Жаттықтырушы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады деген күдікке ілінді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
200

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 жастағы қыз бапкерінің екі жыл бойы өзін қорқытып, зорлық көрсеткенін айтқан.

«Бапкерім екі жыл бойы қорлап, қорқытып келді», – деген кәмелетке толмаған қыз.

Қазір күдікті қамауға алынған. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл жағдай қоғамда балалардың қауіпсіздігі мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесін қайта көтерді.

Белсенділер балалардың құқықтарын қорғауға жауапты мемлекеттік органдардың жұмысына жан-жақты тексеру жүргізіп, міндетін тиісті деңгейде орындамаған лауазымды тұлғаларға заң аясында шара қолдануды сұрап отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Алмат Сақатов айтыскер ақын Мақсат Ақановқа қатысты пікір білдіріп, оны орынсыз сынап, ауыр сө...