Еліміздегі музейлерде қалыптасқан түйіткілдер турасында Қазақстан музейлеріне ақпараттық-әдістемелік...
Облыстық тарихи-өлкетану музейі туралы
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің негізі 1931 жылы тамыз айында қаланып, 1940 жылдары соңында жаңа мәртебеге ие болды. Жамбыл облысының құрылуына байланысты музей облыстың бүкіл тарихы мен мәдениетін қамтыды. 70-ші жылдардың ортасында музей бүкілодақтық туристік жол желісіне енгізіліп, 1977 жылдан бері шетел туристері келе бастады. Археологиялық және ғылыми жинақтау экспедицияларының нәтижесінде музей қоры толықтырылып, қазіргі таңда музейдің мемлекеттік тіркеуінде 65 мыңнан астам жәдігер бар.
2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығын тойлау қарсаңында музей ауласынан жаңадан «Тас мүсіндер мен көне түркі жазулары», «Тараз – 2000», «Суретші Л.В.Брюммердің көркемсурет залы» атты үш ғимарат қосылып, тұрақты экспозициялық ауданы 2010 шш. ге жетті. Абай көшесі №127 үйдің 1 қабатында ауданы 303 шш. болатын көрме залы бар.
Бүгінгі таңда музейде ауладағы үш залмен қоса есептегенде 17 зал жұмыс істейді. Үш қабатты ғимаратта экспозиция хронологиялық кезең бойынша көне дәуірден қазіргі кезге дейінгі облысымыздың бай, қызықты, мол тарихы өте әсерлі көрсетілген. 2012 жылы музей залдары бойынша реэкспозиция жасалды.
2017 жылы жаңа технология 3д форматта жасалған «Қазақстанның киелі жерлері» голографиялық пирамидасы қойылды.