Қарағанды облысында өртенген даладан құтқарушының денесі табылды

Фото: qr_tjm

ЖАҢАЛЫҚТАР
4511

Кеше, 6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші мерт болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі бұл ақпаратты растады. Қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Төтенше жағдайлар министрлігі қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында өрт болып, бір ауыл көшірілгенін хабарлаған едік.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Филиппиннің Исабела провинциясында жарылыстан төрт адам, оның ішінде үш бала қаза тапқан. Тағы төрт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің балаларға күш қолданғаны түсірілген видео тарады. Белгіл...