Ақмола облысында Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар...
ҚАЗАҚТАРҒА ВИЗА ТЕГІН БЕРІЛЕДІ
Бұдан тура 15 жыл бұрын (04.04.04) "Шет елде тұратын ұлты қазақ адамдарға Қазақстанға келу үшін рәсімделетін виза тегін берілсін (консулдық алымдардан босатылсын)" деген қаулы шықты. Қаулыға қол қойған сол кездегі сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев еді.
2004 жылы сәуір айының ортасында Елбасы Қытайға сапарламақ болатын. Бұл--ҚХР мен шегарамызды бекітуге қол қойысқан Жияң Зымин биліктен кетіп, орнына Ху келген кез. Біздің де қайсы бір бауырымыз айтатындай Астанаға "жәшік-жәшік xат айдайтын" кезіміз. Сондай xатымыздың бірімен танысқан бұрынғы сенатор-сол кездегі Президент әкімжілігінің бөлім бастығы Сабыр Аxметжанұлы телефон шалып: "Хатыңды алып, Қасымжомарт Тоқаевқа кір" деді. Сыртқы Істер Минстрімен келісіп, уақытын белгілеп қойғанын айтты. Сабыр Қасымовты 1997 жылдан білетінбіз. Ол кезде сенатор болатын. Алыстағы ағайынды оралту үшін, соған сай заң-қаулылардың қабылдануы үшін құлшына кірісетін пидайы ұлтшыл азамат. Мұндай мүмкіндіктің біз үшін қаншамасын ұйымдастырды (ол туралы бөлек пос жазамыз).
04. 04. 2004 Таңғы ұшақпен Алматыдан қазіргі Нұр-Сұлтанға ұшып келдім. Аздан соң Министрліктен xабарласып, қабылдау уақытының 14.00 ге өзгергенін айтты.
Кабинетіне кіргенімде министр орнынан тұрып, бертаман келіп, қол берді және жақтаудағы устелге қарама-қарсы отырдық. Шәй алдырды. Мен екі парақтан тұратын 18 түрлі талап жазылған xатты ұсынып жатып, 1997- жылғы Әкім Ысқақ ұсынған баламалы "Халықтың көші-қоны заңына" зор қолдау білдіргені үшін және біздің екі реткі xатымызға (Оның бірін Тұрсынxан Зәкен екеуміз дайындағанбыз) оңды - нәтижелі жауап бергені үшін алғыс айттым (ол xаттар туралы бөлек жазармын). Мен өжет кейіпте сөйледім: ^Ұлтты азаттыққа- бақытқа бастайтын сол ұлттың көсемдері - бүгінде ол міндет Елбасымызға және айналасындағы азаматтарға жүктелуде. Ал, қызмет өтіліңіз бен жұмысыңыздың сипаты сізді мемлекеттік және тұтас ұлттық тұрғы да ойлауға дағдыландырған шын мәніндегі Ұлттық мемлекеттің - ұлттың кадрысыз" дедім. Мен шын көңіліммен айттым (қазір де сол пікірімдемін). Жастық жалын - азат руx, ақын көңіл тасып тұрған кез ғой. Өзімді еркін ұстадым.
Ол кісі сөзіме ыңғайсызданып қалғандай: (мен туралы мәліметі болған) "Guo jiang le, guo jiang le!” деп, қытайша жауап қатты (асыра мақтадыңыз дегені). Мен осы қытай тәмсілінің түп-төркіні туралы бірер ауыз айтып, "білгіштігімді" білдіріп барып, жұмысыма көштім.
Қытайдағы қазақтардың шет елге шығатын паспорты болмауына байланысты отанға оралуы қиындап тұрғанын; Шыңжаңдағы 733 қазақ мектебі жабылғалы жатқанын (2006 жылы толық жабылды), Үрімжідегі консулдықтан виза алудың машақатын, "Көші-қон заңына сай этникалық қазақтарды визалық алымдардан босатуға болатынын" т.с өтініштерімді айтып өттім. Ол кісі ден қойып тыңдап отырды"
Сәлден соң Консулдық департамент төрағасы Алиxан Сянбекұлы Қоңырбаевті шақырып алып (кейін Мәжіліс депутаты болған): Шеттегі қазақтарды визалық алымдардан босатсақ, біздің бюджеттің кіріс бөлігі қанша кемиді? Оны басқаша толтырудың қандай әдісі бар?" деді және одан оңды жауап алды. Сонан соң маған бұрылып: "Талаптарың орынды. Мектептерін мемлекеттік тілге ауыстыру ол мемлекеттің ішкі жұмысы. Қазақтарды визалық алымдардан босату" біздің қолымыздан сол келеді. Басқа сұрақтарыңызды президентке жеткіземін" деді.
Бір жұмадан соң Отанға бет алған барлық қазақ визалық төлемнен босатылды.
2011 жылы Үрімжіде консул болған Қайыржан Кеңесұлынан сұxбат алғанымда "Күніне 350-400 дей қазаққа көп реттік виза беріп жатқанын айтып еді ("Айқын" газетінде жарияланған). Тек Үрімжіде ғана жылына 100 000 нан астам виза қазақтарға тегін берілген деген сөз. Егер әр виза 50$ десек ОСЫ БІР ҚАУЛЫНЫҢ өзі 15 жыл бойына Отанға беттеген ағайынның қалтасында жыл сайын қанша ақша қалдырып отырғанын өзіңіз есептеңіз.
Қасымжомарт Тоқаевті ұлтшыл, мемлекетшіл тұлға деп санаймын. Әр сөзін ойланып айтатын, әр қадамын ақылмен басатын, барлық күш-қуатын ұлттың мақсұтына жұмсайтын адам деп білемін. Өзін үлкен тұлғамен кездестіріп пост жазу тым сүйкімді әдет емес. Отан азат болған күні Елге жеттік. Артта қалған ағайынды оралтуға азды-көпті еңбек еттік. Біраз мекеменің есігін қақтық, біраз кісінің алдына бардық. Жұртқа ұнаса да, ұнамаса да мұндай посттан біразын жазармыз.