Талғарда ер адам аулада жүрген балаларды пышақтап өлтірмек болды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1558

Талғарда 35 жастағы мас адамның аулада жүрген балаларға пышақ алып жүгірген видеосы тарады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиғаның барысын жергілікті тұрғын телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. 

«Талғарда Абай көшесіндегі аулада ер адам пышақ ұстап, балаларға тап берді. Мен оны аяғынан теуіп құлатып, назарын өзіме аудардым», – делінген жазбада. 

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы тез арада ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қауіптің алдын алу мақсатында ол наркологиялық диспансерге жатқызылды. 

Ер адам ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Полиция азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген әрекетті қатаң бақылауда ұстайтынын және құқық бұзушыларға қарсы жедел шаралар қолданатынын ескертті. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...