Қазақстан Үкіметі шикізатқа бағдарланған экономикадан қосылған құны едеуір жоғары салаларға басымдық...
Отардағы сержант себепсіз соққыға жығып, 20 күндей ес-түссіз жатқан сарбаз мән-жайды айтып берді
Фото: ашық дереккөзден
729
Жамбыл облысы, Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жүріп, комаға түскен сарбаз Нұржігіт Әбділпатта басынан өткен оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды madeniportal.kz stan.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Нұржігіт Әбділпатта 2024 жылы 8 маусымда Қордайдағы ауруханаға Жедел респираторлы вирустық инфекция диагнозымен жеткізілген. Ол комада 20 күн жатып, кейін Қордайдан Алматыдағы ауруханаға ауыстырылды. Қалалық ауруханаға жеткізіліп, жүрек соғысы дұрысталып, жағдайы жақсарған. Алайда толықтай жазылып шығуы үшін әлі де уақыт қажет болды.
Қазір Нұржігіт ауруханаға күнделікті қаралып, физиотерапия, диагностикадан өтіп жүр. Өзін жақсы сезінетінін айтты.
"Әскерге өз қалауыммен бардым. Әскери борышымды өтеп қайтқым келді. Қашықтан оқып жүрген соң уақытты босқа өткізбейін деп, әскерге бардым. Бірдеңе үйренгім келді", – деді Нұржігіт.
Сондай-ақ ол өзін соққыға жыққан сержант туралы баяндап берді.
"Оның аты Дастан. Негізінде ол рота сержанты болды. Өзі үнемі ашуға булығып жүретін. Сол себепті онымен ешкім араласпайтын. 22 күні түнде ұстамам ұстап қалды. Себебі мен мұндай күнделікті кестеге үйренбеген едім. Ұзақ уақыт жүру, жүгіру стресінен ұстама пайда болды. Содан түнде ұстаманың кесірінен ұйықтай алмадым. Бұл туралы командирлерге шағымдандым. Сосын ол медбикені шақырды. Ол маған "бұл қалыпты жағдай" деді. Дәрі жазып беріп, оны ішкен соң бәрі жақсарды”, – дейді ол.
Нұржігіт сержанттың өзін қалай соққыға жыққанын, жағдайдың қалай болғанын айтты.
“Осыдан кейін, 6-күні, тамағым ауырып, өзімді жайсыз сезіне бастадым. Сол кезде сержанттың жаныма қалай келгенін байқамай қалдым. Кеудеден төмен, өкпеден ұрды. Мен еңкейіп, ыңылдадым. Сосын ол мені бір-екі рет тыныс жолымнан ұрды. Осыдан кейін әскерде жағдайым нашарлай бастады. Жүгіргенде ең соңынан келетін болдым. Бірнеше күн дұрыс тамақтана алмадым. Ол мені өзімен-өзі, жайдан жай ұрды”, – деді ол.

Анасының айтуынша, cарбазды 8 маусымда Қордайдағы ауруханаға әскерилер алып келген. Оған пневмония диагнозы қойылған. Ал Қорғаныс министрлігі әскери қызметкердің бастапқыда медицина орталығына жалпы әлсіздік және дене қызуының көтерілу шағымдарымен жүгінгенін хабарлады.