«...ҚАЗАҚҚА БӘРІ ДЕ КЕРЕК!..» (бір пікірталас төңірегінде)

ӘДЕБИЕТ
1095

Осы әлеуметтік желіде соңғы күндері екіге жарылған пікіралысу жиілеп кетті. Ол не? Ол –атақты ғалым-математик, ойлы қазақ Асқар Жұмаділлаевтың журналиске берген сұхбатындағы «қазаққа ақын емес, технократ керек» деген ойынан өрбіп ала жөнелгендей. Кім сөйлесе де, қандай мәселе көтерілсе де дереу іліп алып, арлы-берлі тартысқа сала беруге болар немесе үндемей үнсіз қала беруге де болар! Бірақ осы жолғы сөз мәртебелі поэзия (оның астарында бүкіл көркем әдебиет те бар) мен математика бағытына ауысып кетіп, қызу әңгімеге от үрлеп жібергендей, сосын да ылажсыз екі-үш ауыз пікірімізді білдірмеске болмады. 

Онсыз да аз халықпыз, жалпы санымызды 20-миллионға жеткізе алмай әлекпіз. Ал, аз халық әлем алдында өзін-өзі көрсетіп, бар екенін сездіріп, онда да өте биік әрі парасатты ел қатарында екенін шегелеп, жақсы қырынан көрінуі үшін, әлбетте, мықтылар молынан керек. Сол мықтылардың сапында жүретіндер ақын бола ма, музыкант бола ма, математик бола ма, физик бола ма, астроном бола ма – неге шектеуіміз керек? Қазаққа бәрі де керек! Қай саланың да озықтары мен тұлпарлары ұлтты әлемге әйгілейді! Қай саланың да шалажансар, шалағай мамандарынан қайыр жоқ! Демек, бар болсын! Мықтыларымыз мол болсын! Жоқтан құдайым сақтасын! 

Бір нәрсені бәрібір шегелеп айта кетуге тиіспіз! Көркем әдебиет – руханияттың бәсін биіктетіп, оны алысқа сүйрер тарпаң тұлпар! Ақық ойдың көк дөнені! Әдебиет әлеміндегі тұңғиық тылсымға бастайтын терең ой талай ғасырлар бойы сансыз көп ұрпақты тәрбиелеген, санасына қиял қонақтатқан, өмірге құштарлығын арттырған, жүрегіне Адамды сүюдің алтын дәнін себе білген... ғажайыптың ғажайыбы екенін ешқашан естен шығармағанымыз әбден-ақ қажет! Барынша қажет!!!

Жолтай Әлмашұлы

author

Жолтай Жұмат-Әлмашұлы

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...