Жамбыл облысы, Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жүріп, комаға түскен сарбаз Нұр...
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқаотырысы өтті. Министрлік басшыларының, комитет төрағаларының, департамент директорларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен ведомстволық жиналыс барысында мемлекеттік органның 2018 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2019 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланды.
Отырысты ашқан министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрлігі қызметінің негізгі бағыттары «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында белгіленгенін атап өтті.
«National Geographic», «BBC World news», «Discovery», «Viasat History» жетекші әлемдік арналармен бірлесіп, әлемдегі тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттау және көпшілікке тарату үшін Қазақстанның киелі объектілері туралы толық метражды тарихи деректі фильмдер циклі шығарылды және эфирге шықты («Күлтегін. Жаңа көзқарас», «Қожа Ахмет Ясауи және Айша бибі мавзолейлері», «Көшпенділер жері» және т.б).
2019 жылы «Ботай», «Тенгриан күнтізбесі», «Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы» және т.б. сериялары іске қосылады.
Сонымен қатар, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Италия, Франция, Австрия, Қытай жетекші мұражайларының Алтын адамның Дүниежүзілік шеруінің қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу фильмдерінің циклі мен Алтын жауынгер туралы толық метражды анимациялық фильм шығарылады.
Тарих ескерткіштерінің инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.Өткен жылы 3 республикалық «Бозоқ», «Ботай» және «Сарайшық» қорық-мұражайы ашылды,«Ұлытау», «Отырар», «Таңбалы» мұражай-қорықтарында визит-орталықтардың құрылысы басталды.
Ведомство ұлттық киноның дамуына ерекше көңіл бөліп келеді.3 қаңтарда Мемлекет басшысы Қазақстан тарихындағы алғашқы «Кинематография туралы» Заңға қол қойды.Барлық киноқауымдастық үшін және барлық қазақстандықтар үшін бұл тарихи оқиға болды.Біз барлық прогрессивті әлемде киноөнер – қоғамның дамуына және қоғамдық сананың қалыптасуына ықпал ете отырып, орасан зор әлеуметтік және идеологиялық әсерге ие екенін жақсы түсінеміз.Екіншіден, қазақстандық киноны жаппай прокатта ілгерілетуге жәрдемдесетін және оның шетелдік фильмдер алдында басымдығын қамтамасыз ететін және үшіншіден, Ұлттық киноға әлемдік киноға шығуға мүмкіндік беретін заң қабылданды.
Министрлік Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекітті, оның негізгі мақсаты елдің спорттық өмірін жандандыру болып табылады.
Қазақстан ТМД елдері мен Балтық өңірі арасында Пхенчхан қаласында өткен XIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ең көп лицензия алды-57,Ресейден кейін екінші болды.Тамаша фристайлшы Юлия Галышева біздің құрама атынан Қазақстан үшін осы спорт түріндегі алғашқы олимпиадалық қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, шаңғы жарысынан бірінші рет алтын медальді паралимпиадашы Александр Колядин жеңіп алды.
«Әрине, біз үлкен нәтижелер күттік, алайда біз жас спортшыларымызды басты назарда ұстаймыз - Пхенчханадағы ұлттық құраманың құрамы алдыңғы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда ең жас құрам болды. (ең жас Аяулым Амренова мен Жолдас Аян 16 жаста).
Егер салыстыратын болсақ, ең мықты қысқы спорт түрлері бойынша 30 елдің қатарына кіретін Австрия, Норвегия, Финляндия сияқты елдерге қарағанда Қазақстан жазғы және қысқы спорт түрлері бойынша тұрақты нәтижелер көрсетіп отыр. Сондай-ақ, министр А. Мұхамедиұлы Индонезияның Джакартадағы Жазғы Азия ойындарында спортшыларымыз табысты өнер көрсеткенін атап өтті.
Министрлік қызметінің басым бағыты тілдерді дамыту саласындағы жоспарлы жұмыс болып табылады.
Отырыс соңында 2019 жылғы жұмыс перспективалары анықталып, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.