13 жастағы оқушыны қатарласы пышақтап тастады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
130

Семейде екі 13 жастағы сыныптас арасында жанжал шығып, оқушылардың бірі екіншісіне 15 рет пышақ сұққан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға сабақтан кейін, мектеп маңында болған. Жанжал кезінде жасөспірім ауыр жарақат алған. Қан көп жоғалтқанына қарамастан, ол өздігінен жақын маңдағы үйге барып, көмек сұраған.

Жарақат алған бала ауруханаға жеткізіліп, оған төрт сағатқа созылған операция жасалды. Дәрігерлер оның құрсақ қуысына пышақ кіргенін және бүйрегі зақымданғанын анықтаған. Қазір жасөспірімнің жағдайы тұрақталып, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Жанжалға қатысқан екінші жасөспірім де жеңіл жарақат алған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілген. Қазір оның үйде ешқайда кетпеу туралы қолхатпен отырғаны хабарланды.

Мектеп мәліметінше, екі бала бір сыныпта оқиды және жақын достар болған. Бұған дейін олардың ешқайсысы есепте тұрмаған. Жанжалдың нақты себебі әзірге белгісіз.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында түнгі уақытта көмек сұрап келген үш баланың...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екібастұзда көпқабатты үйдің ауласында жеңіл көлік алты жастағы баланы қағып, ол оқиға орнында қаза...