Димаш тағы да таң қалдырды

Жаңалықтар
3837

Димаш Құдайбергеннің Өзбекстандағы фан-клубының Инстаграм парақшасында әншінің Ташкент төрінде өнер көрсеткен видеосы жарияланды, деп хабарлайды Мәдениет порталы, ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Өзбекстанда Қазақстан жылының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген әйгілі «Sos d'un terrien en detresse» әнін шырқады. Айта кетсек, ол осы әнімен Қытайдағы «I am singer» байқауының шымылдығын ашып, көршілес елді, онымен бірге әлемді өзіне жалт қаратқан болатын. Әншінің Өзбекстандағы фан-клубының Инстаграм парақшасындағы видеоға жанкүйерлер көптеп пікір қалдырып жатыр. «Не деген керемет орындау! Көрермендер біздің сүйікті әншімізді керемет күтіп алды! Димашқа лайық әдемі сахна!», - деп жазады фанаттарының бірі. 

Димаштың өнер көрсеткенін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бөлісіп, Инстаграм парақшасына «Сегіз қырлы Димаш Құдайберген! Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты. Ташкент 2019» деген жазба қалдырды. Шағын видеода Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев тамсана қол шапалақтап отырғанын көруге болады.

author

​Димаш Құдайберген

ӘНШІ

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...