Қызылордада бір күнде 10 бала хабар-ошарсыз жоғалып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1926

Қызылордада бір тәулікте жоғалған 10 жасөспірім табылып, ата-анасына табысталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Polisia.kz таратқан ақпарат бойынша, Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері 10 сәуірден бастап өткізіліп жатқан “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында үздіксіз жұмыс атқаруда. Бір тәулікте полицияның “102” арнасына 10 жасөспірімнің хабар-ошарсыз кетуі бойынша өтініштер келіп түскен. Тәртіп сақшылары дереу іздестіру шараларын бастап, қала көлеміндегі барлық полиция күштеріне бағыт-бағдар беріліп, белсенді жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде барлық жасөспірім табылып, аман-есен ата-аналарына тапсырылды. Қала тұрғындары полиция қызметкерлеріне көрсеткен жедел көмегі үшін ризашылықтарын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі. Ювеналды полиция қызметкерлері алдағы уақытта да бала қауіпсіздігі бағытындағы шараларды күшейтіп, қоғаммен бірлесе жұмыс жүргізетіндерін жеткізді. Полиция ата-аналарға, балаға дұрыс қарау заң алдында жауапкершілігі бар екенін ескертеді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан азаматтарына Ресей Федерациясы аумағына кіру үшін қосымша талаптар енгізілді, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасында тау жыныстарының құлауы салдарынан екі ер адам қаза тапты, деп...