«Шәйтан азғырса адамның алжасуы да оп-оңай ғой! Ел естісе күлкі-мазақ қылар, айналайын, өз ара...
Рационализм мен иррационализм!
Асқар Жұмаділдаевтың ақындық пен технократизмге қатысты пікірі көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Әлеуметтік желіде. Дүниеңізде біржақты нәрсе жоқ. Кезкелген нәрсенің екі беті бар.
Осыған қатысты Тыныштықбек, Серік ақындар ордалы, салмақты ойларын айтып та үлгерді. Оларға алып, қосар жоқ. Құптаймыз. Мәселе расында қандай поэзия мен қандай техникалық жаңалықтың болмақтығында. Асқар математиктің кейбір пікірлері қардүрсіндеу екені шындық. Ол кісі көп нәрсеге таза математикалық оймен қарап отыр. Эйнштейн" Кезкелген математикалық ойлауда поэзияның үлесі болуға тиіс"- деп бекер айтпаған.
Қасаң, жебір технократизм де, жылтыр, жалаң поэзия да ұлтты ешқандай ұшпаққа шығармайды. Біз әрбір нәрседе ұлт деген ұғымды ұмытпауымыз керек. Жалпыадамзаттық ақыл- ойға, оның жемісіне біз өзіміздің ұлттық болмысымызды сақтау арқылы жетсек қана мерейлі һәм болашақты болмақпыз.
Ұлттық жаны- тіл, қаны- руханият! Руханияттың ұлы көшінің басында қашанда аса мәртебелі ӘДЕБИЕТ тұр! Рационализм мен иррационализмнің қақтығысы әлмисақтан бар.
Ерболат Баятұлы