық «Руханият» музейі – әлемдік діндердің бірі болған Исламның пайда болуы және даму тарихы, Ислам дінінің Қазақстан территориясына соның ішінде Ақтөбе облысына таралуы және оның қазақ мәдениетіне әсері туралы сыр шертетін Республикамызда ашылған бірден бір музей.

2011 жылдың 8-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында музейдің ашылу салтанаты болып өтті.

Ақтөбе облыстық «Руханият» музейінің негізгі мақсаты - Әлемдік және дәстүрлі діндердің татулығы мен келісімін қолдау, облыс тұрғындары барлық топтарының мәдени және рухани дамуын жоғарылату музей қызметінің мақсаты болып табылады. Музей ұлтаралық рухани және мәдени орталық болып табылады.

Ақтөбе облыстық «Руханият» музейінің негізгі бағыты – ғылыми ағартушылық, ғылыми-зерттеу, білім қызметтерінің іске асырылуы және әлемдік, дәстүрлі діндердің тарихына байланысты музейлік заттарды, музей коллекцияларын жинақтау, зерттеу және көпшілікке жариялау.

Музейде жыл сайын Ақтөбе облысы бойынша ғылыми экспедициялар ұйымдастырылып, оның нәтижелері басылымдарда жарияланып қана қоймай, өткізілген іс-шаралардан көрініс табады. Музей тарапынан музейдің негізгі тақырыбына бағытталған шаралармен қоса, Қазақстан Республикасының айтулы оқиғалары мен мерекелеріне арналған шаралар өткізіледі.

Қазіргі уақытта, «Руханият» музейінің негізгі жобасы мен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...