Арыстанбек Мұхамедиұлының Халықаралық театр күнімен құттықтауы

Жаңалықтар
1237

Құрметті әріптестер! Сіздерді Халықаралық театр күнімен құттықтаймын!

Сіздердің дарындарыңыз бен таланттарыңыздың арқасында театр сахналарында мазмұны бай, мағынасы терең туындылар қойылып, өнерлеріңізге тәнті көрермен саны артып келеді.

Көрермен көңілін нұрға, жүректерін жырға бөлеп, халқымыздың ұлттық құндылықтарын ұлықтап, өнер сүйгіш ұрпағымызды тәрбиелеу жолындағы игілікті еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер! 

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік, шығармашылық табыстар тілеймін. Ұлтымыздың саф өнерін жандандырып, биік белестерден көріне беріңіздер! 

Мереке құтты болсын!


author

Арыстанбек Мұхамедиұлы

ҒАЛЫМ

Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанның іш...

Жаңалықтар

  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Алматы – б...